Бактериялар Саңырауқұлақ Жасыл балдыр Итмұрын Қына



Pdf көрінісі
бет84/128
Дата26.03.2022
өлшемі4,74 Mb.
#28875
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   128
Байланысты:
biologia 6 sinip

2-сурет. Жасыл эвгленаның бөлінуі. 
 
3-сурет. Амебаның бөлінуі. 


78 
 
Кірпікшелі кебісше (инфузория-туфелька) жыныссыз жолмен көбейеді. Жыныссыз 
көбеюге кіші ядро қатысады. Ең алдымен кіші ядро бөлініп, дененің алдыңғы және артқы 
жағына ажырап орналасады. Одан соң үлкен ядро бөлінеді. Соңында жасуша ортасынан 
бунақталып, екіге ажырайды да, екі жас кебісше пайда болады. 
 
4-сурет. Кірпікшелі кебісшенің жыныссыз көбеюі. 
Пайда болған екі жас кірпікшелі кебісшенің әрқайсысында жетіспейтін органоидтары, 
яғни аузы, кірпікшелердің біраз бөлігі жиырылғыш вакуольдің біреуі және тағы басқалары 
жаңадан түзіледі. 
Кірпікшелі кебісше жынысты жолмен көбейгенде екі кірпікшелі кебісше ауыз саңылауы 
жағымен түйісіп, біраз жүреді. Осы кезеңде әр кебісшенің кіші ядросы екіге бөлініп, екі 
кіші ядро түзеді. Үлкен ядро еріп, жойылып кетеді. Бір кебісшенің жаңадан пайда болған 
кіші ядролар сыңары екіншісінің кіші ядросының сыңарымен қосылып, осы кебісше 
цитоплазмасында, ал қалған сыңарлары қосылған күйі екінші кебісшенің 
цитоплазмасында қалады. Екі кебісше осылай кіші ядроларын алмастырған соң 
айырылады. Әрқайсысының денесінде үлкен ядро қайта түзіледі. Ядроның жаңаруы 
кебісшенің тіршілігін жалғастыра түсуге мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет