Ұлы жүзің Ресейге қосылуы — Ұлы жүз руларының Ресей қол астына қарауы. Жетісудың Ілеге дейінгі бөлігі 18-ғасырда Жоңғар билігінде болды. Ол кезде Ұлы жүз ханы Жолбарыстың қол астында Ташкент төңірегіндегі шағын ғана аймақ бар еді. Жолбарыс хан орыс елшісі М.Тевкелевтің Кіпті жүзге келгенін біліп, оған Ресейдің қол астына кірудің шартын анықтау үшін үш старшын аттандырды. Осы кезде Ұлы жүздің атақты билері — Төле би, Қодар би және Сатай, Бөлек, Хангелді батырлар өздерін Ресей азаматтығына қабылдау жөнінде император Анна Иоановнаға жолдама хат жолдады. Олар Әбілқайыр хан мойындаған шарттар негізінде Ресей мемлекетінің құрамына кіруге тілек білдірді. 1834 жылы 20 сәуірде император Анна Иоанновна оларды Ресейдің қол астына қабылдау жөніндегі грамотаға қол қойды. 1842 жылы Ұлы жүз руларының төрт старшыны Ресейдің қол астына қарау жөнінде ант берді. Бұл кезде Жетісудың көптеген бөлігінің Жоңғарлар билігінде болуы Ресейге қосылуға бөгет жасады. Сонымен қатар Қоқан ханы мен Хиуа билеушілері едәуір қарсылық көрсетгі. 1848 жылы сұлтан Сүйік Абылайханов бастаған Ұлы жүз қазақтары өздерін Ресей қол астына алу туралы тілек білдірді. Бір жыл өткен соң патша үкіметі Ұлы жүз қазақтарын Ресей азаматы деп жариялады. Бірақ бұл азаматтыққа Іленің шығыс жағын мекендеген рулар ғана өтті. 1856 жылы Ұлы жүздің Жалайыр, Албан, Дулат, Шапырашты, Ысты тайпалары Ресей азаматтығын қабылдады. 19 ғасырдың 50-жылдарында Ұлы жүздің Оңтүстік Қазақстаңдағы бөлігі Қоқан хандығының қол астында еді. Бұл аймақтарды өзіне қаратып әрі Орта Азиядағы хандықтарды өзіне бағындыру мақсатымен патша үкіметі Ұлы жүздің Оңтүстік Қазақстандағы аймағына екі жақтан — Перовск және Верный қалаларынан жорық бастады (Ұзынагаш шайқасы). 1864 жылы көктемде орыс әскері Әулиеатаны, 1865 жылы Ташкент, Перовскіден шабуылға шыққан орыс әскері Шымқорған, Жөлек бекіністерін алып, Сырдария мен Жетісудағы Ұлы жүз қазақтары түгелдей дерлік Ресей қол астына көшті. Сөйтіп, XIX ғасырдың 30 жылдарынан басталған қазақ елінің Ресей құрамына қосылу процесі – Ұлы жүздің Ресей империясының құрамына енуімен аяқталды. XIX ғасырдың 60 жылдарында қазақ жері түгелдей Ресей империясының отарына айналды. Кіші және Орта жүздер аумағында барлық билік институттарын реформалау және аумақтық-әкімшілік басқару жүйесін енгізу.
Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі хандық басқару жүйесін патша өкіметінін жойып, жаңа билік жүйесін еңгізуі ХVIII ғасырдың өзінде-ақ Орта жүз бен Кіші жүз хандарын патша өкіметі тағайындай бастаған. Олардың ел басқару қызметін жергілікті патша әкімдері бақылап отырды. XIX ғасырдың 20-жылдарында Ресей үкіметі қазақ арасында хандық өкіметті біржола жойып, ел басқарудың жалпы ресейлік тәртібіне жақындатуға кірісті. Бұл шараларды іске асыру Орта жүзден басталды. Уәли хан өлгеннен кейін (1819), «Сібір қазақтары туралы Жарғыға» сәйкес (1822) Орта жүзде хандық билік жойылды. Жүз территориясы сыртқы сегіз округке бөлініп оларды аға сұлтандар басқаратын болды. Жарғы бойынша 50-70 үй бір ауыл, 10-12 ауыл бір болыс, 15-20 болыс бір округ. Ауылды үш жылға сайланатын старшын, ал болысты болыс басқаруға тиіс болды патша үкіметі XVIII ғасырдың аяқ шеніне қарай Кіші жүзде хандық өкіметті жоюға кірісті . Игельстром реформасы Кіші жүзді басқарудың 1786 жылғы Екатирина ІІ қуаттаған жобосы. 1775 жылғы реформаға сәйкес О.А.Игельстром далалық жерлерді жалпы империялық негізде басқару мақсатында Кіші жүзде хандық басқару жүйесін жоюды көздеген жоба ұсынды. Бұл жоба бойынша негізгі билік шекаралық комиссияның орнын басатын шекаралық сотқа берілуі тиіс болды. Оның құрамына патша шенеуніктері мен басқа да жергілікті қауым өкілдері кірді. Орынбор губернатор басқару кеңсесінің бақылауында болатын жаңа әкімшілік органдар – расправалар құрудағы Ресей үкіметінің мақсаты ең алдымен сұлтандарды басқару ісінен шеттету болатын. Расправаларды алғаш құрған кезде көптеген беделді старшындар оның құрамына енуден бас тартты. Сондықтан патша әкімшілігі енді «бас старшын» деген атақ енгізілді. Дегенмен расправалардың Кіші жүзді басқару ісіне араласуына сұлтандар қарсылық білдірді. Ресей үкіметінің Кіші жүзде расправалар құру жолымен хандық билікті жою жөнінде шаралары болмады. Игельстром реформасының сәтсіздікке ұшырауының басты себебінің – дәстүрлі басқару түрін жоюдың алғы шарты қалыптасуында болатын. Расправаларының басқару ісіне араласуына Кіші және Орта жүздердегі ықпалды сұлтандар қарсы шықты, олар Кіші жүздегі хандық билікті қалпына келтіруге ұмты Бұл жоба бойынша негізгі билік шекаралық комиссияның орнын басатын шекаралық сотқа берілуі тиіс болды. Оның құрамына патша шенеуніктері мен басқа да жергілікті қауым өкілдері кірді. Орынбор губернатор басқару кеңсесінің бақылауында болатын жаңа әкімшілік органдар – расправалар құрудағы Ресей үкіметінің мақсаты ең алдымен сұлтандарды басқару ісінен шеттету болатын. Расправаларды алғаш құрған кезде көптеген беделді старшындар оның құрамына енуден бас тартты. Сондықтан патша әкімшілігі енді «бас старшын» деген атақ енгізілді. Дегенмен расправалардың Кіші жүзді басқару ісіне араласуына сұлтандар қарсылық білдірді. Ресей үкіметінің Кіші жүзде расправалар құру жолымен хандық билікті жою жөнінде шаралары болмады. Игельстром реформасының сәтсіздікке ұшырауының басты себебінің – дәстүрлі басқару түрін жоюдың алғы шарты қалыптасуында болатын. Расправаларының басқару ісіне араласуына Кіші және Орта жүздердегі ықпалды сұлтандар қарсы шықты, олар Кіші жүздегі хандық билікті қалпына келтіруге ұмтылды. Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы (1867 ж.) және Орынбор және Батыс Сібір бас үкіметтерінің Дала облыстарын басқару туралы (1868 ж.) уақытша ереженің жүзеге асырылуы.