Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет10/40
Дата23.10.2023
өлшемі0,58 Mb.
#120711
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40
Байланысты:
ҚҚТ құрмалас сөйлем синтаксисі, Ұ.Р.Ержанова, Н.Е.Дүйсенғалиева

2.Талғаулы салалас құрмалас сөйлем
Салаластың бұл түрі А. Байтұрсынұлы еңбегінде «айырыңқы салалас» деп аталған, К.Жұбановтың басқарумен 1936 жылы шығарылған мектеп бағдарламасында «талғама салалас» делінген.
Талғаулы салаластың осы атқа ие болып, мағыналық жағынан да, жасалу жағынан да бір ізге келуі 1939 жылы шығарылған «Қазақ тілінің грамматикасы» атты мектеп оқулығынан басталады.
Талғаулы салалас сөйлемде оның компоненттерінде баяндалған әрекетердің екшеліп, талғанып бірінің ғана болатындығын немесе болу керектігі баяндалады.

10 дәрістің тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық топтары


1.Кезектес салалас құрмалас сөйлем
2.Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем
Терминдер мен анықтамалар
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
1.Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Кезектес салалас сөйлем деген атау тек профессор С.Аманжолов оқулығында ғана кездеседі. Құрмалас сөйлемді зерттеген басқа ғалымдардың ешқайсысы да салалас құрмалас ондай түрі бар деп санаған емес. Бірақ тіл фактілері оның барлығын дәлелдейді.
Кезектес салалас сөйлем деп құрамына енген жай сөйлемдердің мағынасынан байқалатын іс-әректтердің бірінен соң бірі кезектесіп болып отыратындығын білдіретін салалас құрмалас сөйлемді айтамыз.
Кезектес салалас сөйлем компоненттері бір-бірімен бірде, біресе, кейде деген кезектестік мәнді жалғаулықтар арқылы құрмаласады
2.Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем
Түсіндірмелі салалас сөйлем құрмалас сөйлемнің бір түрі ретінде осы оқулықтың 1961 жылы жарық көрген бірінші басылымнан бері қарай ғана есептеліп жүр. Оқулықтың алғашқы басылымында ол «ілектес салалас» деген атаумен аталған еді, бірақ бұл атауда біраз үйлесімсіздіктің барлығы ескеріліп, оқулықтың 1966 жылы шыққан екінші басылымынан бері қарай түсіндірмелі деген атаумен аталып келеді.
Түсіндірмелі салалас сөйлемде бірінші компонент жалпылық мәнде айтыладыда, кейінгі компонентте оның мәні, себептері сараланып ашылады, талданып түсіндірледі

5 практикалық сабақтың тақырыбы:Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық топтары


Тапсырмалар:
1.Салыстырмалы салалас құрмалас сөйлем
2.Талғаулы салалас құрмалас сөйлем
3.Кезектес салалас құрмалас сөйлем
4.Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем
5. К.Жүнісбекова, Ф.Оразбаева, Ә.Ахметов «Қазіргі қазақ тіліне арналған жаттығулар». 143б. 6-жаттығу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет