Бактериялар Саңырауқұлақ Жасыл балдыр Итмұрын Қына


Зиянды қалдық заттардың сыртқа шығарылуы



Pdf көрінісі
бет83/128
Дата26.03.2022
өлшемі4,74 Mb.
#28875
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   128
Байланысты:
biologia 6 sinip

Зиянды қалдық заттардың сыртқа шығарылуы 
Біржасушалы қарапайымдардың цитоплазмасында бір-екі жиырылғыш вакуольдер 
болады. Бұл вакуольдерде зиянды қалдық заттардың ерітіндісі жиналады. Вакуоль 
осындай ерітіндіге толған соң жасуша жарғақшасына жылжып келеді де жиырылады. Сол 
арқылы ішіндегі ерітінді сыртқа шығады. Біржасушалылардың қабықшасы арқылы 
цитоплазмаға сырттан үнемі өтіп келетін судың артық мөлшері де жиырылғыш 
вакуольдер арқылы сыртқа бөлінеді. Жасушада түзілген көмірқышқыл газы дененің 
қабықшасы арқылы тікелей сыртқа шығарылады. 
Көбеюі. Біржасушалылардың көпшілігі жыныссыз жолмен көбейеді. Жыныссыз көбею 
жәндік жасушасының екіге тең бөлінуі арқылы жүреді. 
Мысалы, эвглена мен амебада ядро екіге бөлінеді. Бөлінгеннен пайда болған ядролар 
жасушаның екі жағына барып орналасады. Тек осыдан соң ғана жасуша бөліне бастайды. 
Эвгленаның бұрынғы талшығының қатарында екінші талшық өсіп шығады. Сөйтіп 
ұзынынан тік бөлінудің нәтижесінде екі жас эвглена пайда болады. Амеба да дәл осылай 
бөлінеді. Тек онда бөліну процесі көлденеңінен жүреді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет