48
Жанастыра телу – қатар өскен екі өсімдікті біріне-бірін жанастырады. Жанасар
жағындағы қабығын азғана сүрегімен қоса сыдыра тіліп тастайды.
Жөке немесе кендір
жіппен байлап қояды. Ұласу мерзімі 1-2 жыл.
Кесінділеп телу – бір өсімдік өркенінен бүршігі
бар бөлігін кесіп алып,
екінші өсімдікке
ұластырады.
Көзшелеп телу – бір өсімдіктің бүршігін аздаған сүрек бөлімімен қоса кесіп алады.
Екінші өсімдіктің қабығын сүрегіне дейін «Т» әрпі тәріздендіріп тіледі. Бүршікті қабыққа
кигізе жанастырып, жөкемен байлап қояды.
Достарыңызбен бөлісу: