Балуанныѕ дене- кїш ќабілетін арттыру


Иілгіштік қабілетті арттыруға арналған жаттығулар



бет25/42
Дата16.02.2023
өлшемі468 Kb.
#68638
түріДиплом
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42
Иілгіштік қабілетті арттыруға арналған жаттығулар
Иілгіштік қабілетті арттыруға арналған жаттығуларды орындаған кезде серіктесінің күші мен дене салмағы бағыты жаттығудың орындалу бағытына сәйкестелінеді, осылай орындау кезінде жаттығуды орындау аясы кеңейеді.

  1. Серіктесімен түрегеліп тұрған кезде, қолды бірге бүгіп- жазу

  2. Аяқты керу, бүгу, жазу, бұрау жаттығуларын серіктесінің көмегімен орындау.

  3. Мойынды бүгіп жазу, бұрау, айналдыру

  4. Жерде аяқты алға созып отырған жағдайда алға еңкею. Еңкею кезінде серіктесі арт жағында тұрып арқасынан қолымен басады.

  5. Аяқты жанға, алға- артқа керіп отыру кезінде, серіктесі иығынан басып көмектеседі.

  6. Етпеттен жатқан бойда денесін артқа шалқайтып көтереді, осы кезде серіктесі денесінен немесе аяғынан ұстап көтереді.

  7. Бір- біріне арқасын беріп тұрған кезде серіктесі денесінен немесе аяғынан ұстап көтереді.

  8. Екі қолын артына саусақтарын айқастыра ұстаған күйде серіктесі оның қолын неғұрлым жоғары көтеруге көмектеседі

  9. Аяқтарын неғұрлыи алшақ қойып отырып- тұру (осы кезде серіктесі иығынан төмен басады)

  10. « Көпірде тұрып», басы арқылы айналу

  11. «Көпірде тұрып»,басы арқылы айнап түсу

  12. «Көпірде тұрып» қол иен аяқтың арасындағы қашықтықты азайтуға тырысу, (серіктесі белінен жоғары көтеріп көмектеседі).



2.3 Еркін күресшінің ептілік қабілетті арттыруға арналған жаттығулар

Жаттығушы топтың спортпен шұғылдану мерзімдерінің деңгейіне байланысыты жаттығула әр түрлі болып келеді. Ептілік қабілетті арттыруға, көбінесе, бұрында таныс емес жаттығулар түрлері таңдап алынады. Жаттығуларды күрес кілемі үстінде орындаған дұрыс.


Акробатикалық, гимнастикалық жаттығулар тиімді болып келеді.
Акробатикалық жаттығулар түрлеріне:
1. Алға домалау (тоңқалаң асу)
а) денені жинақталған түрде орындау;
б) аяқты түзу ұстап орындау
в) бір аяққа шығ арқылы (писталет);
г) екі аяқты қолмен ұстап орындау;
д) айқастырылған екі аяқты ұстап орындау;
ж) қолға доп ұстап алға домалау;
з) қолдың көмегінсіз алға домалау т.б.
2. Домалауды алға секіріп ұшу арқылы орындау:
а) ауыр доптар үстіне секіру,
б) маникен үстінен секіру ,
в) екінші балуанның үстінен секіру,
г) орындықтар үстінен секіру,
д) столдың үстінен секіру т.б.
3. Артқа домалау:
а) Дененің жинақталған күйінде жартылай отырып, артқа арқасы арқылы домалау,
б) Түрегеліп тұрған жағдайдан артқа домалау,
в) Артқа домалауды қолды бүкпей орындау,
г) Артқа домалауды аяқты бүкпей орындау,
д) Қолға доп ұстау арқылы артқа домалау,
ж) Қолға гир ұстап артқа домалау,
Ептілік қабілетті арттыру мақсатында жаттығулар түрлері координациялық күрделендіру негізінде орындалады, оған төмендегідей жаттығулар алынады:

  1. Жерге екі қолмен тіреліп етпетінен жатқан кезде қолмен шапалақ жасап үлгеру, қолды екі одан да көп шапалақтап үлгеру.

  2. Алға домалау кезінеде қолмен шаплақ жасап үлгеру, түрегелуді бір аяқпен орындау.

  3. Қолды бір-біріне қарама-қарсышеңбер жасап қозғалту.

  4. Артқа қарай қолды тіреп секірі айналу кезінде қолмен шапалақ жасап үлгеру.

  5. Қол мен аяқ қозғалыстарын бір бағытта және әр түрлі бағытта орындау: а) жоғары секіруді орындау кезінде екі қолды жанға, жоғары, белге қойып орындау т.б.

Акробатикалық жаттығулармен қатар ептілік қабілетті арттыру мақсатында тепе-теңдікті сақтау жаттығулары да алынады. Бұл жаттығулар көмекші құралдар арқылы немесе екінші бір адамның қатысуымен орындалады. Жүріп қозғалу кезінде басты жанға, бұру, айландыру, қол аяқты алға-артқа сілтеп жүру т.б. вестибулярлық аппараттың жұмысын жақсартуға көмектеседі. Жіңішке заттардың үстінде жүру, жүгіру, бұрылу қимылдары ептілік қабілеттің артуына жақсы әсер етеді.
Тепе-иеңдікті сақтауға арналған жаттығулар түрлері:

  1. Екі аяқпен және бір аяқпен тұру кезінде басты бұру, айналдыру (алдымен көзді ашып, саңынан көзді жұмып орындау),

  2. Бір аяқпен тұрған кезде тобықтан қағу, ілу, көтеру т.б. әдістерді кілем үстінде немесе гимнастикалық бөрене үстінде орындау,

  3. Бір аяқпен тұрған кезінде қолды әрт.рлі бағыттарда қозғалып айландыру,

  4. Екі аяқты бірге қойып немесе бір аяқпен тұрып, денені жан-жаққа бұру, айналдыру, еңкейя,

  5. Гимнасткалық бөрене үстіне, немесе сызылған сызық үстімен жүру, жүгіру,бұрылу. Осы жаттығуларды көзді жұмып орындау,

  6. Жүгіруді 180 және 360 секіру арқылы орындау,

  7. Секіруді алдын-ала белгіленген жерге түсу мақсатында орында, секірулерді 90-180 бұрылу арқылы орындау,

  8. Бір аяқты көтеріп (қарлығаш позасы), орындауды 180 секіріп айналу арқылы орындау,

  9. Алға тоңқалаң асу арқылы арнауды бір және екі рет қолмен тік көтеріліп кету арқылы орындау. Осы жаттығуды алға сүңги секіру арқылы орныдау,

10. Артқа қарай секіріп айналып кетуді қолды тіреп және тіремей орындау,
11. “Көпірде” тұрған қалыптан тұрып кету,
12. “Көпірде” баспен тұрған қалыптан тұрып кету,
13. Алға және артқа домалауды бірнеше рет тоқтаусыз орындаудан кейін тепе-теңдік қалыпты ұстап жүріп кету т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет