Бактериялар Саңырауқұлақ Жасыл балдыр Итмұрын Қына


Омыртқасыз жәндіктердің асқорыту жүйесі және астың қорытылуы



Pdf көрінісі
бет92/128
Дата26.03.2022
өлшемі4,74 Mb.
#28875
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   128
Байланысты:
biologia 6 sinip

Омыртқасыз жәндіктердің асқорыту жүйесі және астың қорытылуы. Көпжасушалы 
жануарлардың даму деңгейіне және тіршілік қалпына қарай асқорыту жүйесінің 
құрылысы әр түрлі. Жәндіктердің асқорыту жүйесінің құрылысын, оның біртіндеп 
күрделенуін нақтылы түсіну үшін ерекшеліктері айқын көрінетін бірнеше өкілдерін 
салыстырып қарастыралық. 
Бұлардың ең қарапайым құрылысы бар өкілдерінің бірі – гидра (1-сурет). Ол негізінен 
сулы ортада тіршілік етеді. Дене мөлшері ұсақ. Гидра денесінің пішіні мен құрылысының 
сызбанұсқалық суретімен танысыңдар. Оның денесі жасушалардың сыртқы – эктодерма, 
ішкі – энтодерма қабаттарынан тұрады. 


85 
 
 
 
 
Гидраның сыртқы көрінісі 
1-сурет. Гидра және оның құрылысы. 
Эктодерма қабаты тері-бұлшықет жасушаларынан, атпа жасушалардан, жүйке және 
аралық жасушалардан түзіледі (1-сурет). 
Энтодерма қабаты асқорыту-бұлшықет жасушалары мен безді жасушалардан тұрады және 
ішек қуысын астарлап жатады. Атпа жасушалар қармалауыштарда орналасады және 
олардың ішінде улы сұйығы бар қапшығы (капсуласы) болады. Қапшықта 
шиыршықталған жіңішке атпа түтікше-жіп жатады. Мұндай жасушаның гидра денесі 
жабынынан сәл қалтиып шығып тұратын сезімтал талшығы болады. Судағы ұсақ шаян 
немесе су бунақденелілерінің дернәсілі гидра денесіндегі сезімтал талшыққа тиіп кетсе, 
қапшықтағы атпа жіпше лезде жазылады да, денесіне жайылады. Гидра жемді 
қармалауыштары арқылы ауызына апарып, жұтады. Жем ішек қуысына түскен соң безді 
жасушалардан сәл бөлініп, ас ұсақталып қорытыла бастайды. Асқорыту-бұлшықет 
жасушаларының талшықтары ас түйіршіктерін араластырады да, пайда болған жасуша 
жалғанаяқтары (амеба сияқты) ол түйірлерді орап алып, цитоплазмаға өткізеді. Ас одан 
әрі вакуольдерде қорытылады. Қоректік заттар ағзаның барлық жасушаларына сіңіріледі. 
Қорытылмаған қалдық заттар ауызы арқылы сыртқа шығарылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет