Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



Pdf көрінісі
бет72/96
Дата08.01.2017
өлшемі14,44 Mb.
#1410
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   96

 

Литература: 

1.  Болотов  В.А.,  Сериков  В.В.  Компетентностная  модель:  от  идеи  к 

образовательной программе // Педагогика. - 2003. - № 10. 

2.  Зимняя  И.А.  Компетентностный  подход.  Каково  его  место  в  системе 

современных  подходов  к  проблемам  образования?  (теоретико-методологический 

аспект) // Высшее образование сегодня. - 2006. - № 4. - С. 20-27. 

3.  Рубцов  В.В.,  Марголис  А.А.  Роль  и  задачи  психолого-педагогической 

диагностики  в  определении  качества  образования  //  Психологическая  наука  и 

образование. 2007.  

4. Жирикова Ф.А. Использование современных образовательных технологий, в том 

числе  ИКТ,  компетентностный  подход,  интерактивные  методы  в  процессе  обучения 

предмету и в воспитательной работе, www.edukbr.ru. 

5. ГОСО -2012 дошкольного воспитания и обучения. Утверждено постановлением 

Правительства РК от 23.08. 2012 года№1080, Астана. 

6.  Компетентностно-ориентированное  образование  в  ДО,  www.detsad.com 

«Разработка   и   апробация   системы   оценки   качества   дошкольного 

образования в условиях НСОТ в ДО», www.eurekanet.ru. 

 

 


 

756 


 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҰСАҚ МОТОРИКАСЫН ДАМЫТУ 

ЖОЛДАРЫ 

 

Мадешова А.А. 



№42 «Тілек» балабақшасы, Қарағанды қаласы 

 

Ұсақ  моториканы  дамыту  жұмыстарын  ерте  сәбилік  шақтан  бастаған  дұрыс. 

Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан  активті нүктелеріне 

әсер  ете  отырып  массаж  жасау  керек.  Ерте  жаста  және    мектепке  дейінгі  кіші  жаста 

қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды 

пайдалану ұсынылады. 

 Сонымен қатар өзіне -өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі 

ағыту,  бауын  байлау,  т.б.  Ал  ересек  топтағы  балалар  үшін  ұсақ  моториканы  дамыту 

және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, 

жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады.  

Ұсақ  моториканы  дамытудың  маңыздылығы  неде?  Адамның  бас  миында  саусақ 

қимылына  және  сөйлеуге  жауап  беретін  орталықтар  өте  жақын  орналасқан.  Ұсақ 

моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап 

беретін орталықты да дамыта аламыз.  

Педагогтар мен балалар психологының мақсаты- ата – аналарға ұсақ моториканы 

дамыту  ойындарының  маңыздылығын  ұғындыру.  Баланы  қызықтыруда  және  жаңа 

хабарларды игеруіне көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыру, алға қойған мақсатына 

жетуін,  тапсырманы  орындауда  қиындыққа  кездессе  мойымауына  үйрете  отырып,  аз 

мөлшердегі жетістіктерін де бағалап, мадақтап қоюды да ұмытпауы керек.  

Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының құрылымының 

даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын басқара білу туады. Сондықтан 

ешқашан да баланы мәжбүрлеуге болмайды.  

Қазіргі кезде баулы ойыншықтардың көбейгенін немен түсіндіруге болады. Қазіргі 

ата  –  аналарда  мұндай  ойыншықтар  болған  жоқ  қой,  сонда  олар  осындай  қалыпты 

деңгейге қалай жетті? Бір түсінбейтін нәрсе, осының бәрі не үшін керек?  

Қазіргі  кездің  балаларында  жалпы  моторлық  артта  қалушық  байқалады  екен. 

Ойлап  көріңізші,  тіпті  қазіргі  балабақшадағы  балалардың  ешбірінде  баулы  аяқ  киім 

кездеспейді.  Бау  байлауды  үйрету  ата-  анаға  да,  тәрбиеші  ге  де  қиындық  туғызатын 

болса керек. Осыдан 20 жыл бұрын ата- аналарға, олармен қоса олардың балаларына 

көп нәрсені қолмен жасауға тура келді: кір жуу, тоқу, тігу т.б. Ал қазіргі кезде осының 

бәрін жасайтын машина.  

Жалпы  моториканың  дамуының  аздығын,  соның  ішінде  қол  қимылының  аздық 

себебін  зерттей  келе  қазіргі  заманғы  барлық  баланың  жазуға  дайын  еместігі  немесе 

тілінің дамуында бір ақау бар екендігі анықталды. Осыдан келе мынадай қорытынды 

шығаруға  болады:  егер  тілінің  дамуында  ақау  болса,  онда  бұл  ұсақ  моториканың 

мәселесі.  

Тіпті баланың сөйлеу тілі қалыпты болған жағдайда бұл қолын басқаруы қалыпты 

деген сөз емес. Егер 4 - 5 жастағы балада бау байлау қиындық келтірсе, ал, ермексаздан 



 

757 


 

тек шар мен ұзынша жабыстырылса, және 6 жаста тиек тігу- орындалмас және қауіпті 

іс болса, онда сіздің балаңыз кінәлі емес.  

Өкінішке орай көп ата- ана қолдың икемі мен ұсақ моториканың даму деңгейінің 

төмендігін  тек  мектепке  барарда  ғана  байқайды.  Бұл  балаға  өте  ауыр  жүк.  Жаңа 

хабарларды қабылдаумен қатар, икемге келмейтін саусақтарымен қарандашпен жазып 

үйренуі керек.  

Кішкентай ғана сәбидің қалайтыны қозғалу, қозғалыс- әлемді танудың мүмкіндігі. 

Яғни, бала қозғалысының дәл және нақты болса, оның әлемді ақылмен тануы да терең 

бола түспек.  

Егер сіз бірінші сынып оқушысында жазуда қиындық болмасын десеңіз немесе 3 

жастағы  баланың  тілінің  дамуында  ақау  болмасын  десеңіз  дамыту  ойын  – 

жаттығуларын бала туылған соң екі айдан кейін бастаңыз. Ұсақ моториканы дамыту 

әдістемесі  мұндай  жағдайда  өте  тиімді.  Омыраудағы  баланың  саусақтарын  уқалауға 

болады, жас жарымдағы баламен саусақ ойындарын бастауға болады. Мысалы, баланың 

бас  бармағын  жаймен  сипап  отырып,  оған  былай  деңіз:  «Саусақ  –бала  сен  қайда 

болдың?» Содан соң бас бармақты балан үйрекпен түйістіре отырып, « мына саусақпан 

орманға бардым», ортан түйрекпен түйістіре отырып, «мына саусақпен щи пісірдім», 

Осылайша жалғастырып басқа саусақтармен де «мына саусақпен ботқа жеп, мына 

саусақпен ән салдым» деп аяқтайсыз. Балаларға бұл жаттығу қатты ұнайды, уақытты да 

көп алмайды, ал пайдасы оның өте көп, себебі  ұсақ моториканы дамытып жатырмыз 

ғой.  


Бір  жастан  асқан  балалар  үшін  –  саусақ  бассейні  әдістемесі  өте  пайдалы.  Бір 

ыдысқа  1  кг  бұршақты  немесе  фасольді  төгеміз  де  ішіне  баланы  қызықтыратын  бір 

ойыншықты  көміп  қоямыз.  Сондан  соң  оны  тауып  беруін  өтінеміз.  Бұл  қызықтыру 

жаттығуы кезінде баладан алыстап кетпеңіз. Себебі ұсақ нәрселерді аузына салып алу 

қаупі бар.  

Қазіргі кезде «ұсақ моторика» деген тіркесті жиі естиміз.  

Сол ұсақ моторика дегеніміз не?  Физиологиялық  тұрғыдан  айтқанда ол қолдың 

ұсақ бұлшықеттерінің қозғалысы.  

Сонымен  қатар  «қол  мен  көздің»  тепе-теңдігін  де  ұмытпауымыз  керек,  себебі 

қолдың ұсақ қозғалысы көздің бақылауымен жүзеге асады.   

Бала қозғалысы қоршаған ортадағы заттарды танып-білу барысында қалыптасады. 

Ересек  адам  нақты  бір  әрекет  жасағанда  біздің  білегіміз  әртүрлі  бағытта  қозғалу 

арқылы, қол қимылын жеңілдетеді. Ал балаға білегін айналдыру әлі де қиынға соғады.  

Сондықтан  қозғалыс  жасау  кезінде  оның  қолының  иықтан  төмен  барлық  жері 

қозғалады.  Яғни қарапайым қозғалыстың өзі баланың көп энергиясын кетіреді.  

Неліктен баланың ұсақ моторикасын дамытуымыз керек? 

Адам миының сөйлеуге және қолдың ұсақ қозғалысына жауап беретін аумағы өте 

жақын орналасқан.  

Яғни  ұсақ  моторикаға  стимул  жасау  арқылы  біз  сөйлеу  әрекетінің  белсенділігін 

арттырамыз.  

Ұсақ  моторика  баланың  өсе  келе  киініп  шешінуіне,  сурет  салуына,  жазуына 

көмектеседі.     



 

758 


 

Ұсақ моториканы дамытудың баланың жалпы дамуында да алатын орны ерекше. 

В.А.Сухомлинский бала  қабілетінің  қайнар  көзі оның  саусақтарының ұшында  екенін 

жазған. Бала қолының қозғалысы қаншалықты епті болса, соншалықты ойлауы, сөйлеуі 

жақсы дамиды.  Яғни бала қолымен көбірек жұмыс істесе, ақылы да сонша өседі.   

Кішкентай  сәбидің  қолына  массаж  жасау  арқылы  біз  алақандағы  ми 

қыртыстарының жұмысын жақсартатын аймақтарды басамыз. 

Данышпан қазақ халқымызда бұған да ерекше назар аударған.   

Мысалы,  «Қуырмаш»,  «Санамақ»  т.б.  ойындарды  ойнатудың  баланың  ұсақ 

моторикасын,  көру-қозғалыс  тепе-теңдігін  сақтауда,  зейін  қою,  есте  сақтау,  санау 

қабілеттерін дамытуда маңызы зор. 

Осылайша,  жұмыс  нәтижесі  тиімді  болуы  үшін  саусақтың  нәзік  қозағлысын 

қалыптасыру  бойыншатүрлі  –  әдіс  –тәсілдер  мен  қабылдаулар  міндетті  түрде 

пайдаланылуы қажет.  

Жұмысымның  нетижесі  ретінде  түрлі  жұмыстар  атқару  барысында  балалар 

қызығушылығының артқанын байқадым.  

Көрнекті ғалым – Мария Монтессори: «Жұмыс жасамас бұрын баланы үйреудің 

амалын табу, қайталама жатығулар арқылы қозғалыстар дайындау қажет деп айтқан.  

Бала затты алғанда жаман қылық жасағанын байқаса, өзін жеке қателік жасадым 

деген сезімге бой алдырады, сонымен қоса баланың алғашқы әсері немесе ойы  – өте 

анық және күшті» екенін естен шығармау керек деп жазған болатын.  

Міне,  сондықтан  да  шығармашылық  процесстен,  өзі  жасаған  істен,  әр  жұмысты 

немесе әр қимылды жоғары қызығушылықпен жасауға үйретемін.  

Бұдан әрі де түрлі қызметке деген қызығушлықты қалыптастыратын ұсақ қол және 

жалпы моториканы дамытуға септігін тигізетін жаңа әдістемелік қабылдаулар іздеcтіру 

жұмысын жалғастырамын.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер  



• Бардышева Т. Ю. Сәлем, саусақ. Саусақ ойындары.  

•  Большакова  С.  Е.  Ұсақ  қол  моторикасын  қалыптастыру:  Ойындар  мен 

жаттығулар.  

• Пименова Е. П. Саусақ ойындары. 2007.  

 

БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 



 

Майданова Толкын Канатовна 

КМҚК №134 "Гауһар" балабақшасы 

 

Тіл – ұлт мәдениетінің қайнар көзі. Әр халықтың ұлттық дәстүрінің, сана сезімінің, 



сөйлеу,  ойлау  тәсілінің,  мінез-құлқының,  мәдениеті  мен  әдеп  ниетінің  айрықша 

белгілері тіл арқылы бейнеленеді. Тіл өнерінің құнын халқымыз өте биік бағалап, «Өнер 

алды – қызыл тіл» деген.  

Егеменді  еліміздің  талабына  сай  мемлекеттік  тілді  меңгеру,  қазіргі  заманға  сай 

білімді  де,  тәрбиелі  ұрпақ  тәрбиелеу  педагогтар  еншісінде.    Мектеп  жасына  дейінгі 

балалардың  сөйлеу  дағдысын  дамыту  мәселесі  бағдарламаға  сай  дидактикалық 



 

759 


 

ұстанымдарды  басшылыққа  алып  жүргізіледі.  Әсіресе,  баланы  мектепке  даярлауда 

олардың байланыстырып сөйлеуін, сөздік қорын байыту, өз ойларын басқару, түсіндіре 

білу жақтарына баса көңіл бөлінеді. Берілетін білім мен тәрбиелеу әр уақытта баланың 

өз ана тілі арқылы іске асады[1].  

Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту мәселелерімен айналысқан Н.Құлжанова, 

Б.Баймұратова, 

А.Бақреденова, 

Х.Қожахметова, 

А.Меңжанова, 

Ә.Әмірова, 

Қ.Меңдаяхова  және    т.б.  ғалымдардың  еңбектерін  талдау  барысында    балалардың 

сөйлеу дағдысын қалыптастыру  мәселесінің әр қырынан анықталған.  

Б.Баймұратованың  пікірінше,  балалар  жеке  заттарды  біліп  қана  қоймай,  оларды 

жіктеп,  топтап  айта  білуге,  әр  заттың  қайдан,  неден  жасалатынын,  қалай  пайда 

болатынын түсінуге тырысатындығын айтады.  

Сәбилердің  дүниетанымын  кеңейтіп,  ойын  өрістетіп,  тіл  байлығын  жетілдіруде 

балабақша  тәрбиешілерінің  ролі  ерекше.  Балабақшада  балаларды  дұрыс  сөйлей  білу 

мәдениетіне  айнала  қоршаған  ортамен,  сондай-ақ  көркем  әдебиетпен  таңыстыру 

арқылы  жүзеге  асырылады.  Әрбір ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінде  дидактикалық 

ойындарды  қолдану  арқылы  балалардың  сөйлеу  дағдысын  қалыптастырып,  қиялын 

шарықтатып, ойлау қабілетін ұштауға болады.  

"Сөз-сөзден  туады,  сөйлемесе  қайдан  туады?"  демекші.  Қазіргі  уақытта 

балалардың сөйлеу тілі кеш шығып, түсініксіз болуда. Сонымен бірге, отбасында екі 

тілде  сөйлеуде  бұл  баланың  сөйлеу  тілін  бұрмалап,  кешеуілдеп  шығуына  әсер  етеді. 

Баланың  сөйлеу  тілі  оның  психикасына  да  әсер  етеді.  Өзінің  достарының  арасында 

тұйықталып,  аз  сөйлеуге  тырысады.  Қоғамда  өзін  қолайсыз  сезініп  шеттетіліп  қала 

береді. Сондықтан да ерте жастан бастап сөйлеу тілін түзету ұтымды болады.  

Балалардың  сөздік  қорын  дамытуда  ойын,  тапсырма  жаттығулардың  орны 

ерекше.Соның  ішінде  ойын  баланың  шын  тіршілігі.  Ойын  балалар  үшін  айналаны 

танып,білу тәсілі. Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-

рольді ойындар , дидактикалық ойындар, құрылыс ойындары, қимылды ойындар және 

ұлттық  ойындар  болып  бөлінеді.Ойын  баланың  тілін  дамуына  ықпалын  тигізеді. 

Мысалы:  Біз  қазір  ойын  ойнаймыз.  "Ненің  құйрығы?"  ,"Мен,  сен,  ол"  "Кімде  не 

бар?"т.с.с. 

Балалардың  сөйлеу  дағдысын  қалыптастыруда  тапсырмаларды  құру  барысында 

балалардың жас ерекшеліктеріне, сөйлеу тіл мүмкіндіктеріне, - тапсырмаларды қалай 

түсінетініне  назар  аудару  қажет.  Тапсырмаларды  ауызша  және  көрнекілік  арқылы 

беруге болады. 

Сөйлеу  мәнерінің  қалыптасқан  үлгісі  -  тілдік  тәсілдер  мен  сөз  шеберлігін  дәл 

орнымен  қолдану  деген  сөз.  Балабақшадағы  тәрбиелеу  және  оқыту  жұмысында 

балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, 

үйренген сөздерін күнделікті іс-әрекет кезінде, тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге 

жаттықтыру ісіне ерекше мән беріледі.  Бала айналадағы өмірмен танысу нәтижесінде 

әр  түрлі  құбылыстармен  бетпе-бет  кездеседі.  Күнделікті  тұрмыста,  табиғат  аясында 

ойын,  еңбек,  серуен,  сабақ  процесінде  қоршаған  орта  туралы  жаңа  сөздер  үйренеді. 

Үйренген  сөздерін күнделікті іс-әрекет үстінде қолданады. 

Баланың сөздік қорын байыту, нақтылау үшін, күнделікті өмірде орынды қолдана 

білуі  үшін  жаңа  сөздің  мәнін,  мағынасын  жете  түсіндіріп,  белсенді  сөздік  қорын 


 

760 


 

арттыру қажет. Ауыз әдебиеті үлгілері: мақал- мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, ертегілерді, 

сюжетті  суреттерді  ойын,  жаттығуларды  балаларға  арналған  мультфильм, 

кинофильмдерді пайдаланып, ертегі мазмұнын қайта жаңғыртып, ондағы кейіпкерлерді 

сынау,  сипаттау,  сұраққа  жауап  беру  әдіс-  тәсілдерін  қолдана  отырып  сөз  туындату, 

сөйлем  құрау,  шығармашылықпен  қысқаша  әңгіме  құрастыру  арқылы  баланың  тілі 

дамытылады[2].  

Тәрбиеші-мұғалімдер  мен  ата-аналардың  баланы  жеке  заттардың  аты  болып 

табылатын сөздерді айтуға үйретуі, сабақта сөздік жұмысын жүргізуі, сөзді құрайтын 

дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтырып, мұны тілдің грамматикалық жағын меңгеру 

жұмыстарымен  ұдайы,  бірлікте  іске  асырып  отырады.  Байланыстырып  сөйлеуді 

жетілдіре отырып, жеке сөздердің тура мағынасы мен ауыспалы мағынасына, сөздің көп 

мағыналылығына, яғни сөздің семантикалық жағына көңіл бөліп отырудың да маңызы 

ерекше.  Үқсас  және  біртекті  заттарды  атайтын  жалпы  есімдерді  (киім,  жеміс,  тағам, 

мүлік, мал т. б), антоним, синонимдерді, салыстыру мағынасын беретіні бейнелі көркем 

сөздерді үйретудің де рөлі зор.  

Тіл  дамытуды  қалыптастыруда  қарым-қатынас  маңызды  құрал  болып  табылады. 

Сөйлеу іс- әрекетін қалыптастыруда баланың айналасындағы адамдармен өзара қарыым 

-  қатынасы  тілдік  белгілер  жүйесі  арқылы  жүзеге  асатын  күрделі  процесс  болып 

табылады. 

Мектеп жасына дейінгі бала тілді үлкендерден үйренеді. Сөз  – педагогтың еңбек 

құралы.  Баланың    ой  –  өрісін  кеңейту,  ақыл  –  ойын  дамыту,  мінез  –  құлқын,  еркін 

тәрбиелеудің бірі – тәрбиешінің сөзі арқылы іске асады. Қоршаған өмір тіршілігімен 

бөбектерді таныстырып, білім беруде баланың нені қай дәрежеде ұққанын, нені есіне 

сақтағанын  байқау,  жалпы  құралмен:  ойыншықпен  түрлі  затпен,  оқу  құралымен, 

суретпен көрсетіп балаға үйретуде педагогтың әбден төселген сөйлеу дағдысы, сөйлеу 

мәнерінің қалыптасқан  үлгісі болады. Мектеп жасына дейінгі  балалардың  сөздік қоры, 

сөйлеу  мәнері,  сөз  сарыны  соларға  еліктеу  арқылы  қалыптасады.  Сондықтан 

тәрбиешінің  сөздік қоры бай, тілі орамды, стилі жатық, дыбыстау мәдениеті өрісті де 

өрелі болғаны абзал. Қызықты әңгіме, ертегі, өлең, тақпақтарды мақамдап айту- халық 

шығармашылығын  ұрпақтан – ұрпаққа жеткізудің дәстүрлі тәсілі болып келді. 

Бала  тілінің  дамуы,  негізінен,  эмоциялық  ортаға,  әр  баланың  отбасында 

қалыптасқан әке мен шешенің, әже мен атаның, үлкен мен кішінің қарым-қатынасына 

тікелей  байланысты.  Баланың  өзге  жұртпен  қарым-қатынасы,  амандасуы,  үлкен-

кішімен  сөйлесуі-  бәрі-бәрі  отбасынан  басталады.  Оның  алғашқы  ұстазы  ата-анасы, 

тетелес ағалар мен әпкелері. Олар мен күнбе-күн араласу, сөйлесу арқылы баланың тілі 

күн санап жетіле береді. Адамның тілі неғұрлым бай болса, ойы да нғұрлым кең болады. 

Сондықтан бала тілін кішкене күнінен әдебиеті мен көркем шығармалардан үзінділер 

оқып таныстырудың маңызы зор.  

Бүгінігі техникалық мүмкіндіктер дамыған заманда білім беру мекелерінің де, ата-

аналардың  да  балалардың  сөйлеу  дағдысын  қалыптастыру  мүмкіндіктері  кеңейді. 

Балалардың  сөйлеу  дағдысының  қалыптасуына  теледидар,  интернет  арқылы  көрген 

ертегілері,  қойылымдар,  ойындар  мен  түрлі  бағдарламалар  өз  септігін  тигізіп  жатар. 

Бала  тілінің  дамуы  ата-ананың  баланы  жалғыз  теледидар  не  компьютер  алдына 

отырғызып,  ғаламтордан  түрлі  бағдарламалар  мен  фильмдерді  көруіне  жағдай 


 

761 


 

жасаумен емес, керісінше, ертегілерді бірге көріп, не болмаса ертегіні ата-ана өзі оқып 

беріп, баланың ертегіні түсінгенін, я түсінбегенін байқап, сұрақтарына жауап бергенде 

ғана  нәтижелі  болады.  Сондықтан  әрбір  ата-ана  өз  баласының  мүмкіндігін,  жас 

ерекшелігіне тән сөздік қорын жетілдіріп отыруға тырысуы тиіс. 

Баланың  тілін  дамыту  жұмысың  негізгі  мазмұны  –  сөздің  жалпы  ұғым  беретін 

жағын  меңгеруге  көңіл  бөліп,  ойлау  қабілеттерін  дамыту,  өз  ойын  еркін  жеткізуін, 

қоршаған  орта  мен  айналасындағы  адамдармен  еркін  қарым-қатынасқа  түсу,  сөйлеу 

қабілеттерін қалыптастыру[3].  

Сонымен қатар, балалардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру төмендегідей нақты 

міндеттерді орындағанда жүзеге асырылады:  

1. Баланың сөздік қорын қалыптастыру, оны белсенді түрде байыту;  

2.  Бала  тілінің  дыбыстық  жағын  жетілдіру,  мәнерлі  де  мәдениетті  сөйлеуін 

тәрбиелеу;  

3. Тілдің грамматикалық жағын қалыптастыру, грамматикалық  

формалардан ауытқымай сөйлеуге машықтандыру;  

4. Ауызекі сөйлеу тілінің қалыптасып, дамытылуын іске асыру;  

5. Өз ойын монологты түрде байланыстыра жеткізе білуге үйрету;  

6. Көркем сөзге баулу;  

7. Сауаттылыққа үйрету.  

Сөйлеу дағдысын дамыту әдістеріне жатады: балаға айналадағы өмірді бақылату, 

бақылай білуге үйрету. Сурет көрсетіп әңгімелесу. Фильмдер көрсету және оны талдау. 

Көркем  әдебиет  шығармаларын  оқып,  тыңдату.  Осының  бәрінде  бала  білетін  және 

жаңадан үйренетін сөздер түсіндіру; түрлі жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.  

 

Әдебиеттер  



1. Мемлекеттік жалпы міндетті мектепке дейінгі 3 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға 

білім беру стандарты. Ресми басылым. Астана. 2007 ж.  

2. Баймұратова Б. Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту методикасы. 2-6 

жас аралығы. Алматы: Рауан, 1992.  

3.Л.П.  Федеренко,  Г.А.Фомичева,  В.К.  Лотарев,    Мектеп    жасына    дейінгі  

балалардың  тілін  дамыту  методикасы. А., «Мектеп», 1981, 244 б. 

 

БАЛАБАҚШАДА МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАРДЫ ҚАЛАЙ ҚОЛДАНАМЫЗ? 



 

Майпасова Зарина Сергеевна 

КМҚК «Қарлығаш» балабақшасы 

 

Балабақшадағы  музыкалық  тәрбиеннің маңызы  балабақшадағы  сәбилік  шағынан 

тәрбиеленіп  келе  жатқан балада  музыканы  тыңдау,  оны  түсіну,  есте  сақтау,  ажырата 

білу,  ән  салу,  би  билеу,  сазгерлерді,  аспаптарды  тану  қабілеттері  бірте-бірте 

қалыптасады. Ал, балабақшаға қамтылған баланың бойына қысқа мерзім ішінде аталған 

білім  дағдыларын  қалыптастыру  музыка  жетекшісінің  алдына  қойылған  аумақты  да, 

жауапты ісі. 


 

762 


 

Мектепке  дейінгі  жастағы  баланың  музыкамен  айналысуының  маңызы  зор. 

Балалар халық әндерімен қатар түрлі классикалық музыка және вокалдық шығармалар, 

инструменталдық (фортепиано, скрипка, аккардеон, флейта, домбыра, қобыз және т.б.) 

шығармаларды  тыңдап,  ішкі  дүниесімен  қабылдауға  тырысады.Олар  музыкалық 

шығарманның көркемдік бейнесін суреттеумен қатар, музыкалық аспаптарды ажырата 

алады.  Музыкалық  сауаттылығын  көтеруге,  музыкалық  аспаптарда  ойнауға 

қызығушылығы  арта  түседі.  Ол  үшін  сазды  естіп-тыңдау  қабілетімен  қатар  баланың 

эмоционалдық  қасиеттерін  дамытып,  ойын  түрлерімен  жоғарғы  дауыстық  әуендерді 

пайдаланған  жөн.  Баланың  музыкалық  дыбысты  ажырату  қабілетін-шаруашылыққа 

деген қызығушылықты арттырып, музыкалық аспаптарда ойнап үйренуге жол ашады. 

Балаларға  эстетикалық  тәрбие  беруде  музыкалық  ойыншықтар  мен  музыкалық 

аспаптарға  айрықша  мән  беріледі.  Өйткені  олар  балалардың  зор  қызығушылығын 

тудырады.  Сондай-ақ,  бұлар  балдырғандарды  музыка  сферасына  қызықтыру, 

шығармашылық  қабілетін  жетілдіру  мақсатында  отбасында,  балабақшада  да  кеңінен 

қолданылады.  Музыкалық  аспаптарды  мектепке  дейінгі  балаларды  тәрбиелейтін 

мекемелерде пайдаланудың мүмкіндігі мол. Бос уақытта музыкаға жеке әуестенушілік

балалар оркестріндегі коллективтік орындаулар осындай мүмкіндік  болып табылады. 

Педагог әуелі аспаптардың көмегімен балалардың музыкамен өздігінше айналысуына 

түрткі  болуға  күш  салады.Балалар  өздеріне  таныс  шағын  әндерді  ойнауды,  жеңіл 

ырғақтарды немесе жеке интонацияларды ойдан шығаруды, есту қабілеті арқылы таныс 

әуенді  іріктеуді  «музыкалық  жаңғырта»  ойнауды,  ән  айтуды  және  өз  дауысына 

келтіруді  үйренеді.  Кейбір  ойыншық  аспаптар  дидактикалық  көрнекі  құрал  ретінде 

пайдаланылады. Олар педагогтың мектепке дейінгі балалардың музыкалық-сенсорлық 

қабілетін  дамытуына,  музыкалық  сауаттылықтың  жекеленген  элементтерімен 

класстаныстыруына көмектеседі. 

Балабақшада  музыкалық  аспаптардың  түрлерін  ансамбль  немесе  шағын  оркестр 

құруға болатындай етіп жинақтаған жөн. Балалар аспаптарының дауысы таза, тембрі 

анық, көлемі мен салмағы жағынан қолайлы, құрылымы қарапайым, мейлінше мықты 

болуы керек. Жөндеуді, жүйелі дыбысқа келтіруді қажет ететін музыкалық аспаптар оқу 

іс-әрекеті басталмай тұрып ретке келтірілуі тиіс. 

«Музыкалық  ойыншықтар»,  «Балалардың  музыкалық  аспаптары»  деген  атаулар 

жай шартты атаулар. Музыкалық ойыншықтар көбінесе сюжеттік және дидактикалық 

ойындарда  қолданылады.  Музыкалық  ойыншықтарды  негізінен  балғын  жастағы 

балалар пайдаланады. Бірақ кейбір ойыншықтар музыкалық аспаптар сияқты оркестрге 

қосыла  алады.  Балалардың  музыкалық  аспаптары  көбінесе  кәдімгі  аспаптардың 

көшірмесі болып табылады. Әрине, олар музыкалық аспаптар сияқты аталып, сыртқы 

көрінісі  мен  дыбыстауы  жағынан  ұқсас  болғанымен,  мейлінше  қарапайым 

болғандықтан кәдімгі музыкалық аспап дыбысын толық бере алмайды. Дыбысталуына 

қарай  балалардың  музыкалық  аспаптары  мен  ойыншықтарын  белгілі  бір  түрлерге 

топтап бөлуге болады. 

1.Дыбыссыздар. Бұл ойыншықтар музыкалық аспаптарды ғана бейнелейді. Олар 

дыбыс  шығармайтын  пернелі  пианино,  ойналмайтын  шекті  домбыра,  жарғақты  баян 

және т.б. Дыбыссыздығына қарамастан, олардың сыртқы түрі тартымды, әрі ойынды 

құбылтуға  мүмкіндік  береді.  Балалар  көбінесе  өздерін  «музыкалық  жетекші» 


 

763 


 

дәрежесінде ұстап, үлкендерге еліктей отырып, «музыкадан ұйымдастырылған оқу іс-

әрекетін»  өткізеді.  Пианиношы,  баяншы,  домбырашы,  балалайкашы  болады,таныс 

әндерін құбылта орындайды, кейде оларды өңдеп немесе өз жанырынан шығарады. Бұл 

әрекеттердің бәрі, сөз жоқ баланың музыкалық-есту түйсігін, шығармашылық қиялын 

жетілдіреді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет