Балалар аурулары Балалардың физикалық дамуы. Денсаулық топтары



бет64/73
Дата31.12.2021
өлшемі1,23 Mb.
#21102
түріБағдарламасы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   73
Вирусты гепатиттер.

Вирусты гепатиттердің 5 түрі бар. Олар латын әріптерімен белгіленеді: А, В, С, D, Е. Барлығы қоршаған ортада төзімді, ұшпалы емес.

Вирусты гепатит А және Е – ішек жұқпалы ауруларына жатады. Таралу жолы – нәжіс - ауыз жолы арқылы жұғады (тұрмыстық қатынас, тамақ, су арқылы). Вирусты гепатиттің бұл түрімен ересек балалар ауырады.

Вирусты гепатит В, С, D – парентеральды жолмен жұғады:



  • қан арқылы (жұқпаланған қанды құйғанда, дұрыс залалсыздандырылмаған инелерді, кесетін, тесетін құрал - саймандарды қолданғанда, оталау кезінде, тіс емдеткенде, яғни тері және шырышты қабықтардың бүтіндігі бұзылғанда жұқтырады);

  • тұрмыстық қатынас арқылы (тіс тазалағыштар, ойыншықтар, ыдыстар, сүлгі, сақал қырғыш т.б);

  • жыныстық қатынас арқылы;

  • трансплацентарлық жолмен (анасы вирус тасымалдаушы немесе вирусты гепатитпен ауырса, әсіресе жүктіліктің соңғы триместрінде ауырса баласына жұғады).

HbsAg – австралиялық антиген – В гепатитінің негізгі маркері. Ол ағзадағы барлық биологиялық ортада анықталады: қан, шәует, сілекей, өт, зәр, көзжасы, ана сүтінде.

Дельта гепатиті (D) В гепатитімен ауыратын адамдарда ғана дамиды. Бұл вирустар бір уақытта жұқса, ауру В гепатиті түрінде көрінеді, бірақ ағымы өте ауыр, әрі тез дамиды, жиі өліммен аяқталады.

1 жасқа дейінгі балаларда В, С, D гепатиттері жиі кездеседі, өйткені оларда парентеральдық іс - шаралар, қан құю, перинатальды жұқпалар жиі болады.

Гепатиттің барлық түрлерінің клиникалық көріністері ұқсас. Әдетте аурудың ағымы мына кезеңдерден өтеді: инкубациялық, сарғаюалды, сарғаю, реконвалесценттік.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет