Бақылау диктанттары



бет12/15
Дата13.10.2022
өлшемі175,5 Kb.
#42898
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Диктанттар

Жол ашық – жүре беріңіз!
Өзіңе таныс үш көзді бағдаршам алдыңда тұр. Бағдаршам көше қиылысына ілінеді. Түрлі-түсті көздері кезектесіп жыпылықтайды.
Бағдаршамның қызыл түсі нені аңғартатынын түсіну қиын емес. Бұл әрдайым қауптілік белгісі. Өйткені ол көзге бірден ілінетін қызыл түс.
Қызыл шамнан кейін бағдаршамның сары түсі жанады. Ол дайындық белгісі.
Еш уақытта асықпа. Көше қиылысында жасыл түстің жануын күт. Бағдаршамды тыңдамағанның арты қайғылы болатынын ұмытпа. (60 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: бағдаршам, аңғартатынын.

  1. Мәтіннен есімдіктерді табыңдар. Оларды теріп жазыңдар.

  2. Жіктеу есімдіктерін жазыңдар. Оларды септеңдер.



Ақтөстің көмегі
Қыстың ашық күні еді. Самат ойнауға шықты. Ол төмпешікке қарай бет алды. Соңынан иті ақтөс ілесті. Төбешік ауыл сыртында еді. Олар төбешікке жетті. Ызғырып жел тұрды. Күн суыта бастады. Самат үйіне тезірек жетпекші болды. Сол кезде ешнәрсе көрінбейтін боран болып кетті. Саматтың жүгіруге шамасы келмей қалды. Қолы бір нәрсеге тигендей болды. Самат Ақтөстің қарғыбауынан мықтап ұстап алды. Ақтөс оны үйіне алып келді. (63 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: төмпешікке, қарғыбауынан

  1. Мәтіннен күрделі етістікті табыңдар. Астын сызыңдар.

  2. Жетті деген етістікті көпше түрде жіктеп жазыңдар.

  3. Есімдіктерді тауып, теріп жазыңдар.



Ауа райын болжайды
Қазақстанның солтүстігіндегі орманда құрлар мекендейді. Қыс бойы олар қайыңның бүршігін қорек етеді.
Бір күні қызық жағдай болды. Таңертең күн ашық еді. Құрлар қайыңның арасында жем етріп жүрген болатын. Кенет тобымен ұша жөнелді. Олар күннің бұзылатынын сезген екен. Түстен кейін боран соқты.
Қырғауыл мен кекілік те боран боларын алдын ала сезеді. Сондықтан олар күні бойы жем тереді. Боран басталғанда ықтасынға тығылады. (60 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: солтүстігіндегі, ықтасынға.

  1. Мәтіннен үстеулерді тауып, теріп жазыңдар. Олардың түрін ажыратыңдар.

  2. Шылауларды табыңдар. Шылаулар арқылы байланысқан сөздер қай сөз табына жататынын анықтаңдар.

  3. Соңғы сөйлемді сөз таптарына талдаңдар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет