Бабушкина О.Н., Соколова Н.А.
КГКП ясли-сад «Куаныш, г. Караганда
Одной из задач коррекционно-воспитательного воздействия является
пополнение, уточнение и активизация словарного запаса детей в процессе режимных
моментов. Возложение на педагога этой задачи, которой, казалось бы, должен
заниматься логопед, связано со спецификой воспитательной деятельности.
Воспитатель присутствует с детьми в самой разнообразной обстановке: в раздевалке,
умывальной комнате, спальне, игровом уголке, на участке и т. п., где имеет наглядную
базу, так необходимую для формирования словаря у детей с общим недоразвитием
речи.
211
Работая с детьми в продолжение всего дня (в отличие от логопеда), воспитатель
имеет возможность многократно активизировать, закреплять новые слова, без чего
невозможно введение их в самостоятельную речь. Подчеркнем, однако, что не вся
словарная работа осуществляется воспитателем, он, как правило, ограничивается лишь
обиходно-бытовой лексикой.
Важно учитывать, что у детей с общим недоразвитием речи снижен
познавательный интерес, поэтому простое, без подготовки называние предметов или
их признаков может оказаться напрасным трудом. В чем же состоит подготовка к
такой работе? Прежде всего необходимо побудить детей слушать и слышать
взрослого, задавая вопросы типа: «Кто больше придумает слов?». «Кто точнее
скажет?», «Кто быстрее ответит?» Кто больше заметит частей?» и т. п. В умывальной
комнате можно предложить детям такое соревнование: кто больше скажет слов о том,
какое мыло, что с ним можно делать, что им можно мыть. На улице, во время прогулки,
можно спросить детей, какое небо, какой снег на участке, какие листья лежат на земле.
Не следует стремиться для таких упражнений каждый раз собирать всю группу.
Достаточно объединить для этой цели 3-5 детей. Главное, чтобы они занимались
добровольно и всегда с интересом.
Следующая задача — контроль над поставленными звуками и грамматической
правильностью речи детей.
Воспитатель внимательно следит за речью детей и исправляет ошибки не только
на занятиях, но и на протяжении всех режимных моментов. Причем важно, чтобы
исправления делались доброжелательно, корректно. Ни в коем случае не следует
передразнивать, высмеивать ребенка. Это может спровоцировать снижение речевой
активности ребенка, вызвать замкнутость, отрицательное отношение к воспитателю, к
обучению в целом.
Манера исправления ошибок детей вне занятий несколько отличается от таковой
во время занятий. Так, во время игр и бытовой деятельности не следует привлекать
внимание детей к ошибкам ребенка. Если во время игры ребенок говорит не
правильно, воспитатель, используя небольшой перерыв в игре, подзывает к себе и
предлагает послушать правильный и неправильный вариант сочетания слов, а затем
спрашивает: «Как лучше сказать?» И только потом просит повторить правильную
фразу.
Если же ошибки встречаются в обращении к воспитателю, то можно реагировать
так:
- Ты же можешь правильно сказать, ну-ка попробуй!
- Я не понимаю тебя. Подумай и скажи правильно.
Для того чтобы дети говорили внятно и с наименьшим количеством фонетических
ошибок, воспитатель как бы задает тон своей четкой, громкой речью.
Процесс «перевоспитания» речи и угасания патологического рефлекса возможен
только при повышенном внимании ребенка к речи окружающих и своей собственной.
Естественно, что такая работа требует от воспитателя терпения, такта, собранности и
постоянной изобретательности.
Развитие внимания и памяти является важной коррекционной задачей. Эти
процессы теснейшим образом связанны с речью. Если у ребенка нарушено внимание,
212
то восприятие речи не может происходить в полном объеме. Из этого следует, что
развитие внимания и памяти положительно сказывается на коррекции речевого
недоразвития. Заниматься этим воспитателю необходимо не только на занятиях, но и
во время некоторых режимных моментов.
Остановимся на играх и упражнениях, которые эффективно развивают внимание
и память детей.
Во время сборов на прогулку можно предложить ребятам посоветовать,
например, что нужно еще надеть, или проверить, все ли правильно в одежде товарищей
и своей собственной (все ли пуговицы застегнуты, повязан шарф, и т. п.). Собираясь
на музыкальное занятие, можно спросить детей: «Кто за кем стоял на прошлом
занятии?», «Кого похвалил музыкальный руководитель?», «Кто лучше всех пел?».
На прогулке можно поиграть с детьми в игру «Летает — не летает». Воспитатель
называет предметы или объекты, которые могут летать. Услышав название такого
объекта, дети, стоя, машут руками. На все другие слова можно предложить детям
приседать.
Еще одно упражнение, которое можно провести на прогулке. Воспитатель просит
детей посмотреть вокруг и назвать все зеленое (деревянное, высокое, белое и т, д.).
Во время игры детей в кукольном уголке воспитатель может подойти, отвлечь их
внимание на какой-то объект (часы, светофор, рыбок, попугая) и незаметно взять и
спрятать две-три игрушки, а по окончанию спросить, чего не хватает в игровом шкафу,
на скамеечке, на ковре и т. д.
Помимо изложенных полезно проводить и традиционные, хорошо известные
воспитателям игры: «Чего нет?», «Что изменилось?», «Чей хвост?», «Что
прибавилось?», «Съедобный — несъедобный?», «Разложи предметы, как я скажу» и т.
д.
Еще одним разделом коррекционной работы воспитателя является развитие
артикуляционной моторики и моторики пальцев рук.
Развитие артикуляционной моторики проводится воспитателем после
аналогичной работы логопеда. Оно осуществляется в течение полутора-двух месяцев
ежедневно.
Опыт показывает, что достаточно 3—5 минут каждодневных упражнений со всей
группой. Их можно проводить перед дневным или вечерним сном, перед обедом или
ужином. Такая артикуляционная гимнастика улучшает произношение детей.
Вне занятий воспитатель предлагает детям, у которых заметны нарушения
пальцевой моторики, собрать мозаику из мелких деталей, поработать с конструктором,
застегнуть и расстегнуть пуговицы по возможности без помощи взрослого, поиграть
на детском пианино, собрать рассыпанные мелкие предметы и т. п.
Полезно, чтобы в группе был оборудован уголок с перечисленными и другими
предметами. Ребенок всегда может выбрать игру или занятие по желанию.
Как отмечалось выше, помимо коррекционного, следующим направлением в
работе воспитателя логопедической группы является общеобразовательное. Оно
включает в себя задачи, поставленные программой массовых детских садов, так как
подавляющее большинство детей с общим недоразвитием речи выпускается из
специальных групп в общеобразовательные школы.
213
Итак, общеобразовательное направление включает:
- обучение по всем разделам программы массового детского сада (кроме
раздела «Развитие речи»);
- воспитание в соответствии с программой массового детского сада;
- работу с родителями.
Эти задачи воспитатель осуществляет самостоятельно, однако и здесь ему
необходима некоторая помощь логопеда.
Список используемой литературы:
1.Государственный общеобразовательный стандарт РК
2.Программа «Біз мектепке барамыз»,
3.Идилова Т.С., Попова Т.И. Развитие речи. - Алматыкітап, 2006.
4.Беженова М.А. Развитие речи дошкольников. - «Издательство Сталкер», 2000г.
5.Жукова Н. С. Преодоление недоразвития речи у детей. — М., 1994.
6.Клюева Н.В., Касаткина Ю.В.. Учим детей общению - Академия развития, 1996.
ОЙЫН – БАЛАНЫҢ ТІЛІН ДАМЫТЫП, ОЙ-ӨРІСІН АРТТЫРАДЫ.
А.Ж.Бакирова, Л.А.Касенова
Қарағанды қаласы, «Қуаныш» балабақшасы
«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін
дамытады ойынсыз ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкін емес».
В.А. Сухомлинский.
Қазақстан Республикасының Бiлiм туралы заңында: «Бiлiм беру жүйесiнiң басты
мiндеттерiне: бiлiм бағдарламаларын меңгеру үшiн жағдайлар жасау және жеке
адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк пен
салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, жеке басының дамуы үшiн
жағдай жасау арқылы парасатты байыту» деп атап көрсеткен.
Осыған байланысты қоғам алдына баланың жеке басын үйлесiмдi дамытуға
бағыттайтын мiндеттер қойылып отыр. Отанымыздың әрбiр болашақ азаматын жан
жақты тәрбиелеп, бiлiм беру арқылы дамыту ең жауапты iс.
Тәрбиененушілердің елу пайызы психикалық дамуы тежелген /ПДТ/ балалардың
құрайтындығы бүгінгі күні ғылыми түрде дәлелденіп отыр.К.С. Лебединская, В.И.
Лубовской , т.б дефектологтар зерттеулерінде балалардың жас мөлшері бірдей
болғанымен, психикалық дамуы әртүрлі, яғни интеллектуалды қабілетінің жасына
сәйкес келмейтіндігін ерекше атап көрсетілген.
Психикалық дамуы тежелген балалардың тiл байлығы әдеттегi балаларға
қарағанда 20-30% төмен деңгейде.Осы себептерден баланың тапсырманы
орындауында көп қиындықтар кездеседi.Қазіргі таңда елімізде арнайы білім беруді
қажет ететін балаларға арнайы балабақшалар ашылуда.
Түзете-дамыта оқыту әр түрлі биологиялық, әлеуметтік себептердің салдарынан
(орталық жүйке жүйесінің қызметінің жетілмеуі, соматикалық әлсіздік, ,
214
педагогикалық қараусыз) оқуда, бабақшаға бейімделуде қиындық келтіретін балалар
болады.
Психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілетін психологиялық түзете-
дамыту жұмыстарының принциптері:
Баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау.
Шаршап кетпеуін қадағалау.
Оқу әрекетін ойын түрінде ұйымдастыру.
Ойын дағдыларын оқу әркетіне аудару.
Арнайы әдістемелермен оқытуды ұймдастыру.
Жылдық диагностикалық даму деңгейін салыстыру.
Психикалық
дамуы
тежелген
балаларды
оқыту-тәрбиелеу
үдерісіндегі міндеттер:
1. Дамуы тежелген балалардың білім, білік, дағды қабылеттерін шешу және
дамыту жолдары:дайындығын қамтамасыз ететін психофизиологиялық мүмкіндікті
қажетті деңгейге дейін дамыту;
2. Балалардың ой-өрісін дамыту;
3. Оқу қажеттілігін қалыптастыру;
4. Баланың әлеуметтік-адамгершілік мінез-құлқын қалыптастыру;
5. Баланы жан-жақты бақылау;
6. Даму мүмкіндігіне байланысты интеллектуалдық біліктілік қалыптастыру
7. Баланың жалпы даму деңгейін көтеру және дамыту;
8.Жағымды әлеуметтік орта қалыптастыру;
Психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту -түзету процесiнде әдiстемелiк
нұсқауларды дұрыс және жоғары деңгейде ұйымдастырып,төмендегі жұмыс түрлеріне
көңіл бөлу керек:
-Жалпы білім беру оқу іс-әрекетінде , сондай-ақ арнайы оқыту кезінде әр баламен
жеке жұмыс жүргізу;
- Түрліше әдіс, тәсілдермен қажудың алдын алу, яғни, ақыл-ой мен тәжірибелік
жұмыстарды алмастырып отыру;
- Қызықты және әсемделген дидактикалық заттарды дайындау, көрнекіліктің
түрліше әдіс тәсілдерін қолдану;
- Баланың білім алу іскерлігін барынша белсенді етіп, олардың сөйлеуін
дамытатын және оқу іскерлігіне қажетті дағдыны қалыптастыру әдістерін қолдану;
- Дайындық (оқу бағдарламаның нақты бір бөлігін меңгеруге) жұмыстарын
жүргізу және қоршаған орта жайлы білімдерін кеңейтуді қамтамасыз ету;
- Оқуда және оқудан тыс кездерде баланың барлық іскерлігінің түрін дер кезінде,
қажетті жағдайға сәйкес үздіксіз түзетілуіне көңіл аудару.
Балабақшаларда оқитын психикасының дамуы тежелген балалар әр уақытта
нәтижеге жету үшiн бақылаудан тыс қалмауы қажет.Сонымен бірге әр баланың
физиологиялық, психологиялық жас ерекшiлiктерiн ескере отырып, сынып жетекшісі,
психолог, логопед, дефектолог және ата-ана тығыз байланыста болып, түзету
жұмыстары тиімді жүргізілген жағдайда жұмысымыз нәтижелі болады . Психикалық
дамуы тежелген балалардың ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып, балаларды
мүмкіндіктеріне қарай дамыту, оларға сеніммен қарап, жеке тұлға ретінде өмірге
215
беймдеу, оқытудың тиімді тәсілдерін іздестіру, пәнге қызығушылығын арттыру
мақсатында түрлі жұмыстар атқарылады.
Ойын — баланы адамгершілікке тәрбиелеудің бірден-бір жолы.Оқу іс-әрекетінде
ойын мен ойын тәсілдерін енгізу оқуды қызықты етіп, балалардың сергек болуына, оқу
материалын қабылдау барысындағы кездесетін қиындықтарды жеңуіне жағымды әсер
етеді. Ойын – балаға білім мен тәрбие беру әдістерінің тиімді амалдарының бірі.
Сонымен қатар, ТДО балаларға қолданылатын ойындарға олардың дене бітімінің
қалыптасуына арналған ойындар, қимыл ойындары, сөйлеу, шешендігін, тілін
дамыту ойындарды жатқызуға болады.
Ойын терапиясы –күрделі жұмыс. Бала психикасын дәрісіз емдеу, көңіл-күйіне,
өзіне, қоршаған ортаға қарым-қатынасын өзгерту, пәнге қызығушылығын арттыру,
іскерлік, белсенділік және сөздік қоры мен тіл байлығын дамытудың жолы, тиімді
әдісі. Ойын дегеніміз - ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанар оты»
деуге болады.Баланың қиялы ойын арқылы шарықтайды, әр сабақта ойын түрлерін
орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы жас бүлдіршіндердің білімге деген ынта-
ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын қалыптастыруды көздейді.
Педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес ойын түрлері:
1.Білім беретін ойындар
2.Тәрбиелейтін ойындар
3.Дамытатын ойындар
4.Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар
5.Диагностикалық ойындар
Баланы оқуға қызықтыру және дамыту мақсатында, қоршаған ортамен
байланысын нығайту үшін күнделікті сабақ алдында ашықтық, сенімділік деңгейін,
эмоционалдық еркіндігін және ұжымда бірауыздылық орнатуға жағдай жасайтын
жұмыстар жүргізген жөн.
Психологиялық ойын- жаттығулар баланың жан дүниесінің, рухани жай-күйінің
үйлесімді дамуына ықпал етеді. Баланың сезім әрекетін, әсерленушілік деңгейін
анықтау үшін қолданылады. Адамдардың бiр бiрiмен қарым -қатынасы өте күрделi
процесс. Қоршаған адамдармен қарым- қатынас жасауда қиындық көретiн балалар,
бiрiншiден
ұжымға
бейiмделуiнде,
бiлiмдi
меңгеруiне
кедергi
болады.Сондықтан,баланы оқуға қызықтыру және дамыту мақсатында танымдық іс-
әрекетін қалыптастыру мақсатында сабақ алдында, ашықтық, сенiмдiлiк деңгейiн,
эмоционалдық еркiндiктi, топта бiрауыздылық орнатуға жағдай жасайтын
психологиялық жаттығулар өткiзу керек.
Психологиялық ойындар:
«Менің көңіл-күйім» жаттығуы
Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл-күйлеріңді суреттеп салыңдар .
Есте қалған қызықты оқиға
Топ дөңгеленіп отырып, қатысушыларға доп беріледі. Допты бір-біріне кезектесіп
беріп, есте қалған қызықты оқиғаларды айтады.
Мен саған сенемін
Әуен ойнап тұрады. Жұп құрып, бір- бірінің көздеріне қарап отырады. «Мен саған
сенемін …» өйткені сен жақсы адамсың.
216
«Сиқырлы сөздер» ойыны
Тәрбиеші кез-келген өтінішті айтады, ал оқушы оны әдепті түрде айтуы керек.
Мысалы: Айнаш, дәптерді бер. «Айнаш, өтінемін дәптерді берші »
Дамыту ойындары –баланың танымдық және ерік-эмоциялар сферасын
дамытуға бағытталған іс-әрекет.
Дамыту ойындардың маңыздылығы оқушылардың ынта- ьқыласын есепке ала
отырып, оқуды қызықты етіп, білім, білік, дағдыны қалыптастыру. Дамыту ойындарға
қойылатын бipiншi талап -оқушының танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту.
Танымдық ойындардың да түрлері көп. Мысалы, сөз жүмбақ, сөз тізбек,
кроссворд, викторина, психологиялық жаттығулар, логикалық есептер, тренинг, тест,
т.б. Танымдық ойындар жас ерекшеліктеріне қарай күрделене түседі. Адам
бойындағы қызығушылығын, қабілеттерін арттыруға, білімін шыңдауда танымдық
ойындардың алар орны ерекше.Адамның танымы биіктеген сайын, дүниеге көзқарасы
да кеңейе түседі.
Саусақ ойыны -ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні
бар мәдени шығармашылық. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған
ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан- жануарларды, құстарды, ағаштарды т.б
көптеген бейнелерді бейнелей алады.
Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде бұлшық
етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.
Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік
қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін
толық жетілдіру, түзету — тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.
Ұлттық ойындар – ата-бабамыздан бізге жеткен мұра сияқты өткен күн мен
бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз, өнеріміз.
Сондықтан оны үйренудің, күнделікті өмірде пайдаланудың пайдасы орасан зор. Ойын
баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл
өмірімен жалғаса береді. Ойын сан ғасырлар өтсе де адамзат баласына ақыл-ой
жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы болып қала береді.
Дидактикалық ойынның негізгі мақсаты баланы қызықтыра отырып, жаңа
сабақты немесе өткен материалды берік меңгерту болып табылады. Дидактикалық
ойындар барысында балалардың есте сақтау, көру, сезіну, қабылдау, ойлау, сөйлеу
процестері дамып, заттарды пішініне, көлеміне қарай іріктеуге әр түрлі қимылдарды
орындауға үйренеді. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын, ойын әрекетінің
ең негізгі түрінің бірі-дидактикалық ойындар .
Оқыту
тәжірибесінде
дидактикалық
ойындардың
бірнеше
түрі
қалыптасқан.Атап айтқанда, түзете-дамыта оқыту сыныптарда төмендегі ойын
түрлері жиі пайданылады.»Қай әріпті жоғалттым», «Қай буынды жоғалттым», «Бос
торкөзді толтыр», «Қызықты торкөз», «Сөйлем қуаласпақ», «Тыныс белгісін тап»,
«Екі-екіден жұпта», «Кім тапқыр», «Сөз ойла-тез ойла», «Ойлан,тап», «Кім
шапшаң?», «Қай дыбыстан басталады», «Қағып алып, жауабын айт», «Сиқырлы
сандық».
217
Сюжеттік-рөлдік ойын - бұл өмірлік жағдайлардың белгілі бір мінез-құлық
немесе эмоционалдық жақтарын меңгеру ниетінде алдын-ала бөлінген рөлдер арқылы
қатысушы топтардың сахналап ойнауы.
Рөлдік ойындар шағын топтарда (3-5 қатысушы) жүргізіледі. Қатысушылар
карточка арқылы (тақтада, қағаз парақтарда және т.б.) тапсырма алады, рөлдерді
бөледі, жағдайды ойнайды және барлық топқа ұсынады (көрсетеді). Оқытушы
балалардың мінез-құлқын ескере отырып рөлді өздері бөледі.
Түзете-дамыта оқыту сыныптарында сергіту ойындарын өткізудің маңызы зор.
Олар -оқушылардың шаршамауына,демалуына әсер етеді.
Ойын-оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал.Оларды
жалықтырмай әр түрлі ойын ұйымдастыру арқылы мен сабақты қызықты өткізуге
тырысамын.
Мұғалім оқушыларға түзете оқу-тәрбие үрдісінде түрлі ойындарды пайдаланып,
олардың танымдық белсенділігін арттыратындай тапсырмалар беріп отырса, онда
оқушылардың оқуға деген ынтасы артып, танымдық үрдістері мен психологиялық
қасиетттерін дамытып, психикалық дамуы тежелген балаларды өз жасындағы
балалардың даму деңгейiне жеткiзуге болады.
Ойнай отырып баланың тілін дамыту жобаның жоспарлануының тиімділігі
«Ойын – бұл баланың рухани дүниесіне оны қоршаған ортасы туралы
ұғымдардың және түсініктердің жандандыратын ағыны енетін үлкен жарық терезе
сияқты», деп Сухомлинский В.А. жазған болатын. Қазіргі заманда мектепке дейінгі
білім беру жүйесінің жағдайы жаңаруда және дамуда. Жаңа Мемлекеттік стандарт
мектепке дейінгі білім беру қызметінің негізі болып базистік оқу жоспары
анықтайтынын педагогтың іс-әрекеті емес, бала - педагогикалық процестің субъекті
ретінде болатынын көрсетеді. Біртіндеп қиындап отырған ойын іс-әрекетінің
міндеттері балаға алға жүруді, өз шығармашылық қасиеттерін дамытып, өздігінен
жетілуге мүмкіндік береді. Ал ойын - сауық, демалыс ретінде бола тұрып, оқытуға,
шығармашылыққа, адам қарым-қатынастарының өмірдің әр-түрлі салаларында
көрінудің, оларды модельдеуіне айналуға мүмкін. Еркін сюжетті-рөлді ойын —
мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ең қызықты іс-әрекет. Оның тартымдылығы —
ойнай отырып, бала субъективті еркіндікті сезінеді, тәжірибелік туынды іс-әрекеттегі
қарсылықтарға тап болып, қиынға түсетіндердің барлығы — заттардың, әрекеттер
және қарым-қатынастардың оған тәуелді екенін сезінеді. Сонымен қатар,
педагогикалық әдебиетте балабақшадағы балалардың ойын іс-әрекеті тиісті деңгейіне
жете алмайтыны туралы мәселе бірнеше рет көтерілген болатын. Ойын — кез келген
әрекет
сияқты бей-берекет
пайда
болмайды
—
ересектер
тарапынан
қалыптастырылады. Балалар ойнай алу үшін олардың саналарында эпизод-
әрекеттердің жиынтығы тұрақталу тиіс. Балалар қандай әрекеттерді орындау керек
екенін білулері қажет және меңгерген білімдерінен тек осындай лайық сәттерді таңдай
біліп, оларды қиялдан құрылған жаңа сәттер ойлап таба білулері тиіс. Сондықтан
тәрбиешінің бала ойынын ұйымдастыру технологиясын меңгеру мәселесі айрықша
өзекті болып отыр. Осы әдістемелік нұсқауларда сюжетті ойынды ұйымдастырудың
жаңа әдісі — модельдеу арқылы ұсынылып отыр. Әзірленген модельге сүйене отырып,
тәрбиеші балаларға алдағы уақытта бақылаған оқиғалардың эпизодтарын,
218
қатысушылардың әрекеттерін, әр бір нақты қатысқан адамдарды, әр бір әрекет
етушінің міндеттерін, олардың қарым-қатынастарының мазмұнын еске түсіруге
көмектеседі. Модельдеу процесінде тәрбиешінің міндетіне баланың барлық
мүмкіндіктерін барынша өзектеуді қамтамасыз ететін ойынды басқаруды
ұйымдастыру кіреді. Осылайша ойынның нәтижелі де қарқынды жоспарлауы, ойнау
дағдыларының біртіндеп қиындатуы жүзеге асады. Ұсынылып отырған модельдер
қазіргі заманның барлық салаларын қамтып, құрамына әр түрлі тақырыптар кіреді:
тұрмыстық, өндірістік және қоғамдық. Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында
балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып,
үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет
кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән
берілген. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі-
тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. Біз балалармен сөздік
жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай
білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған
ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді
түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз. Мектеп жасына дейінгі
балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің: - балалардың сөздік қорларын
дамыту; - жаңа сөздерді меңгерту; - үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі
байытып отыру басты міндет саналады. Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік
жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын
дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын –
баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне
қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш
жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің
дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі
тек ойынмен байланысты.Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз.Ол өзін еркін
ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген
талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде
қалыптасады. Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең
негізгі орын алады.Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және
құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік
қорларын дамытады. Арнайы ойын-сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық,
дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен
салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді.
Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойын
ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай білуге, ойын
ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға бағыттайды, заттың атын
немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін,
қиялын дамытады. Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз
құрбыларымен қарым-қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады.
Сондықтан да ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және
жеке ерекшелігін ескерген жөн. Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті
және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуіне болады. Заттармен ойналатын ойын
219
ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өті леді. Мысалы: «Дәл осындайды
тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай ағаштың жапырағы», «Бірдей ойыншықты
тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз», т.б. Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино,
лото, суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?»,
«Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш», «Қиылған суреттер»,
«Ұқсасын тап», «4-ші не артық?», «Есіңде сақта». Ал сөздік ойын арқылы сөзді
орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды
сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ ойла», «Жақсы-жаман»,
«Жалғастыр», «Үш сөз ата». Сонымен қатар балалардың сөздік қорларын дамыту
жұмысына ойындарды қолданумен қатар, «Пішіндер көрмесі», «Өрнекті есіңде сақта»,
«Қиын жолдар», «Суретті жалғастыр», «Биші адамдар», «Көңілді таяқшалар» тәрізді
жаттығу тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз нәтижесін берді. Бұл аталған
жаттығу, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, таным
белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін дамытады. Жалпы ойынды ұйымдастыру
ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау сияқты үш бағытты қамтиды.
Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады.
Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады.
Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі және
олардың іс-әрекеті болып табылады. Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда
ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы
балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным
белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер
бойына сіңіреді. Міне, сондықтан да оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі ойындар арқылы
баланы жан-жақты дамыту ісіне ерекше көңіл бөлемін және бұл менің ең негізгі
алдыма қойған мәселем. Сонымен, баланың сөздік қорын дамытумен қатар, тілін
дамыту да ойын арқылы жүзеге асады. Оны төмендегі ойын түрінен көруге болады.
Бала саусағын ойната отырып, тілін дамыту Саусақ ойыны- бұл ұрпақтан ұрпаққа
жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық. Саусақ
ойыны-саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ
шумағын сахналау болып табылады. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген
талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол
ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен
құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады.
Саусақтарының қозғалыс- қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға
тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде
сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол,
жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді. Ал тіл кемістігі кездесетін
балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде саусақ бұлшық етінің қимылдары
жеткілікті деңгейде дамымайды. Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының
дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста
болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету- тәрбие жұмысын
жүйелі жүргізуді қалайды. Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі,
көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі,
әр қимылы көрсетіледі. Мысалы: «Саусақтар сәлемдеседі» ойынын алайық. Мұнда бас
220
бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен кезекпен түйіседі. «Адамдар келеді». Оң қолдың
сұқ саусағы мен ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады. Сонымен
бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген«қуырмаш» ойыны да саусақтардың нәзік
қимылын жетілдіруге бағытталған. Балалар осындай саусақ ойынын ойнай отырып,
өлең шумағын қызыға айтады. Мысалы, «Моншақ». Қызыл-сары көк моншақ. Мен
жасаймын көп моншақ. Мұнда қатар екі қолдың бас бармағымен сұқ саусақтарының
ұшын түйістіре отырып, моншақ тәрізді бейнелейді, әрі оларды тізбектеп жасау
балалар үшін өте қызықты әрекет, әрі қол бұлшық етін дамытуға үлкен көмегін
тигізеді. Сонымен саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының
нәзік қимылдары мен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі мен
ойлау қабілеттері дамитын болады және кейін жазу шеберлігін ойдағыдай меңгеруіне
дайындайды.
Ойын
арқылы
балалардың
сөздік
қорларын
дамыту
жолы Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік
қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті
өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста
қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. Мектеп жасына дейінгі
кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері
болып есептелінеді. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды
айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі
және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар
жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас
жасай білуге үйретеміз. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту
ісінде тәрбиешінің: - балалардың сөздік қорларын дамыту; - жаңа сөздерді меңгерту; -
үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады. Осы
аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып
отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың
орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала
айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың
бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын
тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі,
өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты.Ойын үстінде бала еш нәрсеге
тәуелсіз.Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы,
бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы,
сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру
жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады.Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау,
сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру
барысында балалардың сөздік қорларын дамытады. Арнайы ойын-сабақ және сабақ
мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану,
балаларды заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және
оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық
міндетті меңгереді. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып,
балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға
бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға
қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады. Сонымен қатар ойын барысында бала
221
үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне
қуанып, мәз болады. Сондықтан да ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде
балалардың жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн. Тәрбиеші балалармен ойынды
(заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуіне болады. Заттармен
ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өті леді. Мысалы:
«Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай ағаштың жапырағы»,
«Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз», т.б. Үстел үсті ойынын
ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр»,
«Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш»,
«Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «4-ші не артық?», «Есіңде сақта». Ал сөздік ойын
арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге,
орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ ойла»,
«Жақсы-жаман», «Жалғастыр», «Үш сөз ата». Сонымен қатар балалардың сөздік
қорларын дамыту жұмысына ойындарды қолданумен қатар, «Пішіндер көрмесі»,
«Өрнекті есіңде сақта», «Қиын жолдар», «Суретті жалғастыр», «Биші адамдар»,
«Көңілді таяқшалар» тәрізді жаттығу тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз
нәтижесін берді. Бұл аталған жаттығу, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта
отырып, таным белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін дамытады. Жалпы ойынды
ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау сияқты үш
бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік
болып табылады. Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып
табылады. Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі
және олардың іс-әрекеті болып табылады. Сонымен балалардың сөздік қорларын
дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын
арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным
белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер
бойына сіңіреді. Міне, сондықтан да оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі ойындар арқылы
баланы жан-жақты дамыту ісіне ерекше көңіл бөлемін және бұл менің ең негізгі
алдыма қойған мәселем. Сонымен, баланың сөздік қорын дамытумен қатар, тілін
дамыту да ойын арқылы жүзеге асады. Оны төмендегі ойын түрінен көруге болады.
Балалар осындай саусақ ойынын ойнай отырып, өлең шумағын қызыға айтады.
Мысалы, «Моншақ». Қызыл-сары көк моншақ. Мен жасаймын көп моншақ. Мұнда
қатар екі қолдың бас бармағымен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре отырып, моншақ
тәрізді бейнелейді, әрі оларды тізбектеп жасау балалар үшін өте қызықты әрекет, әрі
қол бұлшық етін дамытуға үлкен көмегін тигізеді. Сонымен саусақ ойындарын жүргізу
арқылы балалардың саусақтарының нәзік қимылдары мен бұлшық еттерінің
жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамитын болады және
кейін жазу шеберлігін ойдағыдай меңгеруіне дайындайды.
Қолданылған әдебиеттер.
1. «Тәрбиелей, оқытайық» - республикалық педагогикалық журнал «Бала мен
балабақша».
2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру.
3. Мектепке дейінгі педагогика. «Мектеп», 2006
222
4. «Өзін-өзі тану» пәні бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты. Алматы:
«Бөбек» ҰҒПББСО, 2006.
5. «Ойын өмір айнасы» Алматы 2001.
6. Мектепке дейінгі білім 2007.
ҚҰМ ТЕРАПИЯСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
Балабекова Н. К
№6 «Алданыш» б/б ҚМҚК
«Біздің ойымызды, қолымыздың көмегі арқылы шешуге болады»
Карл Густав Юнг
«Құм терапиясы» қағидасы аналитикалық терапияның негізін салушы Карл Густав
Юнгпен ұсынылған. Мүмкін ұлы Юнгке адамның құммен «әлектенуінің» қажеттілігі,
оның құрылысы осы идеяны ұсынуға себепші болған шығар. Себебі көптеген
психологтар жекелеген құм түйіршіктерінде жеке тұлғаның нышандық айқындамасын,
ал құм массасында – жаһандағы өмірді көреді.
Кішкентай кездеріңіз естеріңізде ме? Кішкене болса да естеріңізде қалған шығар?
Қалай сіздер есік алдында немесе ата-аналарыңызбен судың жағасында құммен және
сумен ойнағанды жақсы көруші едіңіздер. Құммен әртүрлі қалашықтар, пирамидалар
жасап, олар әлемдегі ең әдемі болсын деп түрлі-түсті тастармен безендіргендеріңіз.
Немесе құмнан бәліштер жасап «пісіруші» едіңіздер. Құммен ойын балаға қалай
қызықты болса, солай үлкендерге де қызықты. Құм – миллион жыл бұрын пайда болған.
Ол бүкіл әлем бойы жайылған. Құм – өте ұсақ ақ түсті, сары, қоңыр, сұр және қызғылт
түсті болады. Құм бала үшін магнит сияқты өзіне тартымды зат. Бала құмды не екенің
сезінгенше қолдары сарай, қоршау жасай бастайды. Ал оған ойыншықтар, кішігірім
фигураларды қосса, онда баламен түрлі ертегілерді драмалау, ойын процесіне кіреді.
Бәрімізге таныс бұл зат жай ғана – құм. Бірақ шын мәнінде бұл таңғажайып керемет
материал.
Құмдағы ойындар - баланың табиғи әрекеті формаларының бір түрі. Сондықтан да
біз, ересектер, құммен ойнайтын ойындарды түзету және дамыту сабақтарында қолдана
аламыз. Құмнан суреттер салып, әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып, біз бала үшін
әлдеқайда қызықты түрде оған, қоршаған әлемнің заңдылықтары мен оқиғаларын
жеткізе аламыз. Бала құм терапиясында қиялды, көрнекі – бейнелік ойлауды, сөздік –
логикалық ойлауды, көрнекі іс-әрекеттік ойлауды, шығармашылық және сын
тұрғысынан ойлауды дамытады және процесс барысында бала өзінің ішкі
қобалжуларын ішкі сезімдерін сыртқа шығарады.
Құм терапиясының маңыздылығы: Бала өзін жайлы, қорғалған күйде сезініп,
шығармашылық белсенділік танытатын табиғи стимулдық орта қалыптастырады және
танымдық, психикалық процестерді дамытады ол түйсік (форманы, түсті, тұтас түйсік),
есті, зейінді, қиялды, кеңістік түсінікті, тактильді-кинестетикалық сезімділік пен
қолдардың ұсақ моторикасын дамытады. Сөзбен айтып жеткізе алмайтын ойлаумен
қобалжуларды сыртқа шығаруға көмектеседі.
223
Іште туындаған қиын жағдайларды, шығармашылық потенциалдарын босатады.
Құм терапиясы 3 жастан бастап әр жастағы адамдармен өткізіледі.
Балалардың дамуы және тәрбиесіндегі кемшіліктерді шешуге көптеген әдіс-
тәсілдер бар.Соны бірі құм терапиясы. Мен өз жұмысымда құм терапиясының
элементтерін қолданамын. Балалар құммен ойнағанды өте жақсы көреді. Құм
балалардың өзара түсінушіліктерін табуға көмектеседі. Құм агрессиялық қуатты
шешеді, сондықтан құм қорапшасында ойнап отырған балалар бір-бірімен қарым-
қатынас жасауға мүмкіндігі туады да, ол тілдік және комуникативті дамуына жағымды
әсерін тигізеді. Құм терапиясы арқылы баланың
Құм
терапиясының
әдістерінің
маңыздылығы:
Құм
терапиясында стандартты өлшемде (50 х 70 х 80 см) ағаш тақтай, құм, ұсақ
ойыншықтар жиынтығы қолданылады. Құм қорапшасының түбі мен жиегі көгілдір
түске боялады, ол аспан мен суды модулдеуге мүмкіндік береді. Адам қолымен және
табиғатпен жасалған шынайы және мифтік, тартымды және тартымсыз пішіндер
қолданылады. Шынайы заттарды пайдалану табиғатпен байланысты сезінуге
қолданылады, ал қолдан жасалған заттар шындықты қабылдауға көмектеседі.
Құм терапиясын қолданудың әдіс - тәсілдері: Әңгімелесу,түрлі – түсті құммен
сурет салу,танымдық ойындар,коммуникативтік ойындар.
Құм терапиясы негізгі принциптері: Шығармашылық белсенділікті таныта
отырып, бала өзін ыңғайлы әрі қорғалған күйде сезініді. Баланың өз қолымен
қиялындағы ертегі әлемін жасауы, баланың қызығушылығымен іс-әрекетіне оң
мотивацияны қалыптастыруға және күшейтуге мүмкіндік береді.
Қазір құммен сурет салу өнері өте көп. Бұл тек қана қызықты іс емес, ол балаларға
өз әлемін ашуға көмектеседі. Құммен сурет салу көркемэстетиканы дамытуға
көмектеседі. Ол ұсақ қол маторикасын, пластиканы ,
координацияны
, танымдық
процестерді жақсы дамытады.
Бала
үшін
құм терапиясы – өзін танытуға мүмкіндік. Құм, жануарлардың
мүсіндері, заттар балалардың кейде сөзбен айтып жеткізе
алмай
ашылуына
көмектеседі
және сезімдерін білдіруге ықпал етеді. Құм терапиясы баланың
ішкі
күйзелісінен
арылуға, өзін ретке келтіруге көмектеседі. Құм терапиясы бұл шын мәнінде ойын.
Себебі бұл ойын балаларға қатарластарымен және сыртқы әлеммен қарым-қатынасты
орнатуды, өз сезімдерін білдіруге көмектеседі.
Терапия – емдеу деген ұғымды білдіреді, ал құм терапиясы – бұл құммен емдеу, ол
жерде ешқандай дәрі де қажет емес.
Қорыта айтқанда құм ойыны баланы тәрбиелеуде дамытуда маңызды рөл
атқарады,. Құммен ойын балардың эмоциясын, шығармашылығын, зейіндерін,
қабілеттерін дұрыс көзқарастырын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Қолданылған әдебиеттер:
1.
Сакович
Н. А. Технология игры в песок. Игры на мосту. — спб.: Речь, 2006.
2.Т.Д. Зинкевич-Евстигнеева Т.М. Грабенко « Чудеса на песке»
3.Юнг К. Г. Практика психотерапии. Минск: Харвест, 1998
224
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫСТЫ
ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ.
Балтабай Ж.М.
КМҚК «Толағай» балабақшасы
«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата-бабаларымыздан қалған
асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Ата-анаға
баладан жақсы ешкім жоқ. Ж.Аймауытов ағамыздың «Баланы бұзуға, түзеуге себеп
болатынбір шарт –жас күнде көрген өнеге» деген ұлағатты сөзін ескеретін болсақ, әр
отбасында өсіп келе жатқанөрімдейұл-қыздардың дені сау, рухани бай, еңбекке,
білімге құштар болып өсуі ең жоғарғы тілек, ең биік мақсат. Оның қуат алатын қайнар
бастауы отбасы. Отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі ешнәрсенің
күшімен салыстыруға болмайды.Балаға ата-ана тәрбиесініңорнын ешнәрсе алмастыра
алмайды.Отбасы - өмірге сәби әкеліп, оны тәрбиелеп,қалыптастыруда және ұрпақ
жалғастыруда теңдеі жоқ орын. Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметтінің
мақсаты баланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық процестерін ескере
отырып, жарасымдыжетілген ұрпақты тәрбиелеу.
Тәрбиешілердің ата-аналармен ынтымақтастығы мектеп жасына дейінгі
балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі болып
табылады. Тәрбиеші үшін ата-аналарды педагогикалық үрдістің белсенді мүшесі ету
оңай шаруа емес. Мұндай міндетті шешу үшін тәрбиешінің тәрбие жұмысының
жоспарында мына мәселелер қарастырылуы керек:
-
балалардың отбасын зерттеу;
-
ата-аналардың педагогикалық сауатын көтеру. Ата-аналар комитетінің
жұмысымен байланысты арттыру.
-
ата-аналармен жеке жұмыс жүргізу.
-
ата-аналарды балалардың оқу-тәрбие үрдісінің нәтижелерімен, барысымен
жүйелі таныстыру.
Мұндай маңызды істерді жүзеге асыруда тәрбиеші тәрбие жұмысының мақсатын,
міндеттерін, мектепке дейінгі ұйымның ерекшелігін, ата-аналар құрамын, ата-ана мен
тәрбиешінің қарым-қатынасының негізгі ұстанымдарын ескеріп есепке алады.
Мынадай тақырыпта ата-аналармен тақырыптық жиналыстар өткізуге болады.
Мысалы:
-
«Ал, енді танысайық»
-
ата-аналармен сауалнама, тренинг;
-
бірлескен істерді жоспарлау үшін «Ортақ істеріміз» атты ата-аналар
жиналысы. - «Біз шығармашыл жандармыз» атты көрме.
-
Отбасындағы «Ұл тәрбиесі мен қыз тәрбиесі» туралы тақырыптық кеңестер
ұйымдастыруға болады.
Ата-аналардың балаларға тәрбие беру міндеті ҚР Конституциясында, ал
балалардың отбасындағы құқығы- бала құқықтары туралы конвенцияда белгіленген.
Отбасы- барлығының басы, жан-жақты дамуының негізі болатын тәрбие институты.
Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметінің мақсаты – баланың жасын, жеке
225
ерекшелігін, психологиялық дамуын ескере отырып жарасымды жетілген ұрпақ
тәрбиелеу. «Баланы жастан», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген даналық
сөздердің мағынасы өте терең. Есейіп кеткен соң баланың теріс мінезін, қалыптасқан
қате көзқарасын өзгерту өте қиын. Осы кезде «Балаңыздың тәрбиесін бастамас бұрын
өзіңіздің мінез – құлқыңызды, өмірге көзқарасыңызды ой елегінен өткізіп
бақыладыңыз ба?» деген сауал туады.
Ұлы педагог А.С.Макаренко «Балалардың алдында беделді болуды қаламайтын
ата-ана жоқ. Бірақ қалай, қай бағытта өнеге беріп, өсіріп келе жатқанын ойламастан,
бала санасына рухани өктемдік жасап тәрбиелейтін ата-ана баршылық. Бұл беделді
болудың қандай жолы? Отбасындағы ата – ана мен баланың қарым - қатынас
нәтижесінде адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері
қалыптасады. Ал әке мен шеше – баланың алғашқы тәрбиешілері. Ата – аналар бала
бақытының шынайы бағбаны балуы тиіс. Бала бақыты – білімде. «Білім – бір құрал.
Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не жасаса да келістіріп жасайды» дейді
Ахмет Байтұрсынұлы.
Бүгінгі таңда болып жатқан өміріңіздегі өзгерістерге байланысты ұстаздар мен ата
– аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды оқыту мен
тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындай бірлесе жұмыс атқару керек. Бала
психикасы үйдегі көрген – білген, естіген мәліметтермен толығады. Әрбір тәрбиеші
ата – аналармен қарым – қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа
технологияларды пайдалана отырып ата – ананың қызығушылығын арттыру
мақсатында жұмыс атқарса, ата – ананың балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы
өзгерер еді.
Қазіргі уақытта жұртшылықтың балаларды тәрбиелеуге қатысы кеңейе түсіп,
тәрбие жұмысы еңбек ұжымының күнделікті ісіне айналуда. Тәрбиешілердің
практикасында ата – аналармен және көпшілікпен бірігіп жұмыс істеудің әртүрлі
формалары қалыптасып, жемісті түрде қолданылуда. Отбасы тәрбиесіндегі кездесетін
сәтсіздіктер ата – аналардың педагогикалық – психологиялық сауатсыздығынан және
оларда тәрбие жұмысын жүргізуге қажетті тәжірибенің жоқтығынан болады.
Балаларды тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата – аналарға көмектесу –
тәрбиешілердің міндеті. Ата – аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін қалай
ұйымдастыруға болады? Ол үшін, тәрбиешілер ата – аналармен жақынырақ танысып,
отбасының әлеуметтік жағдайын,отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі рөлін
анықтау үшін ата – аналардың ұсыныс – пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында
сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алуымызға болады.
Сонымен бірге жыл бойғы жүргізілетін жұмыс түрлерін ата – аналармен бірлесе
отырып жасаған тиімді, себебі ата – аналар заман талабына сай өзекті мәселелерді,
отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптартарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар
ата – аналардың ұсыныс – пікірлерімен санаса отырып ата – аналарға арналған
әңгімелер мен лекциялар, консультациялар, сұрақ – жауап кештері, тәрбие жұмысын
алмасу жөніндегі конференциялар, психологиялық тренинг-сабақтар, ата – аналарды
педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс – тәсілдері қарастырылады.
Бала үшін отбасы – бұл қоғамдық тәжірибенің көзі. Отбасында ол өзі еліктейтін
үлгілер табады, мұнда ол әлеуметтік туылады. Егер біз адамгершілігі зор, дені сау
226
ұрпақ тәрбиелегіміз келсе, онда бұл мәселені «бүкіл әлеммен»: балабақша, отбасы,
қоғам болып шешуіміз қажет. Мектепке дейінгі ұйымдардың басты мақсаты –
отбасында баланы тәрбиелеуге кәсіптік көмек беру, оны ауыстырмай, тәрбиелік
функцияларын жүзеге асыруды толықтыру және қамтамасыз ету арқылы жүргізу. Бұл:
- баланың қызығушылығы мен қажеттілігін дамыту;
- бала тәрбиесіндегі тұрақты өзгеретін жағдайларда ата-аналар арасындағы
міндеттер мен жауапкершіліктерді бөлу;
- отбасындағы әртүрлі ұрпақ арасындағы қарым-қатынастың ашықтығына қолдау
көрсету;
- отбасы өмірінің бейнесін жасау, отбасылық дәстүрлерді формалау;
- баланың жекелігін қабылдау және түсіну, балаға бірден-бір жеке тұлға ретінде
сену және сыйлау.
Жоғарыда айтылған отбасылық қатынастарды жүзеге асыру үшін келесі тәрбиелік
міндеттерді орындау бойынша жұмыстар жүргізілу қажет:
- біріншіден, баланы және ата-ананы сыйлауға тәрбиелеу;
- екіншіден, ата-аналармен олардың отбасылық шағын ортасын зерттеу үшін
біріге әрекет жасау.
Одан кейін отбасының ортақ мәдениетін көтеруге және ата-аналардың
психологиялық – педагогикалық құзырлығына ықпал ету, оларға балалармен
жұмыстың дағдыларын қалыптастыруда теориялық және практикалық көмек көрсету,
отбасына жеке-дифференциалды тәсіл нәтижесінде ата-аналармен жұмыста
әріптестіктің әртүрлі формалары мен біріккен шығармашылығын қолдану.
Мектепке дейінгі ұйым мен отбасы арасында сенімді қарым-қатынас құру үшін
педагогтың бала отбасына үнемі зерттеу жүргізгені жөн. Бұл үшін ата-аналар
жасындағы айырмашылықты, олардың білімін, ортақ мәдени деңгейлерін, сондай-ақ,
ата-аналардың жеке ерекшеліктерін, олардың тәрбиеге көзқарастарын, отбасылық
қатынастардың мінездемесін, т.б. білу қажет.
Сонымен бірге, балабақшаның отбасына үнемі ашық, яғни олар қалаған кезінде
өздерінің мәселелерін талқылауға, консультация мен көмек алатындай болғаны
жөн.Педагогтың жұмысы ата-анамен және балалармен жұмысқа үйлестірілген болуы
міндетті.Мектепке дейінгі ұйым педагогы ата-аналармен сенімді шағын орта құру
үшін олармен жұмыс мазмұны мен формаларын ойластыруы міндетті. Мысалы,
олардың қажеттілігі зерттеу және алынған мәліметтерді келешек жұмыста қолдану
мақсатында экспресс-сұрақ жүргізу.
Тәрбиешілер мен ата-аналар арасында іскер әріптестік үшін жағымды қарым-
қатынас орнағаны жөн. Педагог ата-аналармен жұмыста олар қызыға қатыса алатын,
бала бейнесінің жағымдылығын қалыптастыратын жұмыстар өткізуі қажет.Ата-
аналарда баланың жағымды бейнесін формалау үшін отбасында айтылмайтын, ата-
анасы күтпеген, олар үшін қызықты ақпаратты хабарлайды. Бұл баланың
құрбыларымен тіл табысудағы ерекшелігі, оның еңбекке деген қатынасы, іс-
әрекеттерінің жетістіктері болуы мүмкін.
Педагогты бала тәрбиесіндегі отбасы мәселелерімен таныстыру өте маңызды. Бұл
кезеңде тәрбиешілер ата-аналармен диалог жүргізеді, отбасымен сөйлескенде тек
227
жағымды жақтарын емес, бала қылығындағы қиыншылықтар, кедергілер туралы да
айтады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру үрдісін жоспарлауға ата-аналарды қосуды
келесі бағыттармен жүзеге асыруға болады:
- білім беру жағдайларына ата-аналардың қажеттілігін, қызығушылығын зерттеу;
- әлеуметтік тапсырысты әзірлеуге ата-аналарды тарту: мектепке дейінгі ұйым
миссиясын анықтау, білім беру мазмұнын таңдау (білім беру бағдарламалары,
технология, балаларды тәрбиелеу мен оқыту әдістемесі); түлек моделін құру;
- жоспарды әзірлеудің барлық деңгейіне ата-аналарды тарту: мектепке дейінгі
ұйымның даму бағдарламасы, жылдық және оқу жоспарлары, баланың жеке даму
картасы, тәрбиешілермен біріккен жоспарлар.
Ата-аналармен жұмыс формалары:
Форма – (латын сөзі forma) – құрал, бірнәрсенің құрылымы, ұйымдастыру жүйесі.
Бүгінгі күні ата-аналар педагогикалық білімін ағартудың дәстүрлі емес, жаңашыл
деп саналатын әртүрлі әдістері мен формалары қолданылып келеді:
- көрнекі насихаттау;
- оn-line бақылау;
- отбасына қатынау;
- консультациялық пункттер;
- ата-аналар жиналысы;
- әңгімелесу мен консультациялар;
- ата-аналар конференциялары;
- ауызша журналдар;
- сауалнама жүргізу;
- ашық есіктер күні;
- дөңгелек үстелдер;және т.б.
Мектепке дейінгі ұйымның ата-аналармен жұмыс қабылдауы әртүрлі: жанды сөз,
тәрбие жұмыстарын көрсету, ата-аналар үлгісі және т.б. Ата-аналармен жұмыстың
барлық түрлері ұжымдық, жекелік және көрнекі-ақпараттық болып бөлінеді.
Ата-аналармен ұжымдық жұмыс түріне өздеріңізге таныс белгілі іс-шаралар
жатады.Біріншіден, бұл - ата-аналармен жұмыстың тиімді формасы болып табылатын
ата-аналар жиналысы. Ата-аналар жиналысында топтың тіршілік әрекетінің
мәселелері талқыланады. Ата-аналар жиналысына дайындық кезінде келесі
ережелерді ұстану қажет:
- жиналыс мақсатқа бағытталған болуы;
- ата-аналардың өтініші мен қызығушылығына жауап беру;
- нақты белгіленген тәжірибелік мінездеменің болуы;
- диалог түрінде өткізілуі;
-жиналыста бала кемшілігін және бала тәрбиесіндегі ата-аналардың қателіктерін
жарияламау керек.
Ата-аналармен жұмыстың дәстүрлі емес,тиімді формаларының бірі - шағын
жиналыс. Қызықты отбасы анықталып, оның тәрбиелеу тәжірибесі зерттеледі. Одан
кейін шағын жиналысқа екі-үш отбасы шақырылады, онда отбасы тәрбиесіндегі
позицияларымен, отбасының дәстүрлі тәрбиесі туралы бөліседі.
228
Ата-аналармен жұмысты келесі кезеңдерге сүйене отырып, құруға болады:
- Ата-аналармен жұмыс мазмұны мен формаларын ойластыру. Олардың
қажеттілігі зерттеу мақсатында экспресс-сұрақ жүргізу және алынған мәліметтерді
келешек жұмыста қолдану.
- Тәрбиешілер мен ата-аналар арасында болашақтағы іскер әріптестік үшін
жағымды қарым-қатынас орнату. Ата-аналарға олар қызыға қатыса алатын, бала
бейнесінің жағымдылығын қалыптастыратын жұмыстар өткізу.
- Ата-аналарда баланың жағымды бейнесін формалау үшін отбасында
айтылмайтын, ата-анасы күтпеген, олар үшін қызықты ақпаратты хабарлау. Бұл
баланың құрбыларымен тіл табысудағы ерекшелігі, оның еңбекке деген қатынасы, іс-
әрекеттерінің жетістіктері болуы мүмкін.
- Педагогты бала тәрбиесіндегі отбасы мәселелерімен таныстыру. Бұл кезеңде
тәрбиешілер ата-аналармен диалог жүргізеді, отбасымен сөйлескенде тек жағымды
жақтарын емес, бала қылығындағы қиыншылықтар, кедергілер туралы да айтады.
- Баланың жеке тұлғасын ересектермен бірге формалау және зерттеу.
Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыратын формалардың бірі – ата-
аналар конференциясы. Бұл форманың бағалылығы, мұнда ата-аналармен бірге
қоғамдастық та қатысады. Конференцияға педагогтар, аудандық білім бөлімінің
қызметкерлері, медициналық қызмет өкілдері, бастауыш сынып мұғалімдері, педагог-
психолог және т.б. қатыса алады.
Ата-аналармен жұмыстың бір формасы - тренингтер. Тренингтік ойын
жаттығулары мен тапсырмалары баламен іс-әрекеттің әртүрлі тәсілдеріне баға беруге,
жағымсыз формаларды конструкциялыққа ауыстыруға көмектеседі. Ойын тренингіне
тартылған ата-ана баламен сөйлесуді бастайды, жаңа шындыққа жетеді.
Заманауи кезеңдегі тағы бір қызықты формалардың бірі – әртүрлі конкурстарды
– сұрақтар мен жауаптар кештерін өткізу болып табылады. Бұл форма өзінің
педагогикалық білімін нақтылауға, оларды практикада қолдануға, жаңалықты білуге,
бір-бірімен білімін толықтыруға, бала дамуындағы кейбір мәселелерді талқылауға
мүмкіндік береді.
Ата-аналармен жүргізілетін жұмысы өнімді болуы үшін мектепке дейінгі ұйым
ата-аналармен қызметін әртүрлі деңгейде ұйымдастыруына болады: жалпы
балабақшалық, топаралық, жеке-отбасылық.
Жеке жұмыста тоқтай кетер бөлімнің бірі – отбасына қатынау. Басты мақсат –
баламен және оның жақындарымен өзі қалыптасқан ортада танысу. Баламен ойында,
оның жақындарымен сұхбатта сәби туралы көптеген қажетті ақпарат алуға болады.
Қатынау ата-анаға да көп пайда әкеледі: олар тәрбиешінің баламен қалай
әңгімелесетінін біледі, педагогқа баламен үйде еркін сөйлесуіне мүмкіндік береді.
Педагог үйге сапарды ұйымдастыра отырып, отбасына барғанда өзін сыпайы, әдепті
ұстауы керек, отбасымен сұхбатты бала кемшілігінен бастамау және ата-аналарға бала
тәрбиесі туралы көп сұрақтар қойылмау қажет. Өзіңізге отбасына сапарлар
ұйымдастыру бойынша жаднама әзірлеңіз және оны орындауға тырысыңыз.
Ата-аналармен жұмыстың тиімді формасы әртүрлі көрмелер болып табылады.
Мысалы, балалар жұмыстарының формасы: бала суреттері, қолдан жасалған
ойыншықтар, балалар кітаптары, альбомдары және т.б. Көрмелер сонымен бірге ата-
229
аналарға бағдарламаның маңызды тарауын жариялау үшін мысалы: «Отбасы мен
балабақшада балалардың бейнелеу іс-әрекеті», «Ойыншықтар және оның тәрбиелік
рөлі» тақырыбында өткізілуі мүмкін.
Мектепке дейінгі ұйымның ата-аналармен өткізетін жұмысының тиімділігіне
төмендегілер куәлік етеді:
- біріншіден, мектепке дейінгі ұйымда, нақты топта балалармен білім беру
үрдісінің мазмұнына ата-аналардың қызығушылығы;
- екіншіден, ата-аналардың өздерінің бастамасымен туындаған пікірталастар;
- үшіншіден, ата-аналардың сұрақтарына өздерінің жауаптары;
- төртіншіден, ата-аналардың тәжірибелерінен мысалдар келтіру, педагогқа
баланың ішкі әлеміне қатысты сұрақтар санын көбейту;
- бесіншіден, ересектердің тәрбиешімен жеке қарым-қатынасқа ұмтылуы,
тәрбиенің сол және өзге әдістерін қолданудың дұрыстығы туралы ата-аналардың
ойлануы;
- алтыншыдан, педагогикалық жағдайларды сараптау кезінде олардың
белсенділігін көтеру, пікірталас сұрақтарын талқылау және міндеттерді шешу.
Жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың нәтижесінде түрлі жетістіктерге қол
жеткізіп келеміз. Табысқа жету жолында ата – ана мен педагог арасындағы тығыз
байланыс үлкен рөл атқарады.
Ата-анамен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты:
Ата-ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту;
Баланың бүгінгі жасаған қадамының – болашақта тұлға болып қалыптасуына
әсер етуі,
Балаға қолдау көрсету.Тәрбиешілердің іс – тәжірибесінде ата – аналармен бірігіп
жұмыс жасаудың көптеген формалары қалыптасып, өз жемісін беруде. Тәрбиеші ата –
анамен жекелей және ұжымдық жұмыс жасауы тиіс.
Жекелей жұмыс – бұл педагогтың әр баланың жеке басындағы ерекше қасиеттерін
ескере отырып, олардың ата – анасымен өз жоспарымен бөлісуі, баланың даму
мүмкіндігі, кем тұстары жайлы ақылдасып өз жоспарымен бөлісуі, баланың даму
мүмкіндігі, кем тұстары жайлы ақылдасып бірлесе жұмыс істеуі. Ұжымдық жұмыс-
бұл ұжымның немесе ата – аналардың жеке тобының жұмысы. Бұндай жиындарда ата
– аналар балабақшадағы белгілі бір жас тобындағы және отбасындағы тәрбиенің
мақсаты және міндеттерімен, түрлері және әдістерімен жүйелі түрде таныстырылып
отырады.
Біздің балабақшада ата – аналарға арналған консультациялық пункт ашылған,
онда ата – аналар өзіне бала тәрбиесіне қажетті ақпаратты, сондай – ақ психолог,
мамандардан кеңес ала алады. Өскелең ұрпақ тәрбиесі қашанда маңыздылығын
жоғалтқан емес. Бүгінгі заманның педагогына қойылатын талап та өте жоғары.
Педагог үнемі ізденісте жүрсе, ал ата – ана бұл үдерісте қолдау көрсетіп, көмекке
келетін болса, жұмыс табысты болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |