Сурет салудан ойын-жаттығу
"Құлыншақ шауып келеді".
Міндеті: балаларды қылқаламмен шауып келе жатқан құлыншақ бейнесін салу амалдарына үйрету; құлыншақтың дене бөлшектерін салуда дене пропорцияларын сақтауға талпындырту; құлыншақ бейнесін қағаздың ортасына, мөлшері кішкентай емес етіп, салуға машықтау.
|
"Көктем белгілерін ажыратамыз" дидактикалық ойыны.
Міндеті: балаларды тез ойлауға тәрбиелеу.
Барысы:
- Балалар, сендермен ойын ойнайтын боламыз. Мына, жерде жыл мезгілдеріне тән белгілерінің суреттері тұр. Осы белгілердің ішінен қыс мезгілінің белгісін ажыратып алуымыз керек. Ал, балалар, суреттерді тезірек ажыратып алайық.
Балалар, суреттерді тезірек қойып шығады.
(сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен танысу)
|
Қоршаған ортамен танысудан ойын-жаттығу
"Көктемде жер бусанды".
Міндеті: балаларға көктем мезгілі туралы түсінік бере отырып, көктемгі табиғатқа тəн ерекшеліктермен таныстыру.
|
Көркем әдебиеттен ойын-жаттығу
"Ақылды егінші".
Міндеті: балаларды "Ақылды егінші" ертегісінің мазмұнымен таныстыра отырып, ертегі желісін зейін қойып, бар ықыластарымен тыңдай білуге үйрету.
|
|