Басқару стилі – басқару қызметтерін атқару кезінде басшылардың ұжымға ықпал етуі



бет3/3
Дата27.09.2023
өлшемі19,53 Kb.
#110720
1   2   3
Басқару торы (матрица құрылымы)
Бұл тұжырымдама Огайо штатының университетінде құрастырылып, кейін 1964 жылы менеджмент саласының ғалымдары Роберт Блэйк пен Джэйн Моутон дамыта түседі. Басшы жұмыстың сапасын бағалау үшін екі шкаладан және 9 бөлімнен тұратын матрицаны сәйкестендіру арқылы 1-ден 9-ға дейін ұпай жинайды. Осылайша басқару стилінің қандай деңгейде тұрғандығын анықтайды.
Қарапайым стиль 1.1 – егер басшы жұмыс орнындағы процестерге де, қызметкерлерге де мән бермесе. Көшбасшы номиналды болып табылады, өйткені ол шешім қабылдамайды және олар үшін жауап бермейді. Жұмыс тоқтайды немесе басқару стилі мен басшысы өзгереді.
Әлеуметтік стиль 1.9 – көшбасшы ұжымда жақсы климатты сақтауға барынша бағдарланған, туындаған мәселелерді шешуге әрқашан көмектеседі. Қол астындағылардың танымалдығы мен қолдауына ие. Алайда, шамадан тыс жұмсақтық басқаруға зиян тигізуі мүмкін.
Авторитарлық стиль 9.1 – әлеуметтік стильге мүлдем қарама-қайшы. Басшы жұмыстың қажеттіліктеріне бағытталған. Қызметкерлердің қажеттіліктері, пікірлері мен идеялары маңызды емес. Басшы мен оның қарамағындағылар арасындағы үлкен қашықтық.
Өнімді-командалық стиль 5.5 – басшы ұжым мен жұмыс орнын басқару арасындағы тепе-теңдікті сақтауға тырысады. Басқарудың икемді тәсілі, мұнда жұмысшылар өз идеяларын ұсына алады, дамуға және басқаруға қатысуға ұмтылады, алайда бақылау мен түпкілікті нәтижеге жету жауапкершілігі басшыға жүктеледі.
Командалық стиль 9.9 – басшы қызметкерлерге қамқорлық пен жұмысты басқаруды мүмкіндігінше үйлестіруге тырысады. Адамдар идеяларды ұсыну, шешім қабылдау және нәтижелерді басқару процесіне белсенді қатысады. Ұжымның біріге күш салуының арқасында ең қиын мәселелерді сәтті шешуге жағдай жасайды.
Жоғарыда айтылғандар басшыға іс жүргізу үшін қандай да бір стильді ұстануы керек дегенді білдірмейді. Ең алдымен жұмыс орнындағы жағдайға назар аудару қажет. Егер ұжымдағы әрбір қызметкер өз міндетін білсе, берілген тапсырмаларды уақытылы, әрі сапалы орындай алса, қызметкерлер шығармашылық қабілеттерін ортаға салып өз идеяларын ұсына алатындай деңгейде болса, бұл жағдайда басқарудың авторитарлық стилін ұстану қателік болар еді. Сол секілді шашыраңқы, ортақ мақсаты жоқ, біліктілік деңгейлері әртүрлі болған ұжымда демократиялық немесе либералдық және т.б. осыған ұқсас аралас стильдері ұстану жұмыстың қарқынын мүлдем төмендетіп тоқырауға әкелуі мүмкін. Жалпы алғанда басқаруға байланысты жинаған білімдеріңіз бен ізденістеріңіз ұжымды басқарудағы сіздің рөліңіздің қандай екендігін айқындай түседі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет