Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет2/40
Дата23.10.2023
өлшемі0,58 Mb.
#120711
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
ҚҚТ құрмалас сөйлем синтаксисі, Ұ.Р.Ержанова, Н.Е.Дүйсенғалиева

Курстың міндеті:
Курс құрмалас сөйлемдердің ұйымдасу ережелерімен қатар олардың грамматикалық түрлерінің функционалдық бағытын да көрсетуді міндет деп санайды.Қазақ тілі біліміндегі құрмалас сөйлемдер мәселелеріне арналған жаңа зерттеулердің нәтижелері, жалпы тіл біліміндегі теориялық тұжырымдамалар қамтылды.Осы арқылы қоғамдағы әлеуметтік,экономикалық өзгерістер негізінде,қазақ тілінің мемлекеттік статус алуы негізінде туған тілдің функционалдық өрісі,жаңа процестер оқу материалына енгізілді.
Бағдарлама құрмалас сөйлем жүйесін қазіргі қазақ тілі курсының бұрынғы өтілген бөлімдерінің материалдарымен тығыз байланыстырып оқытуды міндет етеді. Өйткені тілдің фонетикалық,лексикалық тұлғалары сөйлемнің грамматикалық, функционалдық тұрпатының қалыптасуына тікелей қатысады. Мұнымен бірге құрмалас сөйлемді таныту психология,информатика пәндерімен байланыста жүзеге асады.
Құрмалас сөйлемдер жүйесі жөніндегі мағлұматтар студенттердің болашақ кәсібін, жұмыс тәжірибесін де ескеріп құралды. Ескерілген талаптың бірі-мағлұматтар қоғамның коммуникативтік міндетіне-оның ауызша,жазбаша сауатты сөйлеу қабілетін қалыптастыру міндетіне сай болды.
Курс теориялық біліммен қатар студенттерге практикалық дағдылар беруді де міндет етеді.Сондықтан лекциялармен қатар семинарлар,лабораториялық жұмыстар түрінде өтетін сабақтар да жүргізіледі.Семинар,лабораториялық жұмыстар студенттерге тіл фактілерін нақты танытып,олардың сөйлеу мәдениетін,жазу сауатын жетілдіру міндет етеді.


Пререквизиттері:



Постреквизиттері:



3. Студенттерге қойылатын талаптар:Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттердің:

  • Синтаксис мәселелері бойынша бұрын-соңды жасалған, тиянақталған зерттеу нәтижелеріжөнінде түсініктері болуы;

  • Сөйлемдерді құрылыстық жағынан талдай білуі;

  • сөйлем мүшелеріне талдау жасай білуі;

  • сөйлемге талдау жасауда практикалық машықтарды иемденуі қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет