Төрт түлік пен жануарлар туралы жұмбақтар
Қаймықпайды күшті аңнан,
Қорқады ол тышқаннан. (Піл)
|
Түрі жылқы бейнесі,
Жолақ-жолақ жейдесі. (Зебр)
|
Қара ала тоны бар,
Аңдардың ол краны. Оны сенде танып ал,
Серейіп кеп тұрады. (Жираф)
|
Иір-иір денесі,
Сахараның кемесі, Ащы шөптер тамағы
Шөлге шыдап бағады. (Түйе)
|
Иір мүйіз, Сүйір мүйіз, Ай қабақты, Май бұғақты, Тұла бойы Бұқа мойын,
Бұл қандай түлік,
|
Шырша саясы - күркесі, Өзі орманның еркесі Қарғып жүрер жан-жаққа, Өте құмар жаңғаққа. (Тиін)
Сайқымазақ қулығы бар, Барған жерде ұрлығы бар,
|
Сенде оны біліп ал. (Қошқар)
|
Бұл қандай аң? Ұғып ал. (Түлкі)
|
Сылдырдан қорқады, Шошынып жортады. (Қоян)
|
Қалдырмай баласын бір елі, Қалтаға сап-ап жүреді.(Кенгуру)
|
Еріншекті, Еміншекті, Аямайды шағады,
Мұны кім табады? (Ара)
|
Топырақпен көң астын, Қопарып ем.
Жыбырлаған кен аштым. (Жауынқұрт)
|
Шөп ішінде жүреді, Шақса уын жаяды, Зиянын қоййлар біледі,
Күйсетіп жеп қояды.(Қарақұрт)
|
Тастан салған үйі бар, Қөшіп жүрер асықпай, Қыста ұйықтап бұйығар,
Тамақ іздеп ,ашықпай. (Тасбақа)
|
Сұм жүзді, Құралай көзді, Киікшесекірген, Бура санды,
Жолбарыс тонды. (Құрбақа)
|
Ызыңдап ән салып, Жұп-жұқа қанаты, Тәттіге тамсанып,
Қоқысқа қонады. (Шыбын)
|
Еріксе,
Құйрығымен ойнайды, Зеріксе,
Ұйқыға бір тоймайды. (Мысық)
|
Мұртын сипап күн бойы, Бетін сусыз жуады, Тысырды аңдып түн бойы,
Тышқанды кеп қуады. (Мысық)
|
Сұрғылт тартқан түсі бар
Ақсиған көп итісі бар Тыным таппай жүгіріп, Сілекейі шұбырып, Қыстау маңын ториды,
Ауылдың өш бар иті. (Қасқыр)
|
Адамға серік,
Күзетке берік. (Ит)
Төрт түліктің рэкеті,
Түзде жүрер күзетіп.(Қасқыр)
|
Жер қопарған тісімен, Сескенесің түсінен.(Қабан)
|
Құжынаған жұмыскер, Бірлескенде тым іскер. (Құмырсқа)
|
Үсті толы ине, Бірақ та, іс тігіп,
Қадамайды түйме. (Кірпі)
|
Ешбір бұйым тікпеген,
Үсті толған көк тебен. (Кірпі)
|
Тор тоқуға шебер-ақ, Бірақ киім тікпейді,
|
Денесі бұлтық,
Сырты жасыл түе (Жұлдызқұрт)
|
Өнері де өнер-ақ,
Бірақ ісі бітпейді. (Өрмекші)
|
|
Иір-иір үйі бар, Іші қапас әрі тар, Құлақ тоссаң
Ызыңдаған үні бар, Бұл не, біліп ал. (Ұлу)
|
Сабы жоқ қамшы, Ешкімге ұсынба, Уы бар бір тамшы,
Тілінің ұшында. (Жылан)
|
Үй ішін аралап, Түнде көп жортады, Қаптарды жарып ,
Мысықтан қорқады. (Тышқан)
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |