Басқару стилі – басқару қызметтерін атқару кезінде басшылардың ұжымға ықпал етуі



бет2/3
Дата27.09.2023
өлшемі19,53 Kb.
#110720
1   2   3
Демакториялық стиль«Максимум бақылау, максимум еркіндік»

  • Көшбасшы бағыныштыларға идеялар айтуға мүмкіндік береді және олардың пікірін тыңдайды.

  • Жоғары деңгейдегі командалық жұмыс, сонымен қатар қызметкерлердің әлеуетін барынша арттыру.

  • Орындалған тапсырмалардың сапасы жоғары болғанымен, орындалу жылдамдығы төмендеуі мүмкін.

  • Қызметкерлердің жұмыстан қанағаттануы жоғары, дегенмен басшыға арнайы талаптар қойылуы керек – ол барлық нәтижелерді бақылауға және жауапкершілікке жеткілікті білікті болуы керек.

  • Артықшылықтары: еңбекке деген жоғары мотивация, кадрлардың тұрақтылығы, жаңа идеялар, топтық жұмыс, орындалған тапсырмалардың тиімділігін арттыру.

  • Кемшіліктері: шешім қабылдау уақыты артады.

Либералдық стиль. «Минимум бақылау, максимум еркіндік»

  • Басқарудың болмауы. Яғни қызметкерлер өз бетінше шешім қабылдауы және жауап беруі.

  • Тапсырмаларды орындау мерзімдерін, жұмыс тәртібін, қызметкер тікелей өзі ұйымдастырады.

  • Орындалған тапсырмалардың сапасы мен саны төмендеуі мүмкін.

  • Басшының біліктілігіне күмән келуі.

  • Артықшылықтары: тату ұжым, жанжалдардың болмауы, сенімнің жоғары деңгейі, қызметкерлерді ынталандыру.

  • Кемшіліктері: басшының беделінің болмауы, өкілеттіктердің тиімді бөлінбеуі, қиын жағдайлар туындаған кезде қызметкерлер арасында бейберекетсіздік (хаос) болуы мүмкін.

 
X және Y теориясы
Бұл теорияның танымал болуына америкалық психолог Дуглас МакГрегордың «Кәсіпорынның адами жағы» атты еңбегі негіз болды. Ол, адамдарды екі түрге бөліп жіктеген болатын.
X теориясы. Бұл теорияның негізгі белгілеріне келер болсақ:

  • адамдар табиғатынан жалқау, бастамашыл емес және жұмысқа ұмтылмайды;

  • қызметкерлер жауапкершіліктен аулақ болу үшін басшыға бағынып жүре бергенді жөн көреді

  • компанияның жұмыс істеуі үшін оған жауапкершілікті сезінетін, кәсіпорындағы жағдайды толық бақылайтын және адамдарды жұмыс істеуге мәжбүр ететін қатаң авторитарлық көшбасшы қажет.

Басқарудың бұл түрі қазіргі уақытта жиі кездеспейді: басшылықта қызметкерлерге өкілеттіктерді бөліп бере алмайтын және беруге ұмтылмайтын қатаң басшылар болуы мүмкін. Қызметкерлердің бастамалары мен идеялары, пікірлері мен ұмтылыстары ескерілмей жиі басып-жанышталып отырады.
Y теориясы түбегейлі алдыңғы теорияға қарама-қарсы.

  • жұмыс істеу, бастама көтеру, дамуға деген ұмтылыс адамдар үшін табиғи құбылыс;

  • басшылық қызметкердің өз бетінше шешім қабылдауына және атқарған жұмысы үшін жауап беруге деген ұмтылысын қолдайды;

  • жұмыс орынында өзін-өзі басқару және өзін-өзі бақылау принциптері бар.

Басшының жұмыс принципі шешім қабылдау кезінде өкілеттіктерді бөліп беру болып табылады, ал алынған нәтижелерді бақылау функциялары өзіне қалдырады. Бұл стиль ұжымға деген жоғары сенімді білдіреді және дамуға жағдай жасап мақсаттарға жетуге ынталандыруға үлкен мүмкіндіктер беруімен ерекшеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет