Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды


Көсемше. Сабақтас құрмаластың бағыныңқы сыңарының баяндауышы қызметінде көсемшенің -ып/-іп/-п жұрнағы мол қатысса, -ғалы/-гелі



бет12/40
Дата23.10.2023
өлшемі0,58 Mb.
#120711
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40
Байланысты:
ҚҚТ құрмалас сөйлем синтаксисі, Ұ.Р.Ержанова, Н.Е.Дүйсенғалиева

Көсемше. Сабақтас құрмаластың бағыныңқы сыңарының баяндауышы қызметінде көсемшенің -ып/-іп/-п жұрнағы мол қатысса, -ғалы/-гелі түрі сиректеу қатысады
Шартты рай. Шартты райлы бағыныңқы сөйлем -са/-се жұрнағы арқылы жасалады. Оның өзі жаққа қатысты айтылып, I, II, ІІІ жақта келеді. Сол сияқты бұл жұрнақты баяндауышқа да, де шылауы тіркесіп күшейту мағынасынбереді.
Есімше. Егер көсемше, шартты райлы етістіктер бағыныңқы сөйлемнің баяңдауышы ретінде сол қалпында немесе тек жақтық көрсеткіш арқылы көрінсе, есімшенің байланыстыру қызметінде өзіндік ерекшеліктер бар.
Қабыса байланысқан сабақтас құрмалас сөйлемнің баяндауыштары -ған/-ген тұлғалы есімшенің атау септігін керек ететін сайын, себепті, кезде т.б. шылаулар арқылы жасалады.
Қимыл есімі. Қимыл есімдері де сабақтас құрмалас сөйлемнің баяндауышы ретінде жұмсалады. Бірақ қимыл есімдері есімше сияқты сол тұлғада бағыныңқы сыңарда жұмсалмайды. Қимыл есімдері бағыныңқы сыңарда үшін, себепті шылаулары арқылы ғана келеді.

6 практикалық сабақтың тақырыбы:Сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық сипаты


Тапсырмалар:
1.Сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық сипаты
2.Сабақтас құрмалас сөйлем компоненттерін байланыстырудағы есімше, көсемше, шартты рай тұлғаларының қызметі.
3. К.Жүнісбекова, Ф.Оразбаева, Ә.Ахметов «Қазіргі қазақ тіліне арналған жаттығулар». 139б. 1-жаттығу.


16-СОӨЖ тақырыбы:Күрделенген жай сөйлем мен сабақтас құрмалас сөйлемдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары
Тапсырмалар: Күрделенген жай сөйлем мен сабақтас құрмалас сөйлемдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын нақтылап көрсету
Есеп беру түрі: конспект
17-СОӨЖ тақырыбы:Компоненттері есімше, көсемше формалары арқылы байланысқан сабақтас құрмалас сөйлемдер
Тапсырмалар: Компоненттері есімше, көсемше формалары арқылы байласықан сабақтас құрмалас сөйлемдерге 10 мысалдан теріп жазып, синтаксистік талдау жасаңыз.
Есеп беру түрі: синтаксистік талдау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет