Бақыттың кілті


БҮКІЛ ЖАМАНДЫҚТАРДЫҢ БАСЫ



Pdf көрінісі
бет131/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   184
БҮКІЛ ЖАМАНДЫҚТАРДЫҢ БАСЫ
Бүкіл жамандықтардың басы, негізі арақ екендігі аяти 
кәрима және хадис шәрифтерде білдірілген. Хақ та’ала 
Құран кәрімде «Ей иман келтіргендер! Арақ, құмар, 
табынушылыққа тігілген тастар (пұттар), пал ашу 
оқтары шайтанның амалынан саналатын нәжістер. 
Сондықтан құтылу үшін бұлардан сақтаныңдар!» деп 
бұйырған. (Маида 90)


ЖАНҰЯ
- 191 -
Хадис шәрифтерде де спиртті ішімдіктер қатаң түрде 
жамандалған. Ислам ғалымдары спиртті ішімдіктердің 
зияндарын былай білдірген: 
Арақ ішкен адам жындының бір түріне айналады. 
Адамдардың күліп, мазақ етуіне себепші болады. Айналасын-
дағы адамдардың алдында қадірі қалмайды. Адамның 
ұятын, ар-намысын жояды. Өйткені хадис шәрифте: «Арақ 
ішкен адамның ұят пердесі жыртылады, шайтан оған 
жолдас болады, әр түрлі жамандыққа жол ашады және 
жақсылыққа тосқауыл болады» делінген. 
Спиртті ішімдік адамның ақыл-есіне де, қалтасына да 
зиянды болып табылады. Ақшаның жаман жолға жаратылып, 
рәсуа болуына себеп болатыны секілді, ақыл-естің де кемуіне 
себеп болады. Пайғамбарымыз: «Арақ мал-мүлікті жояды, 
ақылды аздырады» деген.
Арақ достардың, ағайын-бауырлардың арасында дұшпан-
дыққа себеп болады. Құран кәрімде: «Шайтан арақ және 
құмарда тек араларыңа дұшпандық және іріткі салуды 
көздейді» делінген. Спиртті ішімдік адамды Аллаһты еске 
алудан және намаз оқудан алыстатады. Аллаһу та’ала Құран 
кәрімде: «Шайтан арақта және құмарда сендерді Аллаһты 
еске алудан және намаз оқудан алыстатады» деген. 
Арақ шәһуатты қоздырады, адамды зинаға апарады. Хадис 
шәрифте «Арақ зинадан да жаман» делінген. 
Сондай-ақ ішкілікке салынған некелі еркек өзі аңғармай 
неке бауын үзетін сөздер айтуы мүмкін. Осылайша әйелімен 
зина жағдайына түсуі мүмкін.
Спиртті ішімдік барлық жамандықтардың кілті. Өйткені 
мас адамға кез-келген күнәні істеу оңайға соғады. Адам 
ақылы кеткендіктен харамды, халалды, дұрысты, бұрысты 
ажырата алмайды. Хадис шәрифте «Арақтан сақтаныңдар! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет