Қырау «Жапырақсыз жалаңаш Дірдек қағып бақ тұр-ау»
-Деп ойласам, бар ағаш Жамылыпты ақ қырау.
Қар Ақ мақтадай ұлпа қар Жамылыпты қырқалар. Қалың-қалың тон киіп, Маужырайды шыршалар. Ш.Әлдибекұлы
Менғарышкерболамын
Аспан, аспан, арайлым, Саған жиі қараймын.
Сені көзбен шоламын... Мен ғарышкер боламын.
Ж.Смақов Құрылысшы Қолда темір қалағым, Саздан сарай қаладым. Алматыдан аумайтын Әсем қала саламын.
Ш.Садыханов Шахтер Шахтерді ел біледі, Оған сарай – жер асты. Көмір қазып жүреді, Сорғалатып тер ащы.
Бала оқитын зәулім үй Қалмауы үшін суынып, Үйіп көмір тауды ылғи, Береді ол жылылық.
С.Мәуленов
Шекарашы Кең дала, тау, көл, теңіз... Ұлан-байтақ өлкеміз!
Өткізбейді жансызды Шекарашы көкеміз Сыбдырлай ма ну қамыс? Әр дыбыспен ол таныс Ер жеткен соң жасаймыз Ағаларға қолғабыс.
Шекарада солдат тұр, Ел бақытын қорғап тұр. Көңілденсін ағалар,
Амандық хат жолдап тұр.
ТоқашБердияров
Монтерағай Ағай епті қолымен Жүреді ылғи от беріп. Тарам-тарам жолымен Жүгіреді тоқ келіп.
Көшеде, үйде, кеңседе Жүреді ағай шам жағып. Түн ішінде келсе де,
Ол жүрген жер жап-жарық.
МұзафарӘлімбаев
Шофер Жазда, қыста, көктемде, Отырмайды жайланып. Еңбек босқа кеткен бе, Жүреді ылғи бәйге алып.
Тазаламай жатпайды, Киімі болса май тамған. Ауыл біткен мақтайды, Шофер гой деп мақтанып. Е.Ескендіров