Бастауыш сыныпта сын есімді оќыту



бет22/43
Дата31.12.2021
өлшемі433 Kb.
#22657
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43
Дара сын есімді белгіле.

а) қонымды, сүйкімді, сары

ә) шөп, бұлақ, көбелек

б) бәрі, тегіс, күллі

Күрделі сын есімді тап.

а) сұра, сөйле, сана

ә) қышқыл, дәмді, тәтті

б) кең маңдайлы, шоқша сақалды, қызыл шырайлы.



Заттың түр-түсін, сыр сипатын, сапа белгісін білдіретін сын есімді қандай сын есім деп атайды?

а) күрделі

ә) сапалық

б) қатыстық



Қатыстық сын есімдер қалай жасалады?

а) түбір


ә) жалғау арқылы

б) жұрнақ арқылы

Қайсысы негізгі сын есім.

а) ауылдық, жайлы

ә) көк, жеңіл

б) мақтаншақ, сөзшең



Сын есімді тұрақты сөз тіркесін көрсет.

а) жым болу

ә) кірпігі айқаспады

б) қасы көзі қиылған

Сын есім тұрған қатарды көрсет.

а) салқын, қатты, күрең

ә) сайын, соң, туралы

б) сарт-сұрт, жалт-жұлт, кеңк-кеңк.

Сын есімнің жауап беретін сұрақтары

а) қалай, қай уақытта, қай кезде

ә) қанша, неше, нешінші

б) қандай, қай, қайдағы, қашанғы

Бір-біріне қарама-қарсы мәндегі сапалық сын есімдерді белгіле

а) жұмсақ, тұщы

ә) биік, аласа

б) қызыл, жасыл

9. Үйге тапсырма. 154-жаттығу ауызша, 155-жаттығу жазбаша орындауды тапсырамын.

10. Бағалау. Сабаққа қатысып отырған оқушыларға баға қоямын, қай топтың белсенділік танытқанын айтып кетемін.

1-сабақ. Тақырып: Сын есім туралы өткенді қайталау.

Оқушылар сын есімге жататын сөздерді атайды, оларға қойылатын сұрақтарды еске түсірді.

Осыдан кейін оқушылар 324-жаттығуды ауызша орындайды. Оқушылар сөйлемдерді оқып, сын есім сөздер анықтауыш болып келген сөйлемдерді оқығанда, олардың қай сөзбен байланысты екенін табады: ақ гүлде, жеңіл кетпен, салқын сусын. Мұнымен бірге олар ақ-гүлдердің сынын, жеңіл кетпеннің сынын, салқын судың сынын білдіріп тұрғанын да айтуға тиіс.

326-жаттығуды орындап, оқушылар сын есім сөздердің мағынасын саралауды қайталайды, соған жаттығады. Сын есім сөздердің мағынасын ашып беру, түсіндіру оңай емес. Көп сөздердің мағынасын практикалық жолмен, тәжірибеден түсінік алып қана жүрміз, ал саралып түсіндіру, дәлелді, анық етіп оны ашып беру оңайға түспейді.

Сөздердің мағынасын түсіндіруді түрліше құруға болады. Оны мұғалім алдын ала ойластырып келуге тиіс. Бірақ мұқият ескеретін нәрсе - оқушы сөздердің мағынасын ашуға ұмтылу арқылы әр затты, құбылысты саралап, дәл, анық таңдауға дағдылануға тиіс.

Үлкен, жіңішке, жалпақ, қалың, биік деген сөздерді оқып, оқушылар мұғалімнің көмегімен бұлардың түрлі пішіндегі заттардың көлемі жағынан сынын білдіретінін айтады. Осыны анығырақ таныту үшін, бұл сөздердің мағынасы танытылады. Үлкен түрлі (барлық) пішіндегі затардың көлемін атайды, жіңішке тік заттың көлемін атайды, жалпақ-заттың енін көрсететін сөз, т.т.

Ащы, тәтті, қышқыл, кермек – заттың дәмін атайтын сөздер. Суық, салқын, қоңыр салқын, жылы, ыстық-заттың жылы-суықтығына қарай сынын атайтын сөздер. Қызыл, жасыл, ақ, қоңыр, сары заттың түсін атайтын сөздер.

Оқушылар өздері құраған сөйлемдерінің ішінен сын есім сөздерді атайды, олардың қызметін (қандай сөйлем болып тұрғанын) көрсетеді.

Осыдан кейін сын есім сөздердің басты белгілері төмендегінше жинақталып аталады:



  1. Сын есім сөздер заттың түрлі сынын-түсін, дәмін, көлемін, салмағын, ыстық-суықтығын атайды.

  2. Олар қандай? деген сұраққа жауап береді.

  3. Сын есімдер сөйлемде көбіне анықтауыш мүше болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет