Тәуке хан (1680-1715 жж.) билік еткен жылдары қазақ хандығы орталықтандырылған мелмекет болып қала берді. Қазақ хандығында бейбіт өмір орнады, заңдар қатаң сақталды, тайпалар арасындағы алауыздык азайды. Шиеленіскен ірі даулар мен айтыс тартыстар беделді билердің тікелей араласуымен шешіліп отырды. Барымта-қарымта, жайылымдар мен су көздерін бөлісу жөніндегі алауыздықтар мейлінше азайды. Қазақтың әскери жауынгерлік кабілеті күшейді. Ішкі бірліктің арқасында елдің орасан зор аумағының тұтастығы сақталды. Қазақтар солтүстігінде орыстардың Тара қаласынан бастап, оңтүстігінде Ташкент қаласына дейінгі, батысында Жайық (Орал) өзенінен бастап, шығысында Ертістің орта ағысына дейінгі жерлерді иеленді. Қазақтардың Еділ (Волга) өзені аймағында көшіп-қонып жүрген кездері де болды.XVII ғасырдың аяқ шенінде қазақтардың әдеттегі құқық нормалары бір жүйеге келтіріліп, толықтырылды. Тәуке ханның жасағы 80 мыңға жуық жауынгерден тұрды.Жыл сайын белгілі бір мерзімде Күлтөбеде үш жүздің басын қосқан жиын өткізіп тұрды.Атақты ханның ордасы орналасқан қала қасиетті Түркістан болды.Қазақтар Сырдария өзенінің өңірінде 32 қалаға иелік етіп, басқарып отырды.Тарихшы ғалымдар Тәуке хан билік құрған уақыттыҚазақ хандығының «алтын ғасыры» деп бекер атамаған.Атақты орыс тарихшысы А.И. Левшин осы билеуші туралы былай деп жазады: «Ол тайпаларды өліспей беріспейтін алауыздықтан арылтты, олардың арасындағы бірнеше жылга созылған қанды қырғын сойқанды тоқтатты, ол өзгелердің бәрін де асқан ақыл-парасатымен, қара қылды қақ жарған әділеттілігімен өзіне бағындыра білді».Тәуке хан қазақ тарихында «Әз Тәуке», «адамзаттың данасы» деген атпен қалды.Ол хандық билігін күшейтуге бағытталған ірі өзгерістер жасады. Тәуке өзінің саясатын феодал билер мен шонжарларға, батырларға сүйеніп жүргізді. «Xалық кеңесі» мен «Билер кеңесін» тұрақты орган ретінде қалыптастырып, олардың рөлін арттырды. Тәуке хан билік құрған кезде тұжырымдалған заңдар «Жеті жарғы» деген атпен мәлім, мұның өзі сөзбе-сөз алғанда «жеті ереже» деген сөз. «Жеті жарғыға» әкімшілік, қылмыстық істер, азаматтық құқық нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы