64
1. Бұршаққап – бір ұялы, тұқым саны біреу немесе бірнешеу болатын құрғақ жеміс.
Тұқымдары жеміс жақтауының жиегіне бекиді. Піскенде екі жағындағы жіктері (тігістері)
өздігінен қақырап ашылып, тұқымдары сыртқа шашылады (асбұршақ, беде).
2. Бұршаққын – қос ұялы, ішінде ұзынша тартылған жұқа жарғақты пердесі бар.
Тұқымдары пердеге бекінеді. Піскенде жемістің қос жақтауы
төменгі жағынан бастап
қақырайды. Жемістің бұл түрі қырыққабат, шомыр, шалқан да болады. Ұсақтау түрі
бұршаққынша деп аталады.
3. Қауашақ – бір үш, бес және көп ұялы, көп тұқымды. Түріне қарай қақырау жолы да
түрліше. Мысалы, меңдуанада қауашағының қақпақшасы ашылады.
Сасық мендуана,
сүттіген, шегіргүлде, қызғалдақта жіктері шытынап, ұзынынан жарылып қақырайды.
Достарыңызбен бөлісу: