Бақыттың кілті


Әйеліммен тіл табыса алмаймын



Pdf көрінісі
бет129/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   184
Әйеліммен тіл табыса алмаймын
Бір күні хазреті Мәнсур бин Аммарға жақында үйленген 
шәкірті келеді. Көңіл-күйі түсіңкі еді. Әулие кісі халін түсініп: 
– Тыныштық па балам, көңілсіз көрінесің? 
– Иә, ұстаз, әйеліммен тіл табыса алмай жүрмін. Мінезі 
өте шатақ, мен де қызуқандымын. Сол себепті ажырасуды 
ойлап жүрмін. 
Олай етпе балам. Ажырасудан сақтан!- дейді. 
Сосын басын төмен түсіріп, тәфәккур еткендей болып, 
басын көтереді де: «Ұлым, жүрегім сенің көп өміріңнің 
қалмағанын сезетін сияқты» дейді. Сонда жігіт қобалжып: 
– Қалайша, ұстаз? өте аз ба? қаншалықты өмірім қалды? 
– Өкінішке орай, үш айдай қалды, балам,- дейді.
Осыдан кейін жігіт аянышты күйде үйіне қарай беттейді. 
Сол күннен бастап әйелімен мүлдем ұрыспай, тату-тәтті өмір 
сүреді, құдды “періштедей” болған еді. Хадис шәрифте 
айтылғанындай: «Өлім – ең үлкен насихатшы.» Міне, бұл 
да соның бір мысалы... 
Көгерген көшет
Жаңадан үйленген екі жас алғашқы айларында-ақ 
тұрмыстарының өздері ойлағандай болмай шыққандығын 
түсіне бастады.
Негізі бір-бірін жақсы көретін. Екеуі де ажырасуды 
қаламайтын бірақ бұдан әрі де бұлай жалғасуын тоқтататын 
шешім іздеді.
Ері “маған бір ой келді” деді. “Бақшаға бір ағаш 
отырғызайық. Егер бұл ағаш үш ай ішінде қурап кетсе 
ажырасайық. Қурамай өніп кетсе бұдан былай бұл тақырыпты 
қозғамайтындай болайық. Ал бұл мерзім ішінде екеуміз екі 
бөлек бөлмеде тұрайық.” 
Бұл пікірді келіншегі де құптап, ертеңіне бір жеміс көшетін 
алып бірге бақшаға отырғызады. Арадан бір ай өтеді. Бір түні 


ЖАНҰЯ
- 187 -
бақшада кездесіп қалады. Екеуінің де қолында су толы бидон 
бар еді.
Бақытты отбасын құрудың жолдары
Күн сайын ажырасу хабарын есту үйреншікті жағдайға 
айналды. Күшті, берік махаббатпен үйленіп, 2 айдан кейін 
ажырасып жататындар ендігі ешкімді таң қалдырмайды. 
Айналамызда алғашқы күнгідей бір-біріне ғашық, бақытты 
жандар күн сайын азаюда. Міне, осындай бақытты отбасын 
құру үшін төмендегі сырларға аса мән беруіміз керек:
Ерлі-зайыптылар кейде болмашы нәрсеге ұрысып-
керісіп жататыны сөзсіз. Ондай кезде ең маңыздысы 
жұптардың тым қатты ашуланбауы, шектен аспауы және 
күтпеген әрекеттер жасамауы қажет. Егер жұбайыңыз ашулы 
болса, сіз жұмсақ мәміле жасаңыз, көңілін жайландыруға, 
ашуын басуға тырысыңыз. Кері қайтарылмайтын сөздер мен 
іс-әрекеттерден сақтаныңыз! 
“Бір ұрыс кезінде маған дауыс көтерді” деп сіз де 
ұрысудан сақтаныңыз! Ұрысумен еш нәрсе шешілмейді. 
Егер дауласудан міндетті түрде біреуі жеңу керек 
болса, зайыбыңыз жеңсін! Махаббаттың билікке таласатын 
соғыс емес екенін ойлап әрекет етіңіз! 
Ешқашан бұрынғы жасаған қателіктерін зайыбыңызға 
қайта-қайта айтып есіне түсірмеңіз! Бүгінге дейін ешкім 
өткенді кері қайтара алмаған және ескіні түзете алмаған. 
Не үшін үйленгеніңізді ұмытпауыңыз керек. Қуаныш 
пен қайғыңызды бөлісу үшін, өмірден екі есе артық ләззат 
алу үшін үйленген жоқсыз ба?
Сөздеріңіздің болымды, сүйіспеншілікке толы 
және салмақты болуына мән беріңіз! Әйтпесе еш нәрсеге 
жарамайды. 
Бір 
жоспар 
құрған 
кезде 
жұбайыңызбен 
ақылдаспасаңыз, оның пікірін сұрамасаңыз немесе жора-
жолдастарыңызға одан да артық уақыт бөлсеңіз, қате жолда 


ЖАНҰЯ
- 188 -
жүрсіз деген сөз. 
Күніне ең аз бір рет өмірлік жарыңызға әдемі сөз 
айтыңыз! Жұбайыңыздың сізден әдемі сөзді естіген кезде 
қандай бақытты болатынын байқадыңыз ба? 
Қателік жасасаңыз қатеңізді мойындаңыз және 
кешірім сұраңыз. Қателік жасауыңыз дүниенің соңы емес. 
Бәрінен маңыздысы қате жібергеніңізді түсінуіңіз. 
Үйдегі тыныштықтың ең негізгі қағидаларының 
бірі де – сырттағы адамдармен қалай сыпайы және жақсы 
мәміледе болсаңыз, ең болмаса соның жартысын жанұяңызға 
көрсетуіңіз! 
Әһли хикмет (әулиелер) ғалымдар былай дейді: 
Мына бес нәрсе ер бақытының кілті:
1) Жарының түсінікпен қарайтын және мойынсұнатын 
болуы,
2) Баласының айтқан тілді алатын және сыйлы болуы,
3) Достарының дұрыс және сенімді болуы,
4) Көршілерінің жақсы болуы,
5) Күн көрісінің өз мемлекетінде болуы. Өз мемлекеті 
дегеніміз туған жері деген мағынада емес. Жұмысының 
жақсы болған, салих достарының көп болған, дініне оңай 
құлшылық ете алатын жері дегенді білдіреді.
Мына алты қасиетті бойына жиған әйел шынайы салиха 
(жақсы) сипатты саналады:
1) Бес уақыт намазын үзбей оқуы,
2) Күйеуін жақсы көріп оған мойынсұнуы, 
3) Барлық ісінде Аллаһ разылығын көздеуі,
4) Адамдарды шағыстырудан, өсек, ғайбат айтудан тілін 
тыйуы,
5) Мал-мүлік турасында “зуһд” және “қанағат” иесі болу,
6) Қиыншылықтарға қарсы сабырлы және бекем болуы. 
Мұндай жақсы әйел діннің тірегі, жанұяның негізі, 


ЖАНҰЯ
- 189 -
ғибадаттарда да қолдаушы және көмекші болады. Мұның 
терісі болған әйел жақсы әйел бола алмайды, өзі қуанышты 
болғанмен күйеуін қарабет қылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет