Бағдарламасына нұСҚаулық руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и



бет95/152
Дата15.10.2023
өлшемі8,98 Mb.
#115206
түріБағдарламасы
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   152
Байланысты:
Үлгілік оқу бағдарламасына нұсқаулық

Біздің отбасы
Әкем – менің қауыншы, Апам – менің сауыншы, Ағам – менің егінші, Жеңгем – менің тігінші. Атам болса, ол ұста, Бәрі – бәрі жұмыста.
Отырмаймын мен текке. Кеттім мен де мектепке.
А.Сопыбеков

Жұмбақтар

Орақ болып туады,
Табақ болып тынады. (Ай)

Төрінде тұр нұр көзі, Жердің биік күмбезі.(Аспан)

Әлемнің бар екі күзетшісі; Бірі-күндіз тынығады,
Бірі-түнде тынығады. (Күн мен ай)

Үлкен алтын табақтан, Әлемге нұр таратқан.(Күн)

Бейнесі суда дірілдейді, Қармаққа бірақ ілінбейді (Ай)

Алып кілем - Гүлге толы
Үсті кілең. (Жер)

Күндіз білінбейді,
Түнде күлімдейді. (Жұлдыз)

Қоймасын қыс ақтарып, Жерді жапты ақ мамық. (Қар)

Тек өзі көрінбейді, Адамды тоңдырады Ызғары дірілдетіп, Есіңнен тандырады. (Аяз)

Қолы мен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (Аяз)

Суда қалқиды,
Жылыда балқиды. (Мұз)

Еш тесікке тұрмайды,
Ол жоқта жер құрғайды.(Су)

Күннің көзі түйілді, Көкте бұлт үйірілді
Сұйық моншақ шашылып,
Жерге нәр боп құйылды. (Тамшы)

Өртесең де ерімейді,
Не тот басып шірімейді, Өн бойына су сіңбейді.
Ылғал тартып, ірімейді. (Тас)

Шөміші жоқ, Теңізді сапырады, Кебісі жоқ,
Егінді жапырады. (Дауыл)






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет