Шалқан
(орыс халық ертегісі)
Баяғы бір заманда шал мен кемпір болыпты. Олардың бақшасы бар екен. Бірде шал шалқан отырғызады. Шалқан үп-үлкен боп өседі. Бір күні шал шалқанды жерден суырып алмақшы болады. Ары тартады, бері тартады. Бірақ шалқанды шығара алмайды.
Шал көмекке кемпірін шақырады. Кемпір шалдан, шал шалқаннанұстап, ары тартады, бері тартады. Бірақ орнынан қозғалта да алмайды.
Кемпір көмекке немере қызын шақырады. Немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Тағы да суырып шығара алмайды.
Немере қызы итін шақырады. Ит қыздың етегінен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Шалқанды суыра алмайды. Енді ит көмекке мысықты шақырады. Мысық иттің құйрығынан, ит қыздың етегінен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары жұлқиды, бері жұлқиды. Шалқан шықпайды.
Мысық болса, тышқанды шақырады. Тышқан келіп мысықтың
құйрығынан, мысық иттен, ит немересінің етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстайды. Олар тарта-тарта ақыры шалқанды суырып шығарады.
(ертегі)
Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шығайын десе, шыға алмайды. Сол кезде бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға келеді. Түлкіні көріп:
-Әй, түлкі батыр, неге апанда отырсың?- деп сұрайды.Түлкі:
-Ой, неғыласың, жаныма рахат тауып тұрмын. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім. Апанның іші әрі салқын, әрі тұбінде тұп-тұнық суы бар екен,- деп жауап береді.
Мұны естіп ешкі:
-Мен де салқын су ішейін,- деп апанға түседі. Түлкі секіріп ешкінің үстіне мінеді. Онан соң мүйізіне шығады. Мүйізінен секіріп қырға шығып, жөніне кетіпті.
«Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» - деген осыдан қалыпты.
Түлкі мен қоян
(ертегі)
Ұзын құлақ сұр қоян қашып келіп, бұта түбінде бұғып жатады. Бір қу түлкі оның ізіне түсіп, жортып келе жатқан.Түлкі ақырын аңдып келедіде, қоянды тарпа бас салып:
Аһа-а, қолға түстің бе, бәлем! – деді.Сол кезде қоян көкке қарап:
О-о, Түке! Құрыдық! Енді екеуміз де өлетін болдық, –деп жылап жібереді.
Ей, не айтып тұрсың? – деді түлкі.
Ойбай- ау! Ана бұлттың арасында екі бүркіт келе жатыр ғой бізге.
«Бүркіт» десе өлердей қорқатын түлкі:
Не дейді мынау!?- деп шошып кетті.
Бүркіт келе жатыр дедім ғой, бүркіт!- деді қоян онан сайын еңіреп.
Түлкі қайтерін білмей, қатты сасып:
Әй, енді не істейміз!? – деді қоянға.
Сіз мына тұрған орманға қашыңыз. Мен оларды осында айналдыра тұрайын.
Түлкі қоянды тастай салып, орманға қарай безіп жөнелді.Қоян қуана секіріп:
Уһ, бір ажалдан қалдым-ау!-деді.
Т. Жексенбай
Достарыңызбен бөлісу: |