Алайда Сырдария жағасындағы қалалар үшін Әбілқайырдың немересі Мұхаммед Шайбани ханмен күрес отыз жылдан астам уақытқа созылды. 1470 жылы қыста Қазақ ханы Керей қол бастап Түркістанға шабуыл жасады. Сауран түбінде қазақтардан соққы жеген Мұхаммед Шайбани Бұхараға қашты. Сөйтіп Сырдария жағасындағы Созақ және Сауран қалалары Қазақ хандығының құрамына кірді. Бұрындық хан тұсындағы Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар мен өңірлер үшін күресі және оның барысы, қорытындысы.
Бұрындық ханның қазақ тарихында аты жарқырап көрінген тұсы – XV ғасырдың 70-90 жылдары болды. Бұл жылдар қазақ хандығы үшін күшею, нығаю және қазақ халқының этникалық территориясын біріктіру жолындағы күрес дәуірі еді. Дәуірдегі ең басты оқиғаға көрсетілген жылдар ішіндегі Қазақ хандығының Сыр өңірі үшін Мауреннахрлық билеушілерімен, шайбанилық сұлтандармен және Моғолстан хандарымен жүргізген ұрыстары жатты. Осы ұрыстарда тарих сахнасына қазақ хандарының екінші буыны: Бұрындық, Қасым хандар шығып, қазақ мемлекеттігінің одан әрі күшейіп, нығаюына өз үлестерін қосады. Сыр өңірі үшін болған күрес жылдары Қазақ хандығын Бұрындық хан билеп тұрды. Жәнібек ханның қашан қайтыс болып, Бұрындықтың қай жылдардан бастап билік құра бастағаны белгісіз. Ол туралы ешбір дерек жазбаған. Сыр бойы деп отырғанымыз – Сырдария өзенінің орта ағысы бойындағы жерлер. XIV-XVI ғ.ғ. жазба деректер өңірді Түркістан аймағы деп атайды. Аймақ – ХІ ғасырдан бері Дешті Қыпшақтың ажырамас, құрамдас бөлігі және онымен бірге біртұтас шаруашылық, мәдени, этникалық, діни, тілдік кеңістікті құраған. Тек кей тарихи кезеңдерде Сыр өңірі саяси жағынан Мауреннахрға уақытша қарады. Дешті Қыпшақ пен Мауреннахр билеушілері арасындағы XI-XV ғ.ғ. қарым-қатынастың негізгі нысаны Түркістан аймағы болып саналады. Дәлелді болуы үшін ХІ-ХІІ ғасырлардағы қыпшақ хандығы мен Хорезм мемлекеті, ХІІІ ғасырдағы Орда Ежен ұлысы мен Шағатай ұлысы, Орыс хан мен Ақсақ Темір, Тоқтамыс хан мен Ақсақ Темір, Барақ хан мен Ұлығбек, Әбілқайыр хан мен Ақсақ Темір ұрпақтары арасындағы саяси қатынастарды айтсақ та жетіп жатыр. Саяси қатынастар Қазақ хандығы құрылғаннан кейін де жалғасын тапты. Аймақ үшін күрестің басталуы Бұрындық ханның билігі тұсына сай келеді. Оның қазақ тарихында алатын рөлі де осы Сыр бойы үшін күресте көрінеді. Сыр бойы үшін жүргізілген күрестің себебін айттық, ал басталуына түрткі болған оқиғаға Әбілқайыр ханның немересі Мұхамед Шайбани ханның Мауреннахрдың қол астындағы Түркістан аймағына келіп бекінуі болды. Осы жылдары өзара феодалдық соғыстарды бастан өткеріп жатқан Мауреннахр билеушілерінде Түркістан аймағын қорғайтындай күш жоқ болатын. Сондықтан оларға Қазақ хандығының негізгі жауы – шайбанилық сұлтандарды қазақтарға қарсы қою өте тиімді еді.
Қазақ хандығы Мауреннахр билеушілерінің бұл әрекетіне бірден қарсы шығады. Қыс мезгіліне қарамастан Бұрындық хан бастаған қазақ әскерлері Мұхаммед Шайбани хан бекінген Сығанақ, Сауран және Созақ өңірлерінде ұрысқа түседі. Бірнеше рет болған ұрыстарда жеңіген Шайбани хан қашуға мәжбүр болады. Аймақтың басқа да өңірлерінен айырылу қаупін сезген аймақтың әкімі Мұхаммед Мазид-тархан Шайбани ханды Самарқанға кетуге көндіреді. Осылайша күрестің алғашқы кезеңі Қазақ хандығы үшін сәтті басталып, аймақтың солтүстік өңірлері Қазақ хандығына өтеді. Орны келгенде айта кету керек, бүкіл хандықты Бұрындық басқарып, алғашқы жеңістерге қол жеткізілсе де, деректерде атап өтілгеніндей, Жәнібек хан ұлдары Қасым, Жиренше, Махмұд сұлтандар ерекше көзге түседі. Бұл ұрыстар шамамен алғанда, 1470- жылдардың ортасында өтеді. Ал XV ғасырдың 80-жылдарында Шайбани мен Мауреннахр, билеушілеріне арқа сүйеп, аймаққа тағы да еніп, солтүстік өңірді басып алады. Бұрындық хан және Жәнібек хан ұлдарының қарсы қолданған әрекеттері нәтижесінде Әбілқайыр ханның немересі Түркістан аймағынан кетуге мәжбүр болады. Ал қазақ хандығы болса аймақтың солтүстік өңірін қорғап қана қоймай, аймақтың орталық және оңтүстік өңірлерінде өз ықпалын күшейте бастайды. Негізінен аймақта Жәнібек ханның 9 ұлының ықпал-әсері өседі. Олардың ұлыстары кеңейіп, қалалар мен жақсы қысқы жайылымдар солардың иелігіне көшеді. XV ғасырдың 90-жылдарында Бұрындық хан мен Жәнібек хан ұлдары арасында қайшылықтар туа бастайды. Қайшылықтың негізіне Сыр өңірінде Жәнібек хан ұлдарының ықпалының өсуі мен нығаюы жатыр. Ішкі саяси өмірдегі осы қайшылық сыртқы саясатқа да өз салқындығын тигізеді. Сол себепті де 1493-96 жылдары Түркістан аймағы үшін болған ұрыстар қиын да ауыр, ұзақ болады. Шайбани хан бірде Моғол ханы жағына, бірде Мәуреннахрлық билеушілер жағына шығып, өз бағытын өзгертіп отырады. Тіпті ол негізгі қарсыласы – Бұрындық ханмен де жақындасуға ұмтылады. Жәнібек хан ұлдарымен арадағы қайшылықтың одан әрі шиеленісуі Бұрындықты Шайбани ханмен одақтас еткізеді. Сөйтіп, 1496 жылы үш жылға созылған ұзақ ұрыстардан соң соғысушы жақтар келісімге келеді. Келісімнің қорытындысы бойынша Түркістан аймағы үшке бөлініп, оның солтүстігінде қазақ хандығы, оңтүстігінде Моғолстан, орталығында Шайбани хан билік жүргізуге тиіс болады. Сонымен бірге Бұрындық хан мен Жәнібек хан екеуі арасындағы одақтастықты тереңдету үшін екі қызын шайбанилық екі сұлтанға ұзатады. Мұндай одақтастыққа қарсы Жәнібек хан ұлдары Моғолстан ханымен жақындасып, қарсы одақ құрады. Қасым сұлтанның ағасы Әдік сұлтан Моғол ханының қарындасына үйленеді. Осылайша, қазақ қоғамындағы хандық әулет ішінде бір біріне қарама-қарсы күштер қалыптасады. Бұрындық хан тұсында XV ғасыр соңында Қазақ хандығындағы саяси күштер екіге бөлініп, ол хандықтың сыртқы саяси жағдайына әсерін тигізеді. Бірақ қалыптасқан жағдай Бұрындыққа абырой әкелмейді. Хан ретінде мемлекеттегі барлық саяси күштердің басын қосудың орнына, керісінше олардың бір-біріне қарсы тұруына, ол күштердің бірінде өзі болуы – оның беделінің құлдырауының басы болды. Бұрындық хан өмірінің қайғылы жағы да осында еді. XVI ғасырдың алғашқы 10 жылдығында Бұрындық хан өміріне түбегейлі бетбұрыс әкелген күрделі ірі оқиғалар болып өтті. Ол оқиға тағы да Мұхаммед Шайбани хан есімімен байланысты еді. 1500- жылдың жазында Самарқан тағына келген шайбанилық сұлтан айналасы 3-4 жыл ішінде бүкіл Мауреннахрды біріктіріп, Моғолстанның қол астындағы Ташкентті моғол ханынан тартып алды. Моғол хандары Сұлтан Махмұт пен Сұлтан Ахмет хандар қолға түсіріледі, бірақ Шайбани хан оларды босатып жібереді. Әбден күшейген Мұхаммед Шайбани хан 1505-жылдан 1510-жылға дейін қазақ хандығына қарсы 4 рет жорық ұйымдастырады. Жорықтардың алдына қойған саяси және экономикалық мақсаттарына қазақ хандығын бағындыру не әлсірету және Түркістан аймағын Мауреннахрға қосу жатты. Бұрындық хан дәл осы жорықтар кезінде үлкен қателіктер жіберді деп есептейміз. Оған дәлеліміз мынадай: Алғашқы үш жорық кезінде Бұрындық хан жауға қарсы ешқандай шара қолданбайды. Шайбани хан емін-еркін Жәнібек хан ұлдары: Жаныштың, Тыныштың ұлыстарыын ойрандап, мыңдаған мал-жанды олжалайды. Тіпті 1509-жылдың қысында болған үшінші жорық кезінде, өз ұлысына қарай жау әскерінің келе жатқанынан хабардар болып, ешқандай қарсылық көрсетпей, қашуға мәжбүр болады. Бұрындық ханның шарасыздық ісін, оның әдейі жасаған жоспарлы ойы деп түсінеміз. Жәнібек хан ұлдары неғұрлым әлсіресе, соғұрлым оның күші өсуі тиіс еді. Бірақ бәрі керісінше шықты. 1510-жылдың қысында жау тағы да қазақтарға жорық жасайды. Бұл жолғы жорық бағыты Қасым сұлтан ұлысына қарсы бағытталады. Қасым ресми хан болмаса да, осы жылдары оның беделі Бұрындық ханнан да күшті еді. Қазақ хандығының құрылуы кезінде белсене араласып, одан кейінгі кезеңдерде хандықтың күшеюіне өз үлесін қосқан Бұрындық хан XVI ғасырдың алғашқы жылдарында үлкен, мемлекеттік дәрежеде көрегендік көрсете алмайды. Елдік мүддеден жеке, тар мүддеге көшу оның беделін түсіртті, атақ-абыройын жоғалтты. Қазақ хандығы кезіндегі билер институты.
Қазақ халқының өмірінде билер институтының алар орны мен үлес-салмағы, маңыздылығы айрықша. Өйткені, оның – мемлекеттің саяси және әлеуметтік жағдайын тек әдеттегі құқықпен ғана емес, рухани-мәдени салт-дәстүр негізінде де ұштастыра әрі теңестіре отырып қамтамасыз етуші бірден-бір құрылым ретіндегі рөлі ерекше. Бұл құрылым ол кезде мемлекеттік басқару жүйесімен тығыз астасып жатты. Билер ел, жер, жесір дауын, мал-жан, кәсіп мәселесін түйінді төрт-ақ ауыз сөзбен тындырып отырған. Тындырғанда да хатсыз, қарарсыз, ауызша жүзеге асырып, бітіріп отырған. «Би – әлеуметтік категория ретінде қазақ халқының тарихында ерте заманнан бері қолданылып келе жатыр... Әлеуметтік қатынастардың дамып шиеленісумен бірге, кейде билердің көпшілігі қанаушы таптардың уәкіліне айналған. Билердің әдет-заң нормаларын талқылауда, билік айтуда, ол биліктің орындалу әдістерін белгілеуде кең құқықтары болды. Билер соты Қазан төңкерісіне дейін қылмыстық және азаматтық істердің көпшілігін қарайтын ресми орган болып, құн, барымта, қалың мал, әмеңгерлік, көп әйел алу, т.б. патриархтық кертартпа қалдықтарды қорғап келеді» – деп билердің қоғамдағы рөлін әдейі төмендетіп көрсеткен. Ел басқаруда билердің орны ханнан кем еместігін, тіпті ханның өзін «Билер кеңесі» сайлайтынынан сескенген Ресей империясы Қазақстанды отарлау барысында олардың рөлін шектеп, мүлдем жойып тынды. Ал, қарауындағы бодан елдің күшті хандықтардан тұруы, ондағы билердің кей жағдайда хандардан да беделдері асып тұратындығы Ресей империясының отарлау саясатын ойдағыдай жүзеге асыруына кедергі деп білді. Осы себептен билердің қызметін мүлдем жою көзделді. 1868 жылы қабылданған «Жаңа устав» қазақ даласында сұлтандық пен елді басқарудың ежелден келе жатқан дәстүрлі жүйесін жойды. Солай қазақ даласы ұсақ болыстарға бағынышты болды. Осындай ұсақталған болыстарды, бұрын көсемдігімен, шешендігімен халыққа танылғанда ғана өздігімен би атанатындарды енді халық сайлап, Ресей патшасының еркеше құқықты өкілдері заңдастырып бекітетін болды. Мұндай қадамға бару ғасырлар бойы мінсіз қызмет етіп, тарихтың, қоғамның қалыптасуына олардың бойындағы сан-алуан тума таланттарын біржолата жою еді. Өйткені, енді болыстыққа би – қазылыққа өзінің дара қасиеттерімен би атанғандар емес, пара беру арқылы, халықтың емес, қара басының құлқынын ойлайтын, Ресей патшасы өкілдерінің айтқанын істеп, айдағандармен жүретін дарынсыз, жетесіз мансапқорлар сайланды. Абайдың «Бас-басына би болған өңшең қиқым» деп қынжылуы осы кездің көрінісіне айқын куә. Арғы-бергі ауызша тараған немесе жинақталып қағазға түскен көне шежірелерімізге зер салсақ, бидің тек байлардың ғана арасынан емес, жоқ-жітікті кедейлер арасынан да талай шыққанын, «Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітірген» билер болғанын тарих растайды. Қасым хан тұсында хандық аумағының ұлғаю.
Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы, әсіресе Жәнібектің баласы Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында нығайды. Оның сыртқы саясатындағы негізгі бағытбұрынғысынша Сырдария бойындағы қалаларды өзінеқаратып алу жолындағы күрес болды. Осы арқылы өзінеқарасты қазақ жерін кеңейте түсті. «Тарихи-Рашиди», «Шайбани», т.б. деректемелердегі мәліметтерге қарағанда, Қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандарықазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген. XVІ ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан ұлан-байтаққазақ территориясын өз қол астына қаратты. Бұл кездехандықтың шекарасы Оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, Түркістан аймағындағы қалаларды басып алды. Шығысоңтүстікте оған Жетісу жерінің шеті (Шу, Қаратал, Ілеөзендерінің алабы) қарады. Солтүстік және Шығыссолтүстікте Ұлытау өңірі мен Балқаш көлінен асып, Қарқаралы тау тарамдарына дейін жетті, Батыс солтүстіктеЖайық өзенінің алабын қамтыды. Қасым ханның батыстағытерриториялық иеліктері де ұлғая түсті. Ноғай Ордасы бұлкезде ауыр дағдарысты басынан өткізіп жатқан еді. Ру басшылары, мырзалар, билер билік үшін өзара қарқысуменболды. Әбден қалжыраған Ноғай Ордасы рулары мен тайпаларының бір бөлігі қазақ хандары мен султандарыныңбилігіне бағынып, елінен қазақ хандағына көшіп кетті. Осы кезде Қасым ханның қол астына қараған халықтың саны 1 миллион адамға жеткен. Қазақ хандығының нығаюы және оның күшеюімемлекеттің беделін арттырып, сыртқы саясат пен дипломатиялық қарым- қатынас саласында белгілітабыстарға қол жеткізді. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібір хандығымен және орыс мемлекетіменсауда-саттық және елшілік қарым-қатынас орнатты. Қазақхандары әр дәуірде елдің ішкі-сыртқы жағдайында туылғанөзгерістерге үйлесіп, икемді сыртқы саясат қолданылыпотырды. Қасым хан тұсында қазақтар өз алдына дербес халықретінде Батыс Европаға, Руське еліне мәлім болды. Русьпендипломатиялық байланыс жасалды, ол байланыс осы күндері жалғасып отыр. Қасым хан сыртқы саясат пен біргеішкі саясатты да дұрыс жолға коя білді. Ол феодал ақсүйектердің қарсылығын әлсіретіп, мемлекеттің саяси, экономикалық, әскери қуатын арттырды. Өз тұсында қазақхандығы саяси экономикалық жағынан күшейіп нығайды. Қасым хан мемлекеттің саяси құрылымын нығайту жолындабіраз шараларды жүзеге асырды. Оның тұсындамемлекеттің ең жоғарғы заң шығарушы органы Маслихат-султандар мен ру басшыларының съезі. Маслихат жылынабір рет шақырылып, мемлекеттің ең маңызды - соғысжариялау, бітім жасау, жайылым жерлерді бөлісу, көшіп-қону жолдарын айқындау сияқты мәселерді қарады. Маслихаттың Шыңғыс хан әулетінен хан сайлау құқысыболды. Маслихат жұмысына тек ерлер ғана қатыса алды. Мемлекеттегі бүкіл билік хан қолында, сонымен бірге заңқабылдау, жарлық беріп отыруға құқысы болған. Ханныңжанында неғұрлым беделді билер мен қауым ассоциация өкілдерінен тұратын Кеңесші ұйым- Билер Кеңесі болып, ханның іс-қағаздарын жүргізіп отыратын, хатшылары мен кеңсесі болды. Бір ескеретін жәй, мемлекеттің орталықаппаратының тұрақты бір жерде жұмыс істейтін орныболған жоқ, сондықтан ханмен бірге көшіп-қонып жүрді. Қасым хан өзі билік жүргізген жылдары қазаққоғамындағы құқық-нормаларды реттеу мақсатыменалғашқы қазақ заңы- «Қасқа жолды» жарыққа шығарды. Бұлзаң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдеп-ғұрыпережелері негізінде жасалды. Бұл заң сол кезде мұсылманелдерінде жаппай қолданылып жүрген ислам дінінің(шариғат) заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімдібайырғы заң болды. Билердің кеңесінде көппен ақылдасып, «Жарғы ережелеріне («ақсақалдар ережесі», «ата-баба жолы», «жөн-жосықтар») мәнді өзгерістер енгізеді. Халықбұқарасы Қасым ханның ежелден қалыптасқан билер заңы- жарғыны жаңадан көтергенін ұнатып, оны «Қасым ханныңқасқа жолы» деп атап кеткен. Бұрынғы заң-қағидаларғаенгізген ережелері :