ЖАНҰЯ
- 190 -
қарсы алуы керек. Күйеуінің сол күнгі стресін, шаршағанын
басуы керек.
Еркектердің сыртта бөтен әйелдермен некесіз қарым-
қатынасқа түсуінде үйдегі әйелінің де кесірі бар. Азанда
күйеуі жұмысқа кетіп бара жатқанда ұйықтап жатуы, кешке
келгенде көршінің үйінде болуы, назар аудармауы – осыған
апаратын себептердің бірі. Үйден жақын,
жылы қарым-
қатынас көрмеген еркектер уақыт өте келе өзін сырттан
табады. Бұл еркектер кінәсыз деген сөз емес,
әйтсе де
мұнда өз әйелдерінің де қосқан үлесі болады. Осындай
жолға түскен ерлердің жанұялық өмірлерін зерттей келе
әйелдерінің
өз міндеттерін дұрыс, лайықты түрде атқара
алмағандығы анықталуда. Жоғарыда өткен хадис шәриф те
осының ишараты.
Өкінішке орай көптеген әйелдер үй киіміне, әшекейленіп,
сәнденуіне назар аудармайды. Үйде қалай болса солай,
ұсқынсыз болып киініп алады. Ал
көшеге шыққанда ең
жаңасын, ең әдемісін киіп шығады. Ал негізінде мұның
терісі болуы керек. Мұсылман әйелдің сыртқа шыққанда
сәнденуі жаиз емес. Мұсылман әйел көшеге шыққанда, көзге
түспейтін қарапайым киім киюі керек. Иіссу сеппеуі керек.
Иіссуді үйіне сақтауы керек. Әйелдің күйеуіне
таза және
әдемі киініп, сәнденуі уәжіп.
(Хиндийа)
Достарыңызбен бөлісу: