Құстар туралы жұмбақтар
Жайнаған бақтың әншісі, Тамсанған оған сан кісі. (Бұлбұл)
|
Сайрайды бір талмайды.
Әнші құс бал таңдайлы. (Бұлбұл)
|
Су бетін сызып,
Ақ құман жүр жүзіп. (Аққу)
Имек тұмсық алғыр құс.(Қаршыға)
|
Қауырсыны құлпырған, Мың бояулы гүл тұнған Сайрағанда дауысы,
Әнге бөлер тау ішін. (Тоты)
|
Қиянға қиын небір,
Салатын ұяны, Өткір көзі шегір,
Бүргенін құртар тұяғы. (Бүркіт)
Көк жүзінде жылжып жай, Керуен құрған тізіліп, Ілгек-ілгек шынжырдай,
Қалмайды олар үзіліп. (Тырна)
|
Кеудесі қайқаңдап,
Жүреді байпаңдап. (Қаз)
Бұдыр-бұдыр балшықты, Жинады да талшықты, Ұқсатып қамытқа,
Үй салды жабыққа. (Қарлығаш)
|
Шуға бөлеп жағаны Қанаттарын қағады, Айдын судың түлегі,
Шабақ іліп жүреді. (Шағала)
|
Ағашта болса егер мең, Хабар беріп,морземен,
Тұмсығымен емдейді. (Тоқылдақ)
|
Шұнтиіп қос құлағы, Түнде көрер қырағы.(Үкі)
Шашы жоқ, тарағы бар, Егіні жоқ, орағы бар. (Қораз)
|
Күн шықпай сап аттанды, Қуырады апшыны, Ұйқыда жатқанды, Оятады ащы үні. (Қораз)
|
Өзі кілем түріндей Құдды қырдың гүліндей, Гүлге қонса кетеді,
Айырмасы білінбей. (Көбелек)
|
Ала шапан кигені, Сескенгіш болған соң.
Қыпылықтап жүргені. (Сауысқан)
|
Бірақ сөз біледі Өз аты онысы
Соны айтып жүреді,
Және жоқ қонысы. (Көкек)
|
Талдың басында Жемі бар қасында, Там тұр саялы
Достарға аялы. (Құс ұясы)
|
Су
Су - тіршілік, су - байлық, Бекер төгіп – шашпаймыз. Сусыз өмір болмасын, Үйренгенбіз жастай біз.
Суды үнемдей білеміз, Текке ағызбай жүреміз. Табиғаттың сыйы бұл, Басымызды иеміз.
Қ.Әбілдақызы
|
Боран Уілдейді, гулейді, Көзіңе түк ілмейді.
Ішін тартып, ышқынып,
«Мен күштімін, біл» дейді.
Бірді бірге соғады, Адастырып жолыңнан. Сотқар қыстың бораны, Ермесін де соңынан.
Қ. Әбілдақызы
|
Достарыңызбен бөлісу: |