Бағдарламасы негізінде құрастырылды. ПƏннің ОҚыту бағдарламасы sillabus пəн атауы «Шағын жинақты мектептегі оқыту əдістемесі»



бет32/53
Дата16.10.2023
өлшемі0,51 Mb.
#116053
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   53

Дəріс № 7.


Тақырыбы: .ШЖМ оқытуды жоспарлаудың ерекшеліктері.
Мақсаты: ШЖМ жоспарлау туралы түсінік қалыптастыру.
Тірек ұғымдар: жоспарлау, жоспардың ерекшелігі, оқушылардың тез шаршауы.

Дəрістің мазмұны:


  1. Өзіндік жұмыс сабақтың мазмұны мен оның негізгі компоненті ретінде.

  2. ШЖМ басқада сабақтың компоненттері.

  3. Сабақтағы қарым-қатынас түрі.

Оқытуды ұйымдастырудың формалары – белгілі бір тəртіпте жəне режимде жүзеге асырылатын, мұғалім мен оқушылардың келісілген іс-əрекетінің сыртқы көрінісі. Олар əлеуметтік шартталған, дидактикалық жүйелердің дамуымен байланысты пайда болады жəне жетілдіріледі.
Оқытудың ұйымдастыру формалары əр түрлі өлшемдер бойынша классификацияланады:

  • оқушылардың санына қарай: бұқаралық, ұжымдық, топтық, шағын топтық, жекелік;

  • оқу орнына қарай: мектептік жəне мектептен тыс формалар;

  • мектептік оқыту формалары: сабақтар, шеберханада, мектеп жанындағы тəжірибе участкісінде, лабораториядағы т.б. жұмыс;

  • оқыту уақытының ұзақтығына қарай; сыныптағы сабақ /45 минут/, қосарланған сабақ

/90 минут/, əр түрлі ұзақтықтағы сабақтар.
Мектептік даму тарихында əр түрлі оқыту жүйесінде бір басым оқыту формасы қолданылды: жекелік-топтық /орта ғасыр мектептерінде/, өзара оқыту /Англиядағы белланкастер жүйесі/, оқушылардың қабілетіне қарай саралап оқыту /мангеймдік жүйе/, бригадалық оқыту /совет мектебінің 20-шы жылдары/, американдық «Трамп жоспары», онда уақыттың 40% үлкен топтарда /100-150 адам/, 20% - кіші топтарда, жəне 40% дербес оқуға бөлінді.
Дүние жүзінде ең көп тараған оқытудың сыныптық-сабақтық жүйе болды, ХҮІІғ. пайда болып, міне үш ғасыр бойы дамып келе жатыр. Оның контурын неміс педагогы И.Штурм /1537-1582/ жасады ал, Я.А.Коменский /1592-1670/ оның теориялық негізін салып, практикалық технологиясын жүзеге асырды.
Оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша формалары бар:

    • лекция;

    • семинар;

    • пəндік үйірмелер;

    • топ серуен;

    • факультативтер;

    • кеңес;

    • қосымша сабақтар;

    • үй тапсырмасы;

    • оқытудың жекелік формасы.

Сыныптық-сабақтық форманың ерекшеліктері: шамамен бір жастағы жəне даярлық деңгейі бірдей оқушылардың тұрақты құрамы; əрбір сынып өзінің жылдық жоспарына сəйкес жұмыс істейді /оқытуды жоспарлау/; оқыту процесі жекеленген өзара байланысты, бірінен кейін бірі жүретін бөліктер түрінде /сабақтар/ жүзеге асырылады; əрбір сабақ тек бір пəнге арналады /монизм/; сабақтардың тұрақты түрде ауысып отыруы /сабақ кестесі/; мұғалімнің жетекші ролі /педагогикалық басқару/; оқушылардың танымдық іс-əрекетінде əр қилы түрлерді жəне формаларды қолданады /іс-əрекеттің вариативтілігі/.
Сабақтың құрылымы – оқу міндеттерін орындауға септігін тигізетін сабақтың бөліктерінің, кезеңдерінің өткізілуінің арақатынасы жəне бірізділігі. Оқу сабағының типіне қарай оның белгілі бір құрылымы жасақталды.
Сабақтың негізгі элементтері: сабақтың басталуын ұйымдастыру , оқыған материалдың меңгеруін тексеру, сабақтың мақсаттарын жəне міндеттерін қою, түсіндіру, қайталау, сабақтың нəтижесін шығару, қорытындылау, үй тапсырмасы.
Жаңа білімді меңгеру сабақтарының құрылымы мынадай элементтерден тұрады: сабақтың басталуын ұйымдастыру; сабақтың мақсаттары жəне міндеттері; жаңаны түсіндіруге даярлық жұмыс /үй тапсырмасын тексеру, бұрыннан оқығанды қайтадан айту, т.б./; түсіндіру; сабақты қорытындылау жəне үй тапсырмасы. Басты бөлімі – түсіндіру, бекіту қосымша роль атқарады жəне диагностикалық мақсатта өткізеді. Мұғалім оқушылардың жаңа білімді қалай меңгергені туралы ақпарат алады.
Бекіту сабағының құрылымы: сабақтың бастауын ұйымдастыру; сабақтың мақсатын жəне міндеттерін қою; бекіту; қорытындылау жəне үй тапсырмасы. Сабақтың басында əрбір оқушының жұмысқа даярлығын тексеру керек. Мақсатты қою барысында мұғалім негізгі қағидалар мен ережелерді еске салады, себебі олар практикалық оқу іс-əрекетіне негіз болады. Үй тапсырмасын тексеруді бекітумен байланыстырған дұрыс. Сабақтың негізгі бөлімі – практикалық тапсырмалар, проблемдік жағдаяттар мен сұрақтарды шешу, жаттығуларды орындау, дербес жұмыстар. Жаттығуларды дұрыс таңдау үлкен роль атқарады, олардың қиындығы бағдарламаның, стандарттың талабына сай болғаны абзал.
Жалпылау немесе қайталау сабағының құрылымы: сабақтың басталуын ұйымдастыру; сабақтың мақсатын жəне міндетін қою; оқу материалын жалпылау жəне жүйелеу; сабақтың қорытындысы жəне үйге тапсырма. Бұл сабақтың ерекшелігі жəне күрделілігі мынада: оқу материалының шеңберін дəл анықтау, негізгі ұғымды, ережені, идеяны, шебер бөлу, сəйкесті жаттығуларды таңдау. Қайталауда сабақтың тəрбиелеушілік жағына үлкен мəн беріледі. Мұнда оқу материалы көп дəрежеде қызықты фактілермен, оқиғалармен, сезімдермен тығыз байланысты. Бұл сабақтың ерекшелігі мұғалім аз түсіндіреді де көбіне оқушылардың танымдық іс-əрекетін басқарады.
Аралас сабақтың құрылымы: сабақтың басталуын ұйымдастыру; үй тапсырмасын тексеру; сабақтың мақсатын жəне міндеттерін қою; жаңа материалды түсіндіру, бекіту,
қайталау, сабақты қорытындылау жəне үй тапсырмасын беру. Сабақтың бұл типі бүкіл элементтердің бүкіл комбинациясын құрайды. Сабақтың осы типі бастауыш мектепте жиі қолданылады.
Жаңа мемлекеттік стандартқа сай дайындалған бастауыш мектеп бағдарламаларында “Пəнаралық байланыс” деген арнайы бөлім берілген. Математиканы оқыту үдерісінде балалардың білімі мен біліктерін, танымдық қабілеттерін дамыту үшін пəнаралық байланысты жүзеге асыру қажет. “Математика” курсының бағдарламасында: пəнаралық байланыс - “ғылымның əр түрлі салаларының арасында айқын шекара жоқ екендігі жəне олардың бір-бірімен тығыз байланыста болатыны туралы түсініктерді, сондай-ақ, дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыруда табиғат құбылыстарының біртұтастығын, өзара байланысын көрсетуге мүмкіндік туғызады” делінген. Сонда оқушының бір сабақта алған білімі, əсері, ойы, қиялы басқа пəнге келгенде тежеліп қалмай, ары қарай жалғасып, дами түседі, яғни бір пəннен басқа пəндерге көшудің үздіксіздігі қамтамасыз етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет