Бағдарламасы edt 1203 Ежелгі дүние тарихы 5В020300 Тарих мамандығы бойынша


Б.з.д. ІІ – І ғ. басындағы Римнің ішкі тарихы



бет12/17
Дата19.04.2023
өлшемі81,15 Kb.
#84567
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
annotation89479

Б.з.д. ІІ – І ғ. басындағы Римнің ішкі тарихы
Б.з.д. ІІ ғ. 2-ші жартысындағы Рим қоғамында әеуметтік күрестің шиеленісуі. Сицилиядағы алғашқы құлдар көтерілісі. Оның Римдегі сословиелік күрестің шиеленісуіне ықпалы. Аграрлық реформалар жолындағы күрес. Тиберий және Гай Гракхтар. 130-120-шы жж. күрестің нәтижелері. Гай Гракхтың қаза табуынан кейінгі Сенаттың реакциясы. Салт аттылар сотына шектеу қойылуы.
Б.з.д. ІІ ғ. аяғындағы батыс Жерорта теңізіндегі халықаралық жағдай. Югуртин соғысы. Кимврлер мен тевтондар шапқыншылықтары және Гай Марийдің әскери-саяси реформалары. Сицицлиядағы екінші құлдар көтерілісі.
Римде демократиялық қозғалыстың өрістеуі. Апулей Сатурнин мен Главций заңдары және олардың сәтсіздікке ұшырауы. 90-шы жж. Сенат реакциясы. Италик одақтастарға қарсы репрессияның күшеюі. Одақтастар соғысы. Рим азаматтығы құқығының Италия тұрғындарына таралуы. Полистік құрылымдардың дағдарысы.
Б.з.д. І ғ. 80-ші жж. Римдегі азамат соғысы. Римнің Митридатпен алғашқы соғысы. Сулла диктатурасының орнауы. Оның сипаты және Римнің саяси тарихындағы маңызы.


Рим республикасының құлауы

Рим республикасы саяси жүйесінің дағдарысы. Әлеуметтік қайшылықтардың күшеюі


Сулла қайтыс болғаннан кейін әлеуметтік күрестің күшеюі. Серторий және оның Испаниядағы сулландықтарға қарсы күресі. Митридатпен және Армения патшасы – ІІ Тигранмен екінші соғыс. Спартак бастаған Ұлы құлдар көтерілісі. Б.з.д. 70 ж. – 60 ж. басындағы саяси топтардың күресі. Суллаға дейінгі конституцияның қалпына келтірілуі. Помпейдің көтерілуі және оның қарақшылармен күресі. Помпейдің Шығыстағы саясаты. Римдегі б.з.д. 60-шы жылдардағы ішкі саяси күрес және Сервилий Руллдың аграрлық заң жобалары маңайындағы күрес және Катилина бүлігі. 60-жж. Цицеронның саяси қызметі.
Бірінші триумвират. Цезарь консулдығы. Клодий және оның саясаты. 50-ші жж. Сенат және оның саясаты. Цезарьдың Галлияны жаулап алуы және оның экономикалық және саяси салдарлары. Римнің Шығыстағы саясаты. Парфия – Римнің Шығыстағы негізгі қарсыласы. Бірінші триумвираттың құлауы. Цезарь мен Помпей арасындағы азаматтық соғыс. Цезарь диктатурасы.
Цезарь өлгеннен кейінгі азамат соғыстары. Екінші триумвират және проскрипциялар. Антоний мен Октавианның жоғарғы билік жолындағы күресі және олардың саяси бағдарламалары. Октавианды Италия құлиеленушілерінің қолдауы. Акция түбіндегі шайқас. Антонийдің қаза табуы. Египеттің Римге қосылуы. Азамат соғыстарының әлеуметтік-саяси салдары. Полистік жүйенің дағдарысы және рим республикасы құлауының негізгі себептері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет