ЖАНҰЯ
- 76 -
күйеулерін ұшып бара жатқан құстан да қорғаштайды. Ал
бұл махаббатының көптігінен болатын дүние.
Еуропалықтар мұндай ахлақ және намыс сезімінен алшақ
қалған. Ол жақта еркектің өз әйелін немесе әйелі өз күйеуін
қызғануы өте күлкілі және ақымақтық деп қаралады. Мысалы,
бір жерде пәленше қызғаншақ екен делінсе, тәрбиесіз, ақымақ
деп есептеледі. Бұл қате түсінік.
Тектіліктің маңызы
Тектілік басқа ерекшеліктермен бірге болса құнды
болады. Барлық адамдар Адам алейһиссаламнан тараған.
Әр жақсының балалары жақсы,
әр жаманның балалары да
жаман деген қағида жоқ. Хазреті Адам және Хазреті Нұхтың
ұлдарының бірі кәпір болған. Нұх алейһиссалам және Лұт
алейһиссаламның әйелдері кәпір болған. Пайғамбарымыздың
көкесі (әкесінің ағасы) Әбу Ләхаб кәпір еді.
Ата-ананың күнәһар болу себебінен, балалары да
жақсы адам болмайды деп айту үлкен қателік. Аллаһу
та’ала жаманнан жақсы, жақсыдан жаманды жаратады.
Құран кәрімнің бірнеше жерінде
«Өліден тірі, тіріден өлі
Достарыңызбен бөлісу: