Бастауыш сыныптарда ойын технологиясын пайдалану



бет31/51
Дата12.06.2022
өлшемі2,98 Mb.
#36743
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   51
Семирамида аспалы бағы — Вавилонның патша сарайындағы алып құрылыс. Навуходоносор ІІ патша Иранның таулы өлкесінен келген өзінің сүйікті әйелдерінің бірі, туған жері мен елін сағынған мидиялық Семирамидаға арнап салдырған деген аңыз-әңгімелер сақталған. Ол ежелгі дәуірде билік жүргізген патша Навуходоносор ІІ-нің бұйрығымен өзі тұратын сәулетті сарайдың кең ауласында тұрғызылған. Табаны төртбұрышты, төрт қабатты алып құрылыс тепкішектері жоғары көтерілген сайын қусырылып биіктей береді. Семирамида аспалы бағының әрбір террасалы тепкішектері үстіне қалың құнарлы топырақ төгіледі әрі соның бетіне Вавилонияның, Мидияның және басқа елдерден арнайы алдырған алуан түрлі жеміс ағаштары мен көк желекті бұталар отырғызылады.


Зевстің алтын мүсіні – кезінде Ежелгі Грекиядағы Олимп тауында Зевс құдайға орнатылған ескерткіш, “әлемнің жеті кереметінің” бірі. Б.з.б. 5 ғ-да өмір сүрген белгілі афиналық мүсінші Фидий сомдаған. Ежелгі гректер құдайлардың құдайы деп сенген Зевске арнап ақ мәрмәрдан зәулім сарай тұрғызған болатын. Фидий өзінің мүсінін осы сарай ішіне сомдаған. Тақта отырған құдай мүсінінің биіктігі 17 м болған, ол сарай төбесіне сәл-ақ тимей тұрған. Зевс отырған тақ түгелдей алтын және піл сүйегінен жасалған. Негізгі ағаштан істелген құдай мүсінінің беті, қолы, аяғы және ашық төсі өте нәзік зергерлікпен өңделген піл сүйегімен түгелдей қапталған.

Мүсіннің белден төм. бөлігі гүлдермен, жұлдыздармен, әр түрлі хайуанаттар бейнесімен көркемделген алтын жамылғымен жабылған. Мүсінші Зевстің бір қолына ұстатқан жеңімпаздық құдайы Ника бейнесі де, екінші қолындағы қыран қонған тұғыр да алтын мен піл сүйегінен жасалған еді. Ал Зевстің басына таза алтыннан өрілген тәж кигізілген болатын



Артемида ғибадатханасы

Кіші Азиядағы шағын қалалардың бірі Галикарнастың әкімі патша Карий Мавсол б.з.д. 351 жылы дүние салады. Патша мұрагерлері жер-жерлерден әйгілі құрылысшы, қолөнершілерді шақыртып, патшаның зиратын тұрғызады. Кесене салу ісінде шығыстың құрылыс стилі (көп қырлы пирамидалар) мен гректің ионикалық стилі байланыстырылған. Кесене екі қабаттан тұрады, биіктігі 40-45 метр. Ол тек биіктігімен емес, грек еліне белгілі Скопас, Леохар, Бриансид, Тимофей секілді әйгілі мүсіншілердің қолынан шыққан әр алуан мүсіндер арқылы көркемделуімен де ерекшеленеді. Мавзолей шамамен алғанда 1800 жыл сақталып келді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет