Бағдарламасына нұСҚаулық руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и



бет106/152
Дата15.10.2023
өлшемі8,98 Mb.
#115206
түріБағдарламасы
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   152
Байланысты:
Үлгілік оқу бағдарламасына нұсқаулық

Бауырсақ


(орыс халқының ертегісі)
Бір шал мен кемпір болыпты. Бірде шал жалынып:

  • Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші, - дейді.

  • Неден пісірейін? Ұн жоқ қой.

  • Әй, кемпірім-ай! Қойманың түбін қырнап көрсеңші, бауырсақтықұн табылып қалар.

Кемпірі қойма түбін қырып-қырып екі уыс ұн табады да, қаймаққа шылап, қамыр илеп, майға бауырсақ пісіреді. Оны терезенің алдына суытып қояды.
Бауырсақ суып тұрып тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. Домалап келіп терезе алдындағы орындыққа, орындықтан еденге, еденнен дәлізге, дәлізден аулаға, ауладан сыртқа, одан әрі домалай береді, домалай береді.
Бір кезде оған Қоян жолығып:

Әжей қойма қырнаған,Екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған, Пісіріп маймен сылаған, Суытып та сынаған, Бауырсақпын зулаған! Атайдан да құтылдым, Әжейден де құтылдым.Қоян сенен құтылу Қиын емес бұл маған!
Бауырсақ алға қарай домалай жөнеледі, қоян аңырап қала береді.
Бауырсақ орман ішіндегі соқпақпен зымырап бара жатса, қарсы алдынан қасқыр шыға келеді:

  • Бауырсақ! Мен сені жеп қоям!

  • Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.Бауырсақ әндете жөнеледі:

Әжей қойма қырнаған,Екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған, Пісіріп маймен сылаған,Суытып та сынаған, Бауырсақпын зулаған!
Атайдан да құтылдым, Әжейден де құтылдым,Қояннан да сытылдым, Қасқыр, сенен құтылу, Қиын емес бұл маған!
деп, Бауырсақ домалай жөнеледі. Қарсы алдынан қорбаңдап аю шығады.Ол:

  • Әй, Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын! – дейді.

  • Жоқ, сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін, - деп жауап береді Бауырсақ.

Әжей қойма қырнаған,Екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған, Пісіріп маймен сылаған,Суытып та сынаған, Бауырсақпын зулаған!
Атайдан да құтылдым, Әжейден де құтылдым, Қояннан да сытылдым, Қасқырдан да құтылдым,Маймақ, сенен құтылу Қиын емес бұл маған!
Бауырсақ домалай жөнеледі, аю оның ізіне үңіліп қала береді. Бауырсақ зымырап бара жатса, қарсы алдынан түлкі шыға келеді:

  • Амансың ба, Бауырсақ! Көргендерге ұнайды, жүзің қызылшырайлы! Бауырсақ мақтағанға мәз болып, өлеңін айта бастайды. Түлкі болса құмарта тыңдаған боп, қыбырын білдірмей, бауырымен сырғып, оған жақындай береді.

Әжей қойма қырнаған,Екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған, Пісіріп маймен сылаған,Суытып та сынаған, Бауырсақпын зулаған!
Атайдан да құтылдым, Әжейден де құтылдым, Қояннан да сытылдым, Қасқырдан да құтылдым,Аюдан да сытылдым, Түлкі сенен құтылу
Қиын емес бұл маған!
Әдемі өлең екен! – дейді түлкі. – Айналайын-ай, қартайған шағымғой, құлағымның мүкісі бар. Кәне, менің мына тұмсығыма шық та,
өлеңінді тағы бір шырқап жіберші.
Бауырсақ өлеңін мақтағанға мәз болып, түлкінің тұмсығына қарғып шығады да:

  • Әжей қойма қырнаған...– деп өлеңдете бастағанда түлкібауырсақты

«ап» деп бір-ақ асапты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет