1886 жылы 2 маусымда "Түркістан өлкесін басқару туралы Ереже" қабылданды. Сырдария, Ферғана, Самарқан облыстары кірді. Сырдария облысы Әмудария бөлімі мен 5 уезд құрамын кірді. "Түркістан өлкесін басқару әскери министрліктің қарамағында болады" делінген. Әкімшілік құрылысы бас басқарма мен жергілікті басқармалардан тұрды. Түркістан өлкесінің бас басқармасы генерал-губернаторға сеніп тапсырылды. Бас басқарма мемлекеттік құрылыс жұмыстары, сауданы ұйымдастыру, несие операцияларын бекіту, саяси жағынан күмән туғызатын түземдіктерді жер аудару сияқты міндеттерді атқарды. 1886—1891 жылғы реформаларда жергілікті басқаруға ерекше мән берілді. Олар отырықшы түземдіктерді басқару және көшпелі қазақтарды басқару деп аталды Жергілікті басқару мынандай бөліктерден тұрды: - облыстық, - уездік, - болыстық, - ауылдық. Мұндай бөлшектеу патша үкіметінің қазақ еңбекшілерін отарлық құлдықта ұстауын жеңілдетті. Барлық басқару аппаратын әскери-полицейлік функциямен қамтамасыз өте отырып, жоғары отаршыл әкімшіліктің қатаң қадағалауында болды. Осылайша жаңа отарлау реформасының құрылысын жасауда әр түрлі облыстарға, уездерге бөлшектеу арқылы қазақ халқының саяси жағынан бірігуін болдырмау, әскери және азаматтық бүкіл биліктің бір әскери ведомствоның қолында болуы көзделді. Бөкей ордасының (Ішкі Орда) құрылуы: басқару жүйесінің ерекшеліктері, аумақтары. Жәңгір ханның ағартушылық саясаты.
Ішкі Қазақ Ордасы (Бөкей Ордасы) — Ресей империясының вассалы ретінде Еділ мен Жайық аралығында 1801 ж. құрылған. Бөкей Ордасы — қазақтардың және әлемдегі ең сөңғы Шыңғысхан ұрпақтарымен меңгерілген мемлекеттік құрылым.Хандық сұлтан Бөкей Нұралыұлының есімімен аталды.Бөкей Ордасы Еділ мен Жайықтың аралығында орналасқан. Солтүстікте Самар губерниясы, шығыста — Орал облысы, оңтүстікте Каспий теңізі батыс жағында — Астарахан губерниясының Царёв, Енотаев және Краснояр уездері. Жер көлемі — 92 144 5 km2 19 ғ. аяғында Астархан меже бөлімі бойынша — 77 624 km2. Орда өңірініңдегі дала көпшілігі құмды мен сазды жерден тұрады. Орданың солтүстігінде бірде жалғыз, бірде топтасқан обалар бар, соңғысында әдетте ортасында біреуі ірілеу болады. Ең ірілердің шеңбер диаметрі 30 m шамасына жетеді. Бұл обалар мола екенін қазба жұмыстар дәлелдеді, соның ішінде адам мәйітінен басқа дүние-мүлік табылған, ал кейбіреулерінде зертасты кірпіш қалауы бар. Бос жатқан [1801 жылы Нұралы ханның екінші ұлы Бөкей сұлтан Орыс патшасына Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы атамекеніне көшіп-қоныстануға рұқсат сұраған өтініш жолдайды. Ресей императоры Павел I Бөкей сұлтанның өтінішін қабыл алып, 1801 ж. наурызыдың 11 былай деген рескриптісін (жарлық) шығарады: Қырғыз-Қайсақ Кіші ордасының Хан кеңесінің төрағасы Бөкей сұлтан Нұралы хан ұлын өзіме ризашылықпен қабылдаймын, өзі қалаған жеріне көшіп жүруіне рұқсат етемін және менің рахым етуімнің белгісі ретінде қара лентамен мойынға тағатын өз суретім бар алтын медаль тағайындаймын. Сол жылдың күзінде Бөкей сұлтан өзіне қарасты 5 мың түтін ауылымен Жайықтың ішкі бетіне көшіп-қоныстанады. Тарихта Ішкі Қазақ немесе Бөкей ордасы аталған өлкенің іргесі осылай қаланады. Бөкей хандығы Ресей үшін мал, ет, жүнмен жабдықтаушы болды. Хандықта ақша-тауар қатынасының дамуы қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымының өзгеруіне, рулық-қауымдық шаруашылықтың қалдықтарын жоюға ықпал етті. Бөкей хандығы құрылуының алғашқы жылдарынан бастап шұрайлы тәуір жайылымды жерлерде хан өз туыстары мен хан сарайындағы ақсүйектерге бөліп берді. Өйткені Бөкейдің — Ішкі орданың хандары тақты ұзақ ұстап отыра алмайтындарын түсінді. Жәңгір өз қоластындағы халқының денсаулығына да үлкен көңіл бөліп отырған. 1825 ж. С. Жәнібеков деген қазақты шешекке қарсы екпе жұмысын жүргізуді үйрену үшін оқуға жібереді. 1826 ж. бастап Ордада шешек ауруына қарсы екпе жұмыстары жүргізіледі. 1832 ж. Жәңгір ханның шақыртуымен Хан ставкасына дәрігер А.А. Сергачев келеді. Кейін 1839 ж. тұңғыш дәріхана ашылады. Осы кезеңдерде Ордада В.Ф. Евланов, Пупорев, т. б. дәрігерлер қызмет атқарады. 1852 ж. Ордада 16 кереуеттік қоғамдық аурухана ашылады. Бүл аурухана күні бүгінге дейін сақталып, халыққа қалтқысыз қызмет етіп келе жатыр. 1832 ж. хан Жәңгір халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, сауда-саттық саласын дамытып, жолға қою мақсатында жәрмеңке ұйымдастырады. Жәрмеңке көктем және күз айларында өткізіліп, оған Ресейдің Сарытау, Мәскеу, Нижний Новгород, т.б. губернияларынан саудагерлер келген. 1846 ж. көктемгі жәрмеңкеге 3883 адам қатысса, 1851 ж. тауар айналымы 1,5 миллион күміс ақша құраған. ХІХ ғ. 60-90 жылдарындағы көші-қон мәселесі.
XIX ғасырдың 60-90-жылдарында жургізілген әкімшілік реформалар қазақтардың жерін түгелдей мемлекеттің меншігі деп жариялады. Ол реформалар Қазақстанды шаруалар арқылы кең көлемде отарлап алуга берік негіз қалады. Орыс шаруаларын ішкі Ресейден жаппай қоныс аудар- ту көп жағдайда қазақтарды ежелгі атамекенінен, қонысынан қуу және ең қунарлы жерлерін куштеп тартып алу арқылы жузеге асырылды. 1. Шаруаларды Қазақстан аумағына жаппай қоныс аударту себептері. Егер XIX ғасырдың ортасына дейін Қазақстанға көбінесе Ресейден әскери топ пен казактар ғана қоныс аударып келсе, ғасырдың екінші жартысы- нан бастап жағдай түбегейлі өзгерді. Ресей шаруала- рын қазақ даласына бұрын-соңды болып көрмеген кең көлемде жаппай қоныс аударту ісі мемлекеттік тұрғыда қолға алынды. Мұның бірқатар себептері болды. Біріншіден, 1861 жылы Ресейде ша- руаларды крепостниктік, яғни басыбайлы езгіде ұстау жойылды. Шаруа- лар басыбайлы тәуелділіктен құтылды. Бірақ олар жерсіз қалды немесе ұлтарақтай шағын ғана ие болды. Мұның өзі шаруалардың толқуын туғызды. Патша үкіметі шаруалар бүліншілігінің өрши түсуін болдырмау үшін оларды Қазақстан мен аумағына жаппай қоныс аударту шарала- рын ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдады. Екіншіден, Ресей империя- сы қоныс аударушы шаруалар есебінен қазақ өлкесінің аумағында өзінің сенімді тірегін қалыптастыруды мақсат етті. Үшіншіден, патша үкіметі орыс шаруаларын жаппай қоныс аударту арқылы қазақтарды егіншілікпен отырықшы өмір салтына көшіруді ойлады. Өйткені он- дай жағдайда қыруар көп жер босап қалып, жергілікті халықты қатаң бақылауда ұстаудың тамаша мүмкіндігі туар еді. Төртіншіден, патша үкіметінің жергілікті халықты христиан дініне енгізу және орыстандыру жөнінде арам пиғылы да болатын. Бесіншіден, қоныс аударушы шаруалар Қазақстанды орыс империясының сарқылмас мол астығы бар алып қоймасына айналдыруы тиіс деп үміттенді. Өлкені казактар арқылы отарлау экономикалық тұрғыдан ойдағы- дай оңды нәтиже бермеді. Казактар өлкедегі әскери гарнизондар мен шенеуніктер тобының өзін де азық-түлікпен жартымды қамтамасыз ете алған жоқ. Оның үстіне, Ресейдің ол жақта қалған жерсіз шаруаларын жаңа жерде емін-еркін тамаша өмір сүруге болады екен деген хабарлар мен хаттар еліктіре елеңдетті. Мұның өзі орыс шаруаларын одан сайын жаппай қоныс аударуға қызықтыра түсті. Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттарының қазақтың жайылымдық жерлерінің талан-таражға салынуы туралы пікірлері.
І және ІІ Думаның (1906, 1907 жж.) қазақ депутаттарының алдында тұрған ең маңызды міндет – жер-аграрлық мәселе болды. Атап айтқанда, біріншіден, Ресейдің ішкі еуропалық гүбернелерінен миллиондаған жерсіз орыс және украин шаруасын (мұжығын – С.А.) қазақ даласынан жер үлесін беріп қоныстандыру саясатын Думаның қадағалауына алдырып, оны заң жүзінде тоқтату, екіншіден, «Қарқаралы құзырхатының» 4-тармағында жазылғандай, қазақ халқына ата-бадан мұраға қалған төл жерін Дума қабылдайтын заң жүзінде меншігіне рәсімдеп беру. «Қазақтар өзі отырған жерін ежелден басып алып пайдаланғаны негізінде өзінің меншігі санайды, – деп жазды Ә. Бөкейхан өзі де-факто редакторы болып шығарған «Иртыш» газетінің 1906 жылғы кезекті санында. – Қазақтар көші-қон ісін өз орнына қоя алатын күш табылатын Мемлекеттік Думаға ғана үміт арта алады. Білек күшінің құқы бар кезде, 12, 27 тамыз және 19 қыркүйек жарлықтарына сай шаруаларға сатылуға арналған патша әулетінің меншікті жері, жеке-меншікті жер (дворян-помещиктердің меншікті жері – С.А.), кабинет жері секілді қазақ жері де жекеменшікті дворян жерлерін қорғауға қызмет етеді»