Бактериялар Саңырауқұлақ Жасыл балдыр Итмұрын Қына


І. Түрі өзгерген мүшелер арқылы көбею



Pdf көрінісі
бет50/128
Дата26.03.2022
өлшемі4,74 Mb.
#28875
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   128
Байланысты:
biologia 6 sinip

І. Түрі өзгерген мүшелер арқылы көбею. Алаңдарды, гүлзарларды, мектеп ауласын 
көгалдандыру мақсатында жыланқияқ (құртқашаш), інжугүлдердің тамырсабақтарынан 
көбейтеді. Тамырсабақты 2-3 бүршіктен қалдырып, бөліп топыраққа отырғызады. Жыл 
сайын гүлдеп, тамырсабақтары ұзарып өсіп, дами береді (1-сурет). 
Тамырсабақты өсімдіктер алғашында 1-2 түп болып өссе, жылдан-жылға көбейе береді. 
Түйнек арқылы көбейтуге картоп алынады. Егер түйнек үлкен болса, әрқайсысына 1-2-
ден бүршіктерін қалдырады да, бірнешеге бөліп отырғызады. 
Пиязшықтары мен пияз, сарымсақ, лалагүл, қызғалдақ және т. б. көбейеді. Мысалы, 
қыста қызғалдақ гүлдерін пиязшығынан өсіреді. 
Мұртшалары мен қойбүлдірген, құлпынай көбейеді. Сабағының түбіндегі ұзын 
мұртшаларының топыраққа жанасқан жерінен қосалқы тамырлар шығады. Бүршігінен 
өркендер дамиды. Мұртшадан өрбіген жас өркендерді бөліп алып, жеке-жеке отырғызады. 


47 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет