Батырбаева нургуль базиловна


Құрама жемнің жемдік құндылығын жоғарылату жолдары



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата03.03.2017
өлшемі5,68 Mb.
#7249
1   2   3   4   5   6   7   8
1.2 Құрама жемнің жемдік құндылығын жоғарылату жолдары 
Әлемдік  құрама  жем  өндірісі  2014  жылы  2,1  %  жоғарылап,  алдыңғы 
жылмен салыстырғанда 980,12 млн.т. құрады. Ал, 2014 жылы Қытай 180 млн.т., 
АҚШ –173, Бразилия – 66, Мексика – 31, Үндістан және Испания  – 29 млн.т., 
Ресей – 26 млн.т., Жапония – 24 млн.т. құрама жем өндірген.  
Құрама  жемнің    негізгі  құрауышы  –  дәнді  дақылдар.  Дәнді  дақылдың 
түріне,  өсімдіктің  сұрыбына,  өсу  жағдайына  және  де  басқа  факторларға 
байланысты  56  –  70  %  азотсыз  экстрактивті  заттар  болады,  бұл  мал  және 
құстарда нашар қорытылады.  
Қытайбұршақ  пен  рапс  маңызды  ақуыз  бен  қуаттылық    құрауыштары 
болып  табылады.  Қытайбұршақ  ұны  –  бұл  құрама  жем  өндірісіндегі    негізгі 
ақуыз көзі, ол 5 – 10 % ұйқы безі бөлетін ферменттерді жоюға септігін тигізетін 
сіңімділігі нашар заттарды сақтайды.  
Ингибиторларды  залалсыздандырудың  тиімді  жолы  жоғары  қысымды 
қолданып    жылумен  өңдеу.  Құрама  жемде  40-48  %  май  және  қорытылу 
коэффициенті  84,4  –  93,4  %  ,  21-33  %  шикі  протеин  сақтайтын  рапс  сұрыпы  
энергетикалық құндылыққа ие. Алайда рапс тұқымы эрук қышқылын сақтайды, 
ол  қан  тамырлары  –  жүрек  жұмыстарын  бұзады,  бауыр  ауруларын  тудырады. 

29 
 
Рапс  тұқымын  терең  өңдеуден  өткізу  қажет.  Эрук  қышқылының  ыдырауы  – 
380
0
С. 
Астық  дақылдары  және  құрама  жемнің  кейбір  құрауыштарының 
микроағзалармен  тұқымдануы  көп  кезедеседі  және  бұл  көгерткіштердің 
метаболизм өнімдері мал мен адам үшін қауіпті болып табылады. 
Құрауыштарды  залалсыздандыру  құрама  жемнің  сапасын  жақсартады. 
Құрама  жемде  балық,  ет  –  сұйек  ұнының,  меласса,  майлар  және  басқа  дәнді 
емес құрауыштарды жылумен өңдемей пайдалану мүмкін емес.  
Құрама  жем  өндірісінде  заманауи  технологияны  пайдаланып  жоғары 
температурада  өңдеу,  жоғары  қысымды  қазандарда  12  –  21  МПа  және  300  – 
374
0
С-та  өңдеу,  жылумен  өңдеу  бұл  үрдісті  тездетеді,  электр  қуатының 
шығынын азайтады және экономикалық тиімділікке қол жеткізеді [88 – 93]. 
Жоғарғы  сапалы  азық  -  мал  шаруашылығы  өндірісінде  ең  негізгі  фактор 
болып  табылады.  Бұл  мәселені  шешудің  маңызды  жолы  болып,  дәстүрлі  емес 
шикізат  түрлерін  пайдалану:  май  өнеркәсібінің  қалдық  өнімі,  тағам,  астық 
өңдеу, крахмал өнеркәсібі, жеміс – жидек өнеркәсібі, ет, балық өңдеу өнеркәсібі 
қалдық өнімдері және микробиология өнеркәсібі жатады.  
Минералды  азықтық  қоспа  ретінде  табиғи  минералдарды  –  бентонит, 
шунгит және цеолитті қолдануға болады [94]. 
Құрама  жемнің  құрамына  жемдік  шунгитті  қосу  оның    физикалық  –
механикалық,  құрылымдық    қасиетінің  жақсаруына,  одан  әрі  де  мал  мен 
құстарды  азықтандырғанда    алынатын  өнімнің  экологиялық  таза  болуына 
септігін тигізген [95 – 97].  
Бұл  табиғи  минералдар  сорбенттер  болып  табылады  және  мал  ағзасынан 
метаболизмнің  уытты  өнімдері  мен  ауыр  металдарды  шығарады,  өнімнің 
технологиялық  қасиеттерін  ғана  жақсартып  қоймай,  оны  40  астам  минералды  
элементтермен  байытады.  Кальций,  магний,  калий,  алюминий,  темір,  кремний 
сияқты  микроэлемент  тотықтарын  сақтағандықтан  ол  өсудің  тиімді  био 
ынталандырғышы  болып  табылады,  стерильді,  ауыр  металдарды  сақтамайды 
[98 – 103]. 
Жеміс  –  көкөніс  қалдықтарынан  дайындалған  жемдік  ұнның  өзінің 
физикалық  қасиеттеріне  байланысты  әлсіз  жағы  да  бар,  ол  құрама  жем 
құрауыштарының тиімділігін төмендетеді.  
Бұларды  сақтау  үлкен  қоймаларды  қажет  етеді.  Шаң  тәрізді  ұндар  нашар 
тасымалданады, 
олардың 
тағы 
бір 
бөлігі 
тозаңданып 
жоғалады. 
Гигроскопиялық  азықтық  ұн    сақтау  кезінде  қызып  кетуі  мүмкін  [93]. 
Кептірілген қызанақ қалдықтарында орташа есеппен 6,49 мДж/кг алмасу қуаты, 
17 – 35 % шикі протеин, 20 – 30 % шикі клетчатка, 2,7 – 22,0 шикі май, 3 – 7 % 
шикі  күл,  АЭЗ-    19  –  30  %,  кальций  –  4,23  г/кг,  магний  –  2,41г/кг,  0,91  г/кг 
фосфор, 0,14 г/кг – натрий, мыс – 12,15 мг/кг, мырыш  – 5,02 мг/кг, марганец – 

30 
 
31,7  мг/кг,  темір  –551  мг/кг,  Е  дәрумені  –  6,6  мг/кг,  С  дәрумені  –  18,6  мг/кг 
және каротиннің – 4,7 мг/кг сақталады  [104]. 
Зерттеу  жұмысының  мақсаты  сапа  көрсеткіштеріне  кешенді  сараптама 
өткізіп, кепкен алма сығындысын ары қарай құрама жем өндірісінде пайдалану 
болып отыр. Құрамында С дәруменінің үлкен қоры, калий, натрий, көмірсулар, 
ауыстырылмайтын  аминқышқылдары,    5  %  мөлшерде  пектиннің  болуы,  бұл 
кепкен  алма  сығындысын  өте  бағалы  жемдік  шикізат  көзі  ретінде  қарауға, 
сонымен  қатар  жемдік  қоспа  алудағы  толықтырғыш  ретінде  қолдануға 
болатындығын көрсетеді [105, 106]. 
Ұсынылған жұмыста сүйекті жемістерден  чипсы жасау қарастырылған, ол 
үшін  лимон  және  аскорбин  қышқылының  сулы  ертіндісі  шикізат 
консистенциясына 
байланысты 
араластырылады. 
Алманы 
алғашқы 
гидротермиялық  өңдеу  кезінде  5  –  7  минутта  өңдеуде    өнімнің  кебу  үрдісі 
күшейеді және ұзақтығы 20 – 25% қысқарады. Бұл құрамындағы биологиялық 
белсенді  заттар  (дәрумендер,  пектин  және  басқалар)  дайын  өнім  құрамында 
сақталатындығын көрсетеді. 
Алманы гидротермиялық өңдеудің ерекшелігі ол  көптеген ферменттердің 
белсенділігін  азайтып,  оларды    қарайтатын  әрекетін    тоқтатады.  Ары  қарай 
өңделген  шикізат  2  кезеңде  кебеді.  Бірінші  кезең  конвективті  түрдегі 
конвейерлі кептіргіш қондырғыда, екінші кезең электромагнитті өрісті жоғары 
жиілік финишерінде жүзеге асырылады. 
Жеміс  көкөністен  жасалған    чипсы  өнімі    төмен  салыстырмалы 
ылғалдылықта  3 – 5%, инертті газды ортада гидротермиялық орауышта оралуы 
керек,  өйткені    ауадан  ылғал  сіңіріп,  өздерінің  қытырлақтығын  жоюы  және 
жарықпен ұшырасқан кезде дымдануы мүмкін.  
Чипсыларды  механикалық  үгітілуден  сақтау  үшін  оларды  2  –  3  қабатты 
ламинатталған қаптарда сақтау керек және салмағына қарай 25 және 50 грамда 
таза салмақта «жастықша» түрінде қаптағышта  орайды, сапасын төмендетпей 
сақтау ұзақтығы 12 ай [107, 108]. 
Дәнді  және  басқа  да  құрауыштардың,  дайын  өнімнің  қоректілігін,  дәмдік 
сапасын  жақсарту,  бірлік  салмаққа  кететін  жем  шығынын  азайту,  тауарлық 
түрін,  санитарлық  көрсеткіштерін  жақсарту  үшін  арнайы  өңдеу  түрлерін 
қолданады.  Ол  үшін  көптеген  әдістер:  термиялық,  гидротермиялық  және 
термомеханикалық  қолданылады.  Термиялық  әдіске  ауамен  құрғақ  қыздыру 
(конвективті)  жатады,  қуыру  (кондуктивті),  конвективті  –  кондуктивті,  ИҚ 
сәулемен  өңдеу  (микронизация)  және  жаншумен  микронизациялау; 
гидротермиялық  әдіске  –  суық  кондиционерлеу,  ыстық  кондиционерлеу, 
жаншу;  термомеханикалыққа  –  түйіршектеу,  экструдерлеу,  экспандерлеу 
жатады. 
Қуыру  азықтағы  қоректік  заттарды  сіңіріп,  қорытуға  асқазан  –  ішек 
жолдары  әлсіз,  енесінен  айырған  жас  торайларды  жем  жеуге  үйрету  үшін 

31 
 
торайларға  арналған  құрама  жем  дайындағанда  қолданылады.  Ол  үшін 
шошқаны  азықтандыру  үшін  көп  қолданылатын  дәнді  дақылдар:  арпа,  бидай, 
жүгері, асбұршақты қуырады. 
Булау  және  қайнату  мал  мен  құс  азығында  көбінесе  бұршақ  дақылдары: 
асбұршақ,  қытайбұршақ,  бөрібұршақ,  жасымақты  пайдаланғанда  қолданады. 
Дәнді алдымен ұнтақтайды, 2 – 3 мин жем булағышта булайды, ал қайнатқанда 
–  1  сағат  бойы  қайнатады.  Жемді  бұлай  өңдеу  ондағы  сіңімділігі  нашар 
заттардың  әсерін  азайтуға  және  дәндегі  қоректік  заттардың  сіңімділігін 
жоғарылатады. Өңдеуден кейін бұршақ дақылдарын ақуызды қосымша ретінде 
рационның қоректілігі бойынша 25 – 30 % мөлшерде енгізеді. 
Дәнді  жаныштау  ылғалдылығы  35  %  жоғары  дәнді  қолдануға  және  оны 
консерванттармен  бірге  ұзақ  мерзімге  сақтауғақ  қоюға  мүмкіндік  береді. 
Жаныштау  егіс  басында,  сақтау  қоймасының    жанында  немесе  ішінде 
жүргізіледі. 
Жапырылған  консервіленген  дәнде  Е  витамині  жеткіліксіз,  сондықтан 
малды  азықтандыру  рационына  витаминді  препараттар  мен  минералды 
заттардың қоспасын енгізу керек. 
Микронизация    үрдісінде  дән  инфрақызыл  сәулемен  өңделеді.  Ішкі 
қарқынды  қызудың  нәтижесінде  дәндегі  су  буы  қысымы  жоғарылап,  шикі 
крахмал құрылымы бұзылады.  
Микронизациялаудың ең тиімді әсері 280 – 320 
0
С температурада 50 – 60с 
сәулемен өңдегенде байқалады. Дән жарылады, оның көлемдік салмағы азаяды, 
ал  ылғалдығы  14  –  15-тен  3,1  –  6,5  %  төмендейді.  Дәннің  иісі  мен  дәмі 
жақсарады,  құрғақ  заттағы  протеин  мен  аминқышқылдарының  құрамы 
өзгермейді,  ал  қант  мөлшері  өңделмеген  дәнмен  салыстырғанда 22,2  –  43,3 % 
жоғарылайды, яғни крахмалдың ыдырауы басталады. Декстриннің пайда болуы 
дәнге тәтті дәм мен жағымды иіс береді.  
Микроорганизмдердің жалпы мөлшері микронизациялау  процесінде 5  – 6 
есе  азаяды.  45  с  сәулелендіруден  кейін  протеолитикалық  бактериялар,  ал  60с 
кейін көгерткіш саңырауқұлақтар толық жойылады [156, с.138 – 140]. 
 
1.3 Құрама жемнің жемдік құндылығын жоғарылатуда түйіршіктеудің 
маңызы 
Құрама жемді түйіршіктеу – бұл шашыранды ұсақ жемдік өнімнің  белгілі 
бір  геометриялық  өлшемдегі  бөлшектерге,  түйіршіктің  қажетті  физикалық 
қасиетіне  ие  болатындай  формаға  айналуы.  Бұған  механикалық  әсер,  ұсақ 
бөлшектердің  өзгеруі  әсерінен  қол  жеткізіледі.  Байланыстырушы  зат  болып 
сұйық, тұтқыр өнімдер, жемдік майлар пайдаланылады.  
Құрамды байланыстырушы заттар, негізгі құрауыштар – көмірсулар – бұл 
моно,  (глюкоза,  сахароза)  олигосахароза  және  полисахаридтен  (крахмал, 

32 
 
декстриннен  және  тағы  басқаларынан)  тұрады.  Құрама  жемді  түйіршіктеуде 
көмірсу  құрамды байланыстырушы  заттар қосалқы қуат көзі болып табылады.  
Ақуызды байланыстырушы заттардың негізгі құрауыштарына өсімдік және 
мал  текті  ақуыз  құрауыштары  жатады.  Ақуызды  заттар  гидролиз  кезінде 
аминқышқылдарына ыдырап, азық рационына қажетті құрауыштарды құрайды.  
Құрама  жемді  түйіршіктегенде    қосатын  меласса  оның  сапасын 
жақсартады.  Меласса  байланыстырушы,  жабыстырушы  ғана  емес,  сонымен 
бірге  жемдік  құндылығы  жоғары  болғаны  үшін  де  кеңінен  қолданылады.  Бұл 
өнім қызылша – қант өндірісінің жанама өнімі [109, 110]. 
Химиялық  құрамы  жағынан  меласса  75  –  85  %  құрғақ  заттарды  құраса, 
14,8 % азоттық заттар, 16,7 % азотсыз органикалық заттар (қанттан басқа), 7,5 – 
11,3  %  күлден  тұрады.  Мелассаның  минералдық  заттары  көмірқышқыл, 
күкіртқышқыл,  хлорлы,  азотқышқылды  тұздар  және  аз  мөлшерде    фосфор 
қышқылының тұздарынан тұрады. 
Мелассаның  құрамындағы  дәрумендер  негізінен  тиаминдер,  пантотен, 
фоли қышқылы және т.б [111]. 
Негізгі  жабыстырғыш  құрауышқа  дисахарид  –  сахароза  жатады.  Оның 
құрамында  құрғақ  заттар  мөлшері 54–63  %.  Сахароза  мелассаға  жақсы  дәмдік 
сапа береді, сонымен қатар азықтағы қуат көзі ретінде бағалы. 100 кг мелассада 
77 жемдік бірлік бар. 
Мелассаның  физикалық  қасиетіне  келсек,    қара  қоңыр  түсті  тұтқыр 
сұйықтық,  қату температурасы + 16
0
. Тұтқырлығы құрамындағы кепкен заттар 
мен температураларына байланысты [112]. 
Мелассаның  аққыштығын  жоғарылату  және  мөлшерлеуді  жеңілдету  үшін 
және  сығымдағышқа  беру  үшін  оны  ысытады  немесе  су  қосады.  Оңтайлы 
температурада  45  –  50 
0
С  форсункалар  арқылы  бумен  жақсы  бүркіледі. 
Температураны  жоғарылатқан  сайын  қант  карамельге  айналады,  бұл  фильтр 
форсункасы  мен  өткізгіш  құбырдың  толуына  әкеледі.  Бу  орнына  сығылған 
ауаны пайдалануға болады.  
Мелассаны  құрама  жем  құрамына  келесі  мөлшерде  енгізеді:  құстар  мен 
балықтарға  –  3  %  дейін,  шошқаларға  –  5  %,  ірі  қара  үшін  –  7  %  дейін. 
Балапандар рационына енгізу олардың күлділік заттарының іш өткізу қасиетіне 
байланысты ұсынылмайды.  
Барлық  жағымды  жақтарымен  қатар,  меласса  түйіршіктің  жоғары 
үгілмейтіндігін  қамтамасыз  етпейді.  Мысалы  меласса  қосылмаған  нұсқаға 
қарағанда түйіршіктің үгілгіштігін 4 – тен 3,5 % дейін ғана төмендетеді [113]. 
Тағы  бір  байланыстырушы  негізгі  зат  ретінде  моносахаридті  –  глюкоза 
тұзды  гидрол  қолданылуда.  Құрама  жем  өндірісінде  гидролдың    33  % 
көмірсулар,  бұлар глюкоза өндірісінен алынады. 
Тұзды  гидрол  -  қара  қоңыр  түсті  сұйықтық,  мелассаға  ұқсас.  Физикалық 
қасиеттері:  гидролдың  ылғалдылығы  20 
0
С  температурада  мелассаның 

33 
 
тұтқырлығынан  5  есе  аз,  ал  50
0
С  температурада  –  12,5  есе.  Гидрол    22
0
С 
температурада  қатады,  көлемдік  салмағы  1,338  г/см
3
  сағ.  Бұны  құрама  жем 
құрамына  жылытпай  –  ақ  қосу  біркелкі  араласуына  мүмкіндік  береді.  Тұзды 
гидролдың 1 кг – ы 0,67 жемдік бірлікке тең. 
Тұзды  гидролды  қолдануда  шашыранды  құрама  жемге  тұзды  қоспай  –  ақ 
қоюға болады. 
Бағалы ақуызды өнім болып жүгері экстрактісі – крахмал-сірне өндірісінің 
қалдығы    жатады.  Концентрат  алу  үшін  экстрактіні    48  –  52  %  құрғақ  зат 
алғанға  дейін  қайнатады.  Оның  құрамында  ылғал  [114]  53  –  49,5  %,  протеин 
15,5 – 23,2 %, күл 7,9 – 10,6 %, фосфор 1,64 – 4,44 г/кг, май 34 %, редуцирлеуші 
заттары  1 – 3 % құрайды. 
Құрама  жемді  түйіршіктеудегі  жүгері  экстрактісінің    ең  жақсы 
байланыстырушы мөлшері балапан үшін 5 %, орташа ұнтақтау туатын тауықтар 
үшін – 6 %.  
Жемдік  май  –  азықтағы  қуаттың  бай  көзі  болып  табылады.  Ақуыз 
құрамындағы  қуат  мөлшері  2,0  –  2,5  есе  көп.  Май  құрамды  байланыстырушы 
заттар  негізгі  мал  және  өсімдік  текті  майлардың  негізі.  Ол  жоғары  жабысуды 
қамтамасыз етпесе де, азықта қуаттың бай  көзі болып табылады [115 – 117]. 
Майлар  құрама  жемнің  дәмдік  сапасын  жақсартады,  дәрумендерді  
тұрақтандырады,  шаң  бөлінуін  азайтады,  электр  қуатының  шығынын  азайтып 
матрицаның тозуын азайтады.  
Фосфотидті  концентрат  –  бұл  май  өңдейтін  кәсіпорындардың  өсімдік 
майын алғашқы тазартудан алынған өнімі. 
Химиялық  құрамына  байланысты  фосфотидті  концентрат  –  күрделі 
фосфотидтерден  (лецитиннен),  ақуыздардан,  көмірсулар  мен  дәрумендер 
(Холин, инозит, токоферол) май мен 30 – бен 50 % құрайды. Физикалық қасиеті 
қою  қоймалжың  өнім,  температура  көтерілуіне  байланысты  тұтқырлығы 
төмендейді.  
Зоотехникалық  тәжірибеде  көргеніміз  құрама  жемді  фосфотидті 
концентратпен байыту жас торайлар үшін – 2 %,  жемдеудегі балапандар үшін 3 
% тиімді болып табылады. 
Лигносульфонат  –  ол  лигниннің  негізі  полимер  өнімі.  Лигносульфат 
жоғары  жабыстырғыштық  қасиетке  ие,  оны  3  %  қосу  сығымдағыштың 
өнімділігін  көтеріп,  қиындыларды  азайтады.  Лигносульфонат  спирттік  барда 
қалдықтарының құрамына кіреді [118]. Барда концентратындағы құрғақ заттар: 
минералдар (17 – 22 %), органикалық заттар (78 – 83 %), кальций 4,0 – 4,9 %, 
натрий 1,9 – 4,9 %, калий 0,02 – 0,32 %, күкірт – 0,05 %. 
Физикалық құрамына байланысты қою сұйықтық, ақшылдан қара – қоңыр 
түске дейін, орташа 50 % құрғақ заттары бар. Құрама жем құрамына 5 % енгізу, 
ол түйіршіктегі аминқышқылдарының сақталуын қамтамасыз етеді. 

34 
 
Сапропель  –  бұл  табиғи  шикізат,  оның  қоры  44  млрд.  құрайды.  Құрама 
жемді  түйіршіктеу  үшін    Одесса  техникалық  институтында  зерттеулер 
жүргізілген.  Дәрумендер  құрамында  каротин,  С  дәрумендері,    D,  рибофлавин 
және басқалары бар [119]. 
Физикалық  қасиетіне  байланысты  желе  тәрізді,  бір  текті  қара  түсті  зат. 
Ылғалдылығы 60 – 97 % арасында. Физикалық қасиетіне байланысты мелассаға 
ұқсас. 
Тиімді  байланыстырушы  заттар  тобына  коллоидалды  балшық  жатады,  
оны  2,5  %  қосу  түйіршіктің  қаттылығын  жақсартып,  сығымдағыштың 
өнімділігін көтереді. Бейорганикалық байланыстырушы заттар түрінің негізгісі 
каолин, ол  үй малдары мен құстары үшін құрама жем түйіршіктеуде қолданады 
[120]. 
Балықтарға арналған түйіршіктелген құрама жемнің   ісіну ұзақтығы  15 – 
20 мин, суға шыдамдылығы 3 сағаттан артық.  
Құрама  жемді  түйіршіктеудің  екі  әдісі  бар:  ылғалдап  сығымдау,  құрғақ 
сығымдау.  Ылғалды  сығымдау  арқылы  алынған    түйіршікті  қолдану 
шашыранды  құрама  жемге  қарағанда  балықтың  өсуін  25  %  жоғарылатады, 
түйіршіктің  сапасы  құрғақ  сығымдалған  құрама  жем  түйіршіктерімен  
салыстырғанда 19 % жоғары [121]. 
Құстарға  арналған  рацион  негізінен  бидайға  негізделген.  Қоректілік 
қасиетіне  байланысты  олар  жақсы  азық  болып  саналады.  Олардың 
құрамындағы  желімшеге  байланысты    әсіресе  майда  ұнтақтап  құрама  жем 
құрамында құстарды азықтандырғанда құстардың   қалқанша безінде жабысқақ 
масса  пайда  болады,  бұл  өз  кезегінде  асқорытудың  бұзылуына,    азықтың 
нашарлауына әсер етеді. 
Осыған  байланысты  бидайдың  жоғары  мөлшерін  сақтайтын  құстарға 
арналған  құрама  жем  дайындауда  оның  ұнтақтау  ірілігіне  де  көңіл  аудару 
қажет.   
Құрама  жемді  түйіршіктеуде  негізгі  қоректік  заттардың  қорытылуы 
жақсарады,  алмастыру  қуатының  деңгейі  12  %  дейін  көтеріледі  рецепке 
байланысты.  Түйіршіктеу  үрдісі  құрама  жемді  қымбаттатады,  ыстық 
көтермейтін  дәрумендер,  ферменттер  және  де  басқа  биологиялық  белсенді 
заттар 10 % дейін өзінің белсенділігін жоғалтады. 
Тәжірибелік топты бақылау тобымен салыстырғанда азық шығыны барлық 
өсу  кезеңінде  1,5  %  көп  болған,  ал  азық  шығыны  1  кг  тірі  салмақта  5,7  %  аз 
болған.  Екі  топта  да  құстардың  басының  сақталуы  жоғары  болды.  Осылайша 
диаметрі  0,9  –  1,2  мм  түйіршіктелген  құрама  жем  14  күндік  балапандар  үшін 
зоотехникалық көрсеткішіне жақсы ықпал етеді [122]. 
Түйіршіктеу  үрдісі    шашыранды  құрама  жем  өнімдері  бөлшектерін 
түйіршіктеу арқылы  физикалық қасиеттерінің өзгеруіне байланысты белгілі бір 
пішінді  қалыптастыруынан  тұрады.  Бірақ  құрама  жемді  түйіршіктеудің 

35 
 
артықшылығы  шашыранды  құрама  жемнің  санитарлық  сапасын  жақсартып, 
сақтау мерзімін ұзартады.  
Суда  еритін  дәрумендер,  оның  ішінде холин  –  хлорид  (В
4
)  түйіршіктеуде 
тұрақты  болады.  В
1, 
В
2, 
В
12 
дәрумендері  аз  мөлшерде  жоғалады.  С  дәрумені 
түйіршіктеу  кезінде,  айтарлықтай  бүлінеді  25  %,  ал  құрама  жемді  жаз 
мезгілінде сақтағанда бұл көрсеткіш – 25 – тен 50 % жетеді. 
Түйіршіктеу  кезінде  антибиотиктердің  белсенділігі  төмендейді,  бірқатар 
деңгейде ферменттер белсендендіріледі. 
Жылумен  өңдеу  минералдық  қоспалар  құрамына  әсер  етпейді,  бірақ 
аминқышқылдарының сақталуы нашарлайды. Ішінара лейцин, треонин, глицин, 
аспаргин қышқылы және синтетикалық метионин (50 % дейін) бүлінеді.  
Құрама  жемді  түйіршіктеудегі  маңызды  фактор  – ол  азықтың  бағалығы  – 
бұл  будың  стерилизация  әсерінің    нәтижесінде  95  %  дейін  уыт  бөлетін 
саңырауқұлақтар отарлары жойылады. 
Шашыранды  құрама  жем  ыстық  пен  ылғалдың  әсерінен  бір  жағынан 
құрылымдық  –  механикалық,  екінші  жағынан  биохимиялық  өзгерістерге 
ұшырайды.  Соның  салдарынан  өнім  үшін  қажетті  тұтқырлыққа  ие  болады. 
Ылғал  қабылдаған  коллойдтар  ісінеді  және  түрін  өзгертеді.  Температура 
көтерілген  сайын  ісіну  қарқынды  жүреді  және  құрама  жемнің  пластикалық 
қасиеті  жақсарады.  Температураның  көтерілуі  майлардың  ыдырауына  әсер 
етеді, мысалы: шроттар мен күнжараның тұтқырлығы төмендейді және құрама 
жемнің  беті  ылғалданады.  Май  құрама  жемнің  бетін  біркелкі  ыстық  және 
ылғалмен  жабады. Айтылған  факторлар  құрама жемнің  физикалық қасиетінің, 
сонымен бірге сығымдалу қасиетінің жақсаруына көмектеседі. 
Құрама  жемді  булаудағы  биохимиялық  өзгеруі  негізінен  құрамындағы 
крахмал,  ақуыз  және  белсенді  ферменттердің  өзгеру  жағдайына  байланысты. 
Температураның 
көтерілуі 
мен 
ылғалдылығынан 
крахмалдың 
жабысқақтылығы,  оның  еру  күйіне  өтуі,  бұл  крахмал  ферменттері  үшін 
неғұрлым  қол  жетімді.  Бумен  өңдеу  крахмалды  ішінара  гидролизге  жеткізеді, 
бұл  құрама  жемдегі  (мысалы  дәндік)  көмірсулардың  құрамдас  бөлігі  болып 
табылады.  Нәтижесінде  декстриндер  және  жай  қанттар  пайда  болады.  Бұлар 
құрама жемнің бөлек бөлшектерінің бір – біріне жабысуына ықпал етеді. Будың 
әсерінен  құнарлығы  мен  қуат  алмасуы    жақсарады.  Тиісті  температурада  бу 
қысымы, сонымен қатар уақыт – гидротермиялық өңдеудің негізгі параметрлері  
болып табылады. 
Мал және құстардың әртүрлі топтары үшін құрама жемді түйіршіктегенде 
бұларды  ескерген  жөн.  Шошқаларға  арналған  құрама  жемде,  мысалы 
көмірсулар мен клетчатка басым, сондықтан температура мен ылғалдылық аса 
жоғары болмауы керек [123]. 

36 
 
Бұндай  құрама  жем  шектеулі  ғана  ылғалды  сіңіреді  және  бумен  қайта 
ылғалдау  өнімде  кесектердің  болуына  әкелсе,  ол  сығымдау  үрдісін 
нашарлатады. 
Құрама  жемді  түйіршіктеуде  ақуыздардың  салыстырмалы  жоғары  болуы 
мен клетчатканың төмен болуына байланысты гидротермиялық өңдеуді үдемелі 
режимде  қолдану  керек.  Бұл  су  сіңіргіш  қасиеті  жоғары  құстар  мен 
балапандарға арналған  түйіршікті құрама жем жасағанда ескерілуі тиіс. 
Ылғал мен ыстық шашыранды жемге біркелкі сіңірілуі мен таралуы үшін  
құрауыштарды  дұрыс  мөлшерлеу  мен  араластыру  қажет.  Құрама  жемді 
түйіршіктегенде  түрлі  деформацияларға  ұшырайды,  пішінінің  бұзылуы: 
сынғыш,  серпімді  және  пластикалы  болады.  Бұлай  деформацияға  ұшырауына 
өнімнің  ылғалдылығы  мен  сығымдау  қысымы  әсер  етеді.  Аз  ылғалдылықта 
және  жоғары  меншікті  қысымда    өнімді  сығымдауда  сызаттар  пайда  болады, 
бұл  жағдайда    құрама  жем  бөлшектері  сығымдалады,  жуылады,  тығыз 
орналыстырылады.  Үлкен  жүктемеде  пішін  бұзылғыш,  сынғыш  болса,  одан 
тегіс және беті жылтыр түйіршік алынады. Бөлшектердің пластикалық бұзылуы 
бөлшектердің тұтастығын бұзбай көлемін тығыздауға жәрдемдеседі. 
 Құрама  жемді  сығымдау  үрдісі  механикалық  энергиянықажет  етеді,  ол 
ішкі  және  сыртқы  үйкелудегі  шығынды  еңсеруге,  серпімді  кедергінің 
пластикалыққа кедергіге көшуіне жұмсалады, сонымен қатар бұл жерде өнімнің  
қызуы  жүреді. Түйіршіктің температурасы сығымдағыштан шыққанда 5 – 10

С 
сығымдағышқа түскен құрама жеммен салыстырғанда жоғарылайды. 
Шашыранды  құрама  жем  рецебіне  әртүрлі  қасиеттегі  құрауыштардың 
қолданылуына байланысты сығымдау үрдісі, яғни пішіннің өзгеруі өте күрделі 
өтеді және біркелкі емес, ол бір бөлшектердің пластикалықөзгеруінің екінші бір 
бөлшектің сынғыш және серпімді өзгеруіне байланысты. 
Ылғал  сығымдау  үрдісінде  пластификатор  рөлін  атқарады.  Шашыранды 
құрама  жем  пішінінің  өзгеруі  бөлшектер  арасындағы  бос  орын  мен  ылғал 
қабатын  азайтады.  Құрама  жемде  сығымдалған  қалыңдық  қабаты  азайғанда 
жоғары  тартылу  күші  пайда  болады,  бұл  мықты  түйіршіктер  алуға  септігін 
тигізеді. 
Өндірісте  түйіршіктелген  құрама  жемді  алуда  агрегаттар  мен  әртүрлі 
өнімділікті қамтамасыз ететін жеке сығымдағыш конструкциялар қолданылады. 
Сығымдағыш  –  түйіршіктегіштің    дұрыс  жұмыс  істеуі  үшін  оның  жұмыс 
органдарының  сақталуын,  жоғары  сапалы  түйіршік  алу  үшін  арнайы 
параметрлер мен түйіршіктеу үрдісінің режимдерін ұстау керек. 
Бірінші  маңызды  жағдай  –  сығымдағыштың  тұрақты  жұмысы  үшін 
шашыранды құрама жемнің ылғалдылығы 11 – 12 % шамасында болуы керек. 
Қосалқы ылғалдау кондиционерлеу кезінде 2 – 5 % аралығында өзгеруі мүмкін. 
Негізінен түйіршіктеу үшін 17 – 18 % шектеуде болады [124]. 

37 
 
Түйіршіктеу  режимінің  маңызды  көрсеткіштеріне  бу  қысымы,  жемдік 
қоспаның ылғалдылығы және матрица мен біліктің аралығы жатады.  
 Сығымдағыштың  араластырғышына  1т  түйіршік  үшін  500  –  600  кг 
мөлшерде 0,30 – 0,40 МПа қысымында бу беріледі. 
Түйіршіктерінің  жоғары  тиімділігіне  жоғары  қысымдағы  құрғақ  ыстық 
буды  қолдану  арқылы  жетуге  болады.  Бұл  өте  маңызды,  өйткені  бу  –  ылғал 
бөлігі,  құрама  жемді  біркелкі  ылғалдамаса,  кесектің  пайда  болуына,  соңында 
матрица тесігінің бітелуіне әкелуі мүмкін. 
Құрама  жемді  бумен  өңдегеннен  кейін,  зерттеулерден  дәлелдегені  келесі 
тәуелділік  –  ол  ылғал  ұстауы.  Мысалы:  өнімді  бумен  өңдеу  оның 
ылғалдылығын 0,7 – 1,0 % дейін көтереді, нәтижесінде оның температурасы 10 
–  11

С  –  қа  жоғарылайды.  Түйіршіктеудің  техникалық  үрдісін  дұрыс  енгізу 
үшін  бу  шығынын  бақылау    керек,  бұл  оның  реттелуіне  қол  жеткізілуін 
қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегіндегі электр қуатының шығынын төмендетеді. 
Құрғақ  бу  температурасы  150  –  160
0
С  аралығында  болуы  керек. 
Сығымдағыштан шыққан түйіршіктің  температурасы 80 – 90 
0
С – тан аспауы 
керек, суыту құдығынан өткеннен кейін қоршаған орта температурасынан кем 
дегенде 5 – 10 
0
С температурадан жоғары болмауы шарт. 
Шашыранды  құрама  жем  құрамындағы  жоғары  температуралық  режим 
дәндік  құрауыштардың  құрамындағы  крахмалға  әсер  етеді.  Крахмалдың 
жабысқақтық  температурасы  –  80
0
С  (құрама  жем  ылғалдылығы  –  17  %), 
оңтайлы  температура.  Түйіршіктеудің  технологиялық  үрдісі  –  сығымдау 
аумағындағы  маңызды  фактор,  ол  оның  тиімділігіне  әсер  етеді,  матрицаның 
параметріне 
сәйкес 
(тесігінің 
формасы, 
білік 
және 
матрицаның 
арақашықтығына) сығымдалатын өнімнің сапасына байланысты болады. 
Сығымдағыштың  жұмыс  тиімділігі    білік  бетінің  жұмыс  жағдайына, 
біліктер  мен  матрицалар  арасына  материалдың  түсу  бұрышына,  шашыранды 
құрама  жемнің  оның  каналында  болу  уақытына,  құрама  жемдегі  матрица  мен 
білік ара қашықтығы, бу қысымы, біліктің жұмыс беті, өңделген өнімнің жұмыс 
бетіндегі білік пен матрицада бөлу бірізділігіне байланысты. 
Сығымдау  қысымның  өлшеміне,    электр  қуатының  меншікті  шығынына, 
түйіршіктердің  мықты  болуына  матрица  ұзындығы  мен  тесігінің  диаметрі 
айтарлықтай  әсер  етеді.  Оның диаметрін  үлкейту  сығымдағыштың    қысымын, 
сығымдағыштың энергосиымдылық пен түйіршіктің мықтылығын төмендетеді. 
Көрсетілген  тесік  ұзындығы  және  айтылған  көрсеткіштер  кері  байланыста 
болып табылады. 
Матрицадағы  жалпы  тесік  саны  сығымдағыштың  өнімділігіне  әсер  етеді. 
Түйіршікті  суыту  үрдісі  температураны  төмендету  және  одан  ылғалды 
шығаруға керек. Осы мақсатта аспирацияның сору жүйесі қолданылады. Суық 
ауа,  түйіршік  массасының  ішімен  өте  келе  жылынады,  дымданады,  шаңмен 

38 
 
тозаңданады  және  тазалауға  циклонға  жөнелтіледі,  содан  соң  атмосфераға 
шығарылады. 
4,7 мм диаметрдегі түйіршіктің суытылу  уақыты 5 – 6 минут, сәйкесінше 
7,7 мм үшін 10 минут, 19 мм үшін 18 минут. Түйіршік диаметріне байланысты 
салқындатуда өнімге пайдаланылатын ауа мөлшері өзгеріп отырады. Ол келесі 
аралықтарда болады. 
 
Кесте 1 – Түйіршік диаметріне байланысты қолданылатын ауа мөлшері 
 
Түйіршік диаметрі, мм 
Өнімге пайдаланылған ауа мөлшері, м

4,7 
1400 – 1900 
7,7 
1500 – 1900 
9,7 
1800 – 2100 
12,7 
1900 – 2300 
19,0 
2100 – 2400 
 
Әуе  ағынының    жылдамдығы 1500  МПа  қысымда   0,4  –  0,5  м/сағ   болуы 
керек.  
Түйіршіктеу  үрдісі  шашыранды  құрама  жем  өндіру    технологиялық 
үрдісінің  жалғасы.  Бір  зауыттарда  құрама  жем  өндірудің  бір  тізбегінде  болса, 
басқаларында типтік немесе жеке жоба бойынша салынған арнайы жеке – дара 
цехтарда орналасқан. 
Құрама жемді түйіршіктеу келесі негізгі кезеңдерден тұрады: 
-
 
Сығымдау  алдында  шашыранды  құрама  жемді  тексеру  (қоспалардан 
метал магнитті); 
-
 
Сығымдағыш – түйіршіктегіште, араластырғыштағы шашыранды құрама 
жемді гидротермиялық өңдеу; 
-
 
Сығымдағыш – түйіршіктегіште түйіршікке сығымдау
-
 
Суыту құдықтарында түйіршікті суыту; 
-
 
Түйіршіктен қиыршық алу  өндірісі
-
 
Түйіршікті және қиыршықты тексеру (ұсақ бөліктерден бөлу). 
Құс  балапандарын  азықтандыру  үшін  түйіршіктердің  аса  үлкен  емес 
өлшемі    -  2  –  3  мм  диаметрі  қолданылады.  Бұндай  түйіршіктерді  өндіру 
экономикалық  түрде  тиімді  емес,  сығымдағыштың  өнімділігі  төмендейді, 
сығымдауда қуатшығыны өседі, ал матрицалар қатардан тез шығып қалады. 
Қиыршықты  түйіршікті  ұнтақтау    арқылы  алады.  Егер  түйіршіктеу 
цехында  2  сығымдағыш  болса,  онда  қосалқы  ұнтақтағышты  қоюға  болады. 
Ұнтақтағышты  сатып  алу  мен  орнату  шығыны  өзін  1  –  2  айда  ақтайды. 
Түйіршіктен қиыршық алу өте тиімді.  
Сығымдау  нәтижесінде  төмен  температурада  дайындалған  түйіршіктегі 
крахмалдың  11  %,  ал  жоғары  температура  дайындалған  түйіршіктің  20  % 
жабысқақтыққа ауысады. Крахмалдың жабысқақтығы кезінде байланыстырғыш 
зат  түзіліп,  ол  түйіршіктің  беріктігін  жақсартады.  Түйіршіктеу  клетчатка 

39 
 
құрылымы мен майды өзгертеді, соның әсерінен олар қарындағы микроағзалар 
мен ферменттер  үшін қолайлы болады.  
Құрама  жемді  түйіршіктеу  фосфор,  ақуыз  және  алмастыру  қуатының 
қолданылуын  жақсартады.  Тәжірибелік  зерттеулер  нәтижесінде  түйіршіктеу 
кезінде ішін – ара дәрумендер белсенділігінің төмендегені анықталды, бірақ бұл 
шығын шашыранды құрама жемді сақтаудағы  биологиялық белсенді заттардың 
шығынынан жоғары емес.  
Көптеген  зерттеулер  түйіршікті  құрама  жемнің  тиімділігі  шашыранды 
құрама жеммен салыстырмалы түрде жоғары екендігін дәлелдейді. 
БҒЗҚЖИ  дерегі  бойынша  түйіршікті  құрама  жеммен  бройлер 
балапандарын  азықтандыру  олардың  салмағының  6,6  %  –  ға  өсуін,  азық 
шығынының 1центнерге – 16,5 % азайғандығын көрсеткен. 
Жұмыртқалайтын  тауықтар  түйіршікті  құрама  жемді  қабылдаған  соң 
жұмыртқалағыштығы  13,4  –  17,0  %  өскен.  10  жұмыртқаға  жұмсалған    құрама 
жем шығыны 6,9 – 15,6 % төмендеген. Орташа жұмыртқа салмағы 3,9 – 9 % -ға  
артқан.  Түйіршікті  құрама  жеммен  торайларды  азықтандыру  жақсы  нәтиже 
көрсетті. Орташа салмағы 1,7 – 2,4 кг артқан. 
Түйіршікті құрама жеммен шошқаларды семірту мен бордақылауда орташа  
тәуліктік  салмақ 8 – 9  % өссе,  тірі  салмағы  6  айлығында 90  кг-ға   жеткен. Ірі 
қара  малының  төлдерін  түйіршікті  құрама  жеммен  азықтандыру  малдың 
қарқынды  19,7  %  өсуіне,  әрбір  центнерге  жұмсалған жем  шығынының  16,2 % 
азаюына,  қосымша  өнім  алуға  жұмсалатын  өзіндік  шығынның  11  % 
төмендеуіне ықпал еткен. 
Түйіршікті  құрама  жемді  құс  және  шошқа  шаруашылығында  пайдалану 
азықтану  үрдісін  түгелімен  механизациялауға  мүмкіндік  береді,  азықтарды 
жеке тұтынудан қорғайды [125 – 127]. 
Осы  бағыттағы  зерттеу,  технологиялық  әдіс  –  айланың  дұрыс 
қолданылуына,  қалдықтардың  азықтық  құндылығын  жоғарылатуға  септігін 
тигізеді.  
Азықтық  ұн  қалдықтарын  тиімді  пайдалану  жолдары  оларды  сығымдау, 
түйіршіктеу  және  брикеттеу.  Бұл  сол  азықтық  үлестің  үстіне,  салмағының 
көбеюіне,  қойманың  сиымдылығын  дұрыс  пайдалануға  және  түйіршіктеген 
ұндарды тасымалдау шығынын азайтуға септігін тигізеді [128, 129]. 
Су негізіндегі зығыр сығындыларынан  түйіршіктелген дәндік қоспа жасау 
зерттелінді. Ол үшін әртүрлі қатынастағы 6 нұсқа қарастырылды. Су негізіндегі 
зығыр сығындысы 10 – 20%, бидай – 40 – 45%, жүгері – 40 – 45%, бидай кебегі 
–  40  –  45%    қоспа  құрамына  енгізілді.  Қоспаның  ылғалдылығы  15,6...17,0  % 
құрады (2-кесте).  
Қоспа түйіршіктелді. Зерттеу нәтижелері су негізіндегі сығыр зығындысы 
енгізілген  түйіршікті  қоспаның  сапасының  жоғары  екендігін  көрсетті  [130  – 
132]. 
 
 
 

40 
 
Кесте  2  –  Су  негізіндегі  зығыр  сығындылары  бар  түйіршіктелген  қоспаның 
физикалық – механикалық қасиеттері 
 
Көрсеткіштері  
Қоспа 
№1 
№2 
№3 
№4 
№5 
№5 
Ылғалдылық, % 
9,1 
9,0 
9,4 
7,6 
8,3 
6,5 
Табиғи 
құлама 
бұрышы, град 
38 
38 
39 
40 
40 
40 
Көлемдік салмағы, кг/л 
631 
615 
619 
641 
678 
675 
Ісінуі, с 
30 
30 
30 
30 
30 
30 
Үгітілгіштігі, % 
38 
47 
51 



 
Әдебиеттердегі ақпараттар бойынша [133 – 137]  малдарды жеміс – көкөніс 
өндірістерінің қалдықтарымен  балғын түрінде азықтандырғанда 25 % құнарлы 
бағалы  заттарды  жоғалтады.  Сонымен  қатар  жеміс  –  көкөніс  қалдықтарын 
сақтау  және  тасымалдау  кезінде  де  қоректік,  нәрлілік  құндылығы  төмендейді. 
Сондықтан  зерттеушілер  балғын  қалдықтарды  қысқа  мерзімде  2  –  4  ай 
аралығында 
пайдалану 
қажеттігін, 
консерві 
зауыттарынан 
алынған 
қалдықтарды кептіріп,  құрама жем өндірісіне беру қажеттігін ұсынады. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет