1.Құрмалас сөйлем компоненттерін байланыстыратын тәсілдер Құрмалас сөйлем компоненттерінің байланысу тәсілі ретінде баяндауыш формасы, шылаулар, интонация мен орын тәртібі тәсілдері көрсетіледі. Бірақ, қазіргі кездегі зерттеулерде оның саны мұнымен шектелмейтіндігі айтылып жүр. Осыған орай, ғылыми әдебиеттерде қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем компоненттерін байланыстыру тәсілдерін төмендегіше топтастырады:
а) семантика-грамматикалық тәсілдер немесе аналитикалық тәсілдер. Оған мағыналық тұтастық, есімдік, үстеулер, қайталамалар, ықшамдау, ассоциативті синонимдік байланыстар, ассоциативті антонимдік байланыстар, сөйлем мүшелерінің алмасуы;
ә) аналитикалық-синтетикалық тәсілдерге құрмалас сөйлем компоненттерінің шылаулар, орын тәртібі мен интонация тәсілдері арқылы байланысы;
б) грамматикалық (синтетикалық) тәсілдерге құрмалас компоненттерінің баяндауыш формасы арқылы құрмаласуы жатады.
2.Құрмалас сөйлем компоненттерінің орналасу тәртібі Жай сөйлем құрамындағы сөйлем мүшелерінің орналасу тәртібі болатыны сияқты, құрмалас сөйлем компонентінің орналасуында да белгілі қалыптасқан тұрақты заңдылық болады. Егер бұл заңдылық бұзылса, жай сөйлемдердің бір-бірімен байланысы, сөйлемнің құрмаластық қасиеті жойылуымен қатар, оның ұғымы ауырлап, сөйлемдік қасиеті кемиді. Құрмалас сөйлем компоненттерінің орын тәртібін өзгерту нәтижесінде олардың арасындағы мағыналық қатынастың бұзылып, құрмаластық сипаттан айырылатыны жөніндегі пікір бұрыннан қалыптасқан. Бұл пікірді салалас, сабақтас құрмаластар компоненттерінің орын тәртібі жөнінде саралай айтқан Б. Сағындықұлының тұжырымы нақтылай түседі.
№1 практикалық сабақтың тақырыбы: Құрмалас сөйлемдердің сипаты
Тапсырмалар:
1.Құрмалас сөйлем синтаксисінің зерттеу объектісі
2.Құрмалас сөйлемнің қалыптасу жолдары
3.Құрмалас сөйлемнің өзіндік белгілері
4.Құрмалас сөйлем компоненттерін байланыстыратын тәсілдер
5.Құрмалас сөйлем компоненттерінің орналасу тәртібі.
6.«Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі» Т.Ермекова. 24 б. 2-жаттығу; 50.б. 6-жаттығу.