Жан - жақты әскери дайындығы бар жоңғарлар 1710- 1711 ж.ж қазақ жеріне басып кіріп соғыс жүргізеді. Олар 1717 ж. жазда Аягөз өзені жағасында қазақтардың 30 мың жасағын талқандады. Жоңғарлар Ұлы жүзді қырып жойып, Орта жүз, Кіші жүз жерлеріне жетті Халық басы ауған жерге кетті, Ұлы жүзбен орта жүздің қазақтары Самарқан пен Ходжентке қарай шұбырды. Кіші жүз Хиуа мен Бұқараға ағылды. Босқындардың біразы Сырдың сол жағындағы Алакөз маңына топтасты. Қазақтардың жадында «Қайың сауған ақ тышқан жылы» болып айрықша қалған 1723 жылғы жұт та өзіндік роль атқарды. Халық бұл кезеңді «Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама» деп атады Қожаберген жыраудың «Елім – ай» деген қасіретті әні осы кезден қалған. Абылайдың хандық мемлекетіне, қайраткерлік, қолбасшылық, дипломатиялық қызметіне нақты баға берілген А. И. Левшиннің жазбалары – тарихи шындықты жан-жақты ашатын, құнды еңбек. Ол: «Абылай – тәжірибесі, ақыл-айласы жағынан болсын, қол астындағы халқының саны, күші жағынан болсын, сондай-ақ өзінің Ресей патшалығымен, Қытайдың боғдыханымен жүргізген тапқыр, шебер қатынастары жағынан болсын өз тұсындағылардың бәрінен биік еді», дейді. Абылай заманында шырматылып, түйінделген елдік мәселелер аз емес еді. Ел тағдырына төнген қасірет – жоңғарлардың басқыншылық соғысын тойтару ғана емес, көрші ірі мемлекеттер –Ресей мен Қытайдың отарлап, бодандыққа мойын ұсындыру саясатынан амалдап, айла-ақылмен құтылып, дербес ел ретінде тарих сахнасында Қазақ ордасының күш-қуатын таныту еді. Абылайдың 1730-31 жылдары алғаш ұрыстарға араласып, қалмақтың азулы да айбынды батыры Шарыш сияқты қолбасыларын жекпе-жекте жеңіп, жойқын ұрыстың тізгінін қолына батыл алып, ел ішіндегі берекелі бірлік орнатып, мықты әскери дайындық, ақылды да айлалы саясатқа сүйенуі өз жемісін бергені мәлім. Абылай ханның беделі күн өткен сайын арта түсті. Ол кезде Орта және Ұлы жүздің ханы Әбілмәмбет болса да, көптеген мәселені Абылай ханның өзі шешкен. Бұл жағдайдың өзі оның билігінің қаншалықты екенін көрсетеді. 1741 жылы Абылай хан жоңғар қолына тұтқынға түседі. Оны босату үшін қазақтар барлық жүзден өз күштерін жинайды. Кіші жүздің ханы Әбілқайыр, ұлы жүзден Төле би мен Орта жүздің ханы Әбілмәмбет Абылай ханды босатуға тырысты. 1743 жылдың соңында Абылай хан босатылады. Осы уақыт ішінде ол Жоңғария билеушісі Қалдан Серенмен ортақ тіл тауып, тіпті онымен дос бола бастайды. Осылайша қазақтар мен жоңғарлар арасындағы соғыс аяқталатын сияқты көрінуі мүмкін, бірақ 1745 жылы Қалдан Серен күтпеген жерден қайтыс болады. Жоңғарияның ішінде азаматтық соғыс басталады. Жоңғарияның билігіне Лама Доржы келеді, ал оның қарсыластары Даваци мен Әмірсана, Лама Доржыны тақтан құлату үшін Абылай ханнан көмек сұрайды. Абылай хан Давациді қолдап, Лама Доржының орнына Давацидің таққа отыруына көмектеседі. Бірақ Даваци таққа отыра алмады және оның орнына Әмірсана келді.