Басылым: алтыншы


Күшті электролиттердің диссоциациясы



бет35/49
Дата31.12.2021
өлшемі0,68 Mb.
#21763
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   49
Күшті электролиттердің диссоциациясы. Сонымен массалар әрекеттесу заңын тек қана бейэлектролиттерге және сұйытылған әлсіз электролиттерге қолдануға болады. Барлық күшті электролиттер және концентрлі әлсіз электролиттер массалар әрекеттесу заңына бағынбайды. Осыған байланысты химиялық тепе-теңдік заңдылықтарын қарастырғанда идеалды және реалды жүйелерді ажырату керек. Идеалды жүйеде иондар мен молекулаларға оларды қоршаған басқа бөлшектер әсер етпейді, сондықтан олар реакцияларда өзінің химиялық табиғатына ғана сәйкесті қатыса алады. Іс жүзінде идеалды жүйелер кездеспейді,оларға тек қана шексіз сұйытылған ерітінділер жақындай алады.

Қысым аз болған жағдайда реалды газдың қасиеттері идеалды газдың қасиеттеріне ұқсас болған сияқты, күшті электролиттердің ерітінділерінің қасиеттеріде шексіз сұйылтқанда идеалды ертінділердің қасиеттеріне жақындайды, себебі электростатикалық әсерлесулер жоққа тең .

Реалды жүйелерде иондар мен молекулалар симметриялы орналасып, иондық атмосфера құрайтын иондармен қоршалып, солардың әсерінде болады. Осыған байланысты олардың сипаттары өзгеше болып, эффективті концентрациялары ерітіндідегі нақтылы концентрациядан төмен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет