Бағдарламасы негізіндегі 2022-2023 ОҚу жылына арналған мемлекеттік емтихан сұРАҚтарының тізімі


Түптеп келгенде, олардың барлығы да Қазақстан мемлекеттігінің қалыптасуын бейнелейді



бет17/51
Дата14.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#107669
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51
Байланысты:
Тарих Гос

Түптеп келгенде, олардың барлығы да Қазақстан мемлекеттігінің қалыптасуын бейнелейді.


Жалпы біздің мемлекеттің қаз түруы мен дамуы уақыт бойынша үздіксіз де үзілмейтін жағдаят. Өйткені қола дәуірдің басында пайда болған еуразиялық далалықтардың тарихы мен мәдениетіндегі бірлік пен сабақтастық жоғалған жоқ, тек қана көнетүркілік дәуірдің тууына орай жаңа этностық реңдерге ие болды.


Көптеген өзге халықтар сияқты, қазақтардың арғы аталары өздерінің жалпы мемлекеттігіне біздің дәуірдің орта ғасырларында келді. Қазақ мемлекеттану пәнін зерделеу түрғысынан алғанда, Қазақстан Республикасының егемендігінің бой көтеруі тұрғысынан алғанда қазақтардың бірнеше мың жылдықтарға созылатын ұлттық мемлекеттігі тарихын төрт дөуірге бөлуге болады:


Қазақтардың арғы аталары - далалықтардың бірлескен тіршілігін потестарлық тұрғыда ұйымдастыру дәуірі. Бұл жерде далалықтардың табиғи қоғамдастықтарының ұйымдастырылуын айтып отырмыз;


Қазақ мемлекеттігінің әулеттік (династиялық) дәуірі;


Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздікке конституциялық даму жолымен жақындау дәуірі,


Қазақстан Республикасының әлемдік қоғамдастықта тәуелсіз мемлекеттік даму дәуірі.

  1. XVII ғ. екінші жартысындағы қазақ-жонғар қатынастарының сипаттамасы.

Жоңғар деп ХVІ-ХVІІ ғасырларда Ертістің жоғарғы ағысы, Алтай тауларының етегін мекендеген батыс монғол тайпаларының одағын атайды. «Жоңғар» сөзі қазақшаға аударғанда «Сол қол» дегенді білдіреді және бастапқыда осы одақтағы басты тайпалардың бірі — чоростар мен ішінара дүрбіттердің атына ғана қатысты болды. Шын мәнінде бұл одаққа азды-көпті торғауыттар мен хошоуыттар да кірді. Орталық Азияның түркі тектес халықтары бұл тайпаларды «қалмақ» терминімен атайды. Ал орысша атауы «калмык». Қытай деректерінде оларды «элют» деп те атайды. Батыс монғол тайпаларының шын атауы «ойрат» немесе «дүрбіт-ойрат» — төрт тайпаның одағы дегенді білдіреді.
Жоғарлардың күшеюі чоростардың билеушісі Батурдың билікке келуімен байланысты, ол ойрат көсемдерінің ішінде алғашқы болып «қонтайшы» титулын алды. 1635 жылы оған Тарбағатай аймағында Ұлан-Урга елді мекенінде ойрат тайпаларының көсемдерін құрылтайға жинауға мүмкіндік туды, онда «Дала ережесі» (Цааджин бичиг) деп аталатын заң қабылдады. 1635 жылғы қалмақ ақсүйектерінің құрылтайынан соң Қазақ хандығының шығыс шекарасына шапқыншылықтар жиілеп кетті.
Жоңғарлар қазақтардың солтүстіктегі далаларына белсенді түрде жылжи түсті, ХVІІ ғасырдың 30-40 жылдарының өзінде-ақ Ертіс өзені мен Балқаш көлінің арасындағы аумақ іс жүзінде жоңғарлардың бақылауында болды. Ертіс өзенінің жоғарғы ағысында қонтайшының ордасы орналасты. Қазақ хандығына жоңғар шапқыншылықтарының жаңа толқыны Галдан-Бошохту ханның есімімен байланысты.
ХVІІ ғасырдың 80-жылдары қазақтарды жоңғарлар Жетісудан ығыстырып шығарды. Қазақтар мұнда отырықшы орталықтарын, құнарлы жайылымдарын жоғалтты. Қазақстанның оңтүстігі ойраттарды қатты қызықтырды. Орталық Азияның тарихындағы көне кезеңнің өзінде бұл аймақта орасан көп қалалар пайда болды, олар көшпелі және отырықшы тайпалар сауда байланыстарының орталықтары болатын.
Тараз, Сайрам, Отырар, Түркістан және тағы басқа қалалар Сарыарқаның көшпелі тайпалары үшін игілік көзі еді. Қарапайым тұрмысқа қажетті бұйымдардан бастап, матаға дейін осы қалалардан сатып алынатын. Бұл отырықшы өңірге саяси үстемдік оларға билік құрылымдарының қалыпты жұмыс істеуіне қажетті алым-салықтарды жинауға мүмкіндік берді.
1717-1718 жылдары жоңғарлардың қазақ хандығына басып кіруі ішкі қайшылықтарға әкеп соқты. 1718 жылы жоңғарлар Жетісудан өтіп, Арыс, Бөген, Шаян өзендеріне дейін жорыққа шықты, басты мақсаты хан орталығы Түркістанды жаулап алу еді.
1722 жылдың аяғында Қытайдың маньчжурлік билеушілерімен бейбіт келісімге келген жоңғарлар 1723 жылы көктемде Қазақстанға жойқын шабуыл жасауды жоспарлады. Бұл жорық қазақ халқының тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен қалды.
1723 жылы Жоңғар шабуылының нәтижесінде қазақ тайпалары өздерінің ғасырлар бойы мекендеген жерлерінен кетуге мәжбүр болды, халық аштықтан қырылды. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» — адамдар жаяу жүргеннен табандары қажалған, көлдің жағасында әл-күштері жоқ, құлап, шаршаған деген мағынада сөз қалған. Осы кезде қазақтың зарлы «Елім-ай» әні дүниеге келді.
ХVІІ ғасырдың аяғы — ХVІІІ ғасырдың басында хандықтың ішкі саяси жағдайы өте ауыр болды. Тәуке хан өлгеннен кейін жоғарғы билікті басқаратын лайықты адам болған жоқ. Қайып хан мен Әбілқайыр ханның жоңғарларға қарсы күресі нәтижесіз аяқталды. Екі билеушінің арасында қайшылықтар мен келіспеушіліктер орын алды. Сондай-ақ, хандардың орталықтанған мемлекет құру, ұлыстар мен жүздерді біріктіру жөніндегі ойлары жүзеге аспады.

  1. Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығы. Орбұлақ шайқасы.

Жәңгір хан (1610—1652) — 1643–1652 жылдары билік құрған қазақ ханы, Есім ханның ұлы. Ол хан тағына Есім хан өмірден өткен соң отырды. Жәңгір хан бойы аласа, бірақ толық денелі кісі болған. Сондықтан да халық оны "Салқам Жәңгір" атап кеткен. Оның тұсында Батыр қонтайшы басқарып тұрған жоңғар-ойраттардың күшеюі байқалды. Олар Қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасап тұрды.
Орбұлақ шайқасы – қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғысындағы алғашқы бетбұрысты оқиғалардың бірі. Бұл шайқас 1643 жылдың жазында Қазақ хандығының қолын басқарған Жәңгір Хан мен жоңғар қолын басқарған Батыр Қонтайшы арасында өтті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет