§4.2. Пайызға байланысты мәселе есептер
1.Құлпынайдың 6 %-ы қант. 35 кг құлпынайда неше кг қант бар?
A)1,5 кг
B)1,8 кг
C)2,1 кг
D)2,4 кг
E)3кг
2. Теңіз суының 95 %-ы ғана су, қалғаны тұз. 6 т теңіз суында қанша тұз бар?
A)150 кг
B)180 кг
C)210 кг
D)240 кг
E)300кг
3.Турист барлық жолдың 90%–ы болатын 27 км жол жүрді. Барлық жолдың ұзындығы неге тең?
A)15 км
B)16 км
C)24 км
D)30 км
E)36 км
4.Турист қайықпен 504 км жүзді. Бұл барлық жолдың 36 % болса, барлық жолды тап.
A) 181,44 км
B) 1208 км
C) 1608 км
D) 1500 км
E) 1400 км
5. Кітаптың бағасы 22%-ке арзандаған соң 156 теңге болды. Кітаптың алғашқы бағасы қанша?
A) 178
B) 150
C) 200
D) 300
E) 195
6. Автомобиль багінің сыйымдылығы 40 л бензин. Жол жүрудің алдында бак 80% - ке толтырылды. Бензиннің 25%- і жолға жұмсалды. Сонда бакта қанша бензин қалды?
A) 32 л
B) 24 л
C) 16 л
D) 30 л
E) 8 л
7.2a санының 3%-інің 8%-і a санының 5%-інің неше процентін құрайды?
A) 9,6%
B) 2,4%
C) 6%
D) 4,8%
E) басқа жауап
8. Санжар бірінші жылы ағылшынша сөз қорын 20%-ға жақсартты, ал келесі жылы ағылшын сөздерін жаттауды қойды да, 20%-ын ұмытты. Үшінші жылы тіл орталығына ағылшын тілі курсына барып, сөз қорын 50%-ға жақсартты. Санжардың сөз қоры бастапқымен салыстырғанда неше пайызға өзгерді?
A) 28% төмендеді
B) 28% жоғарылады
C) 44% төмендеді
D) 44% жоғарылады
E) 45% жоғарылады
9. 80 дәптерді біріншісі екіншісінің 60%-і болатындай етіп бөлді. Бірінші бөліктегі дәптерлердің саны қанша?
A) 30
B) 50
C) 20
D) 40
E) 35
10.40%-і 40 санының 40%-ін құрайтын санды табыңыз.
A) 40
B) 16
C) 64
D) 50
E) 80
11. 40 санының 40%-ын құрайтын санды және пайда болған санның 40%-ын тап табыңыз.
A) 20 және 10
B) 20 және 8
C) 12 және 6,4
D) 16 және 6
E) 16 және 6,4
12. Шоқан, Бораш, Ғалым жидек жинады. Бораш Шоқанға қарағанда 20% артық, ал Ғалымнан 20% кем жинады. Ғалымның жинаған жидегі Шоқанның жинаған жидегінен қаншапайызға артық екенін табыңыз.
A) 50%
B) 40%
C) 30%
D) басқа жауап
E) 20%
13. 400 санының 0,6 бөлігінің 40% табыңыз.
A) 106
B) 108
C)96
D) 118
E) 68
14. Дәптердің бағасы 40 тг. Бағасын 15%-ке арттырғаннан кейін 548 теңгеге неше дәптер сатып алуға болады?
A) 12
B) 10
C) 11
D) 13
E) 14
15.30%-ы 60 санының 90%-ын құрайтын санды табыңыз.
A) 162
B) 18
C) 16,2
D) 54
E) 180
16.Бағасы х теңге болатын тауардың бағасы бірінші айда a%-ға қымбаттап, екінші айда a%-ға арзандады. Тауардың соңғы бағасын анықтаңыз.
A) х(1−𝑎100)
B) х(1−𝑎21000)
C) х(1+𝑎210000)
D) х
E) х(1−𝑎210000)
17.70 санының 70%-ын тауып, пайда болған санның 70%-ын тап.
A) 49
B) 24,3
C) 34,3
D) 35
E) 35,7
18.Сүттің 8 %-ы қаймақ, қаймақтың 25 %-ы май. Сүттің не пайызы май?
A) 3%
B) 2,5%
C) 2%
D) 1,5%
E) 1%
19. Оқушы 175 санын 40 %-ға арттырып, оның 20 %-ын тапты. Оқушы қандай санды есептеп тапты?
A) 58
B) 40
C) 42
D) 52
E) 49
20.Құйманың 80 %-ы алюминий, қалғаны мыс. Құймадағы алюминий мыстан 300 г артық. Құйманың массасы қандай?
A) 1 кг
B) 800 г
C) 600 г
D) 500 г
E) 450 г
21. Қызанақтың тамыз айындағы бағасы 25 %-ға қымбаттады. Ал оның соңғы бағасы қараша айында тағы да 40 %-ға қымбаттап, 140 тг болды. Қызанақтың бастапқы бағасы неше теңге?
A) 85 тг
B) 80 тг
C) 75 тг
D) 90 тг
E) 60 тг
22.Сымның бөлігінен 20%–ды, кейін қалғанының 40%–ын кесіп алды. Сымның неше пайызы қалды?
A) 36%
B) 40%
C) 48%
D) 50%
E) 56%
23. Асыл тақтаға бірнеше тізбектес натурал сандарды жазды. Олардың ішіндегі тақ сандардың пайызы қаншаға тең бола алмайды?
A) 40
B) 45
C) 48
D) 50
E) 60
24. Үш санның қосындысы 420–ға тең. Бірінші сан қосындының 60%–ын, екінші сан бірінші санның 25%–ын құрайды. Үшінші санды тап.
A) 85
B) 90
C) 95
D) 100
E) 105
25. Тауардың бағасы қаңтар айында 10% қымбаттап, ақпан айында 10% арзандады. Тауардың бағасы алғашқы бағадан қалай өзгерді?
A) Қымбаттайды
B) Арзандайды
C) Өзгермейді
D) 20% өзгереді
E) Анықтау мүмкін емес
26. Ағаштың берілген массасының 20%-інен қағаз дайындалады. Оқушының бір дәптері орта есеппен 25 г, ал кітап одан 16 есе ауыр. Сыныпта 32 оқушының әрқайсысына 1 дәптерден және 1 кітаптан дайындау үшін барлығы неше кг ағаш қажет?
А) 68 кг
В) 65 кг
С) 63 кг
D) 70 кг
E) 60 кг
27. Ағаштың берілген массасының 20%-інен қағаз дайындалады. Оқушының бір дәптері орта есеппен 30 г, ал кітап одан 15 есе ауыр. Сыныпта 28 оқушының әрқайсысына 1 дәптерден және 1 кітаптан дайындау үшін барлығы неше кг ағаш қажет?
А) 65,2 кг
В) 60,8 кг
С) 63,5 кг
D) 67,2 кг
E) 70,8 кг
28. Ағаштың берілген массасының 20%-інен қағаз дайындалады. Оқушының бір дәптері орта есеппен 30 г, ал кітап одан 16 есе ауыр. Сыныпта 30 оқушының әрқайсысына 1 дәптерден және 1 кітаптан дайындау үшін барлығы неше кг ағаш қажет?
А) 67,2 кг
В) 70,8 кг
С) 75,2 кг
D) 70 кг
E) 76,5 кг
29.Дүкендегі кітаптың бағасын 2 рет 10%-ға төмендеткеннен кейін,
бағасы 243 теңге болды. Бастапқы бағасын табыңыз?
A) 280
B) 320
C) 300
D) 290
E) 310
30. Бірінші сан екінші санның 50%-ын құрайды. Екінші сан бірінші санның қанша пайызын құрайтынын табыңыз?
A) 300%
B) 50%
C) 150%
D) 100%
E) 200%
Достарыңызбен бөлісу: |