Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті


§4.5. Өзен ағысына байланысты мәселе есептер



бет60/61
Дата24.02.2022
өлшемі1,86 Mb.
#26358
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
Байланысты:
Математикалы сауаттылы Есетов ЕН

§4.5. Өзен ағысына байланысты мәселе есептер

А-В

  1. Моторлы қайық су ағысының бойымен 105 км жүргенде, осы жолды ағысқа қарсы жүзгендегіден 2 сағ жылдам жүзді. Моторлы қайықтың тынық судағы жылдамдығы 18 км/сағ болса, су ағысының жылдамдығын табыңыз.

Жауабы: 3 км/сағ

  1. Моторлы қайық су ағысының бойымен 28 км, ағысқа қарсы 25 км жүзгенде тынық суда 54 км жүзгендегідей уақыт жұмсады. Егер ағыстың жылдамдығы 2 км/сағ болса, моторлы қайықтың тынық судағы жылдамдығын табыңыз.

Жауабы: 12 км/сағ

  1. Ағынсыз судағы жылдамдығы 20 км/сағ-қа тең катер ағысқа қарсы 36 км және өзен ағысының бойымен 22 км жол жүрген. Ол осы жолдың барлығына 3 сағ уақыт жіберген. Өзен ағысынң жылдамдығын табыңыз.

Жауабы: 2 км/сағ

  1. Өзен бойындағы екі пристаньның ара қышықтығы 80 км. Қайықтың бір пристаннан екінші пристаньға барып қайтуына 8 сағ 20 мин уақыт кетеді. Ағыс жылдамдығы 4 км/сағ деп есептеп, қайықтың тынық судағы жылдамдығын табыңыз.

Жауабы: 20 км/сағ

  1. Тынық судағы жылдамдығы 15 км/сағ болатын моторлы қайық өзен ағысының бойымен км жүзіп барып, қайта қайтып келеді. Қайық барлық жолға 20 сағ уақыт жұмсаған болса, өзен ағысының жылдамдығын табыңыз.

Жауабы: 4 км/сағ

  1. Моторлы қайық ағыс бойымен 18 км және ағысқа қарсы 14 км жүрді, осы жолдың барлығына ол 3 сағ 15 мин жұмсады. Қайықтың меншікті жылдамдығы 10 км/сағ. Ағыстың жылдамдығын табыңыз.

Жауабы: 2 км/сағ

  1. Моторлы қайық өзен ағысымен 28 км жүзіп барып, бөгелместен кері қайтты. Барып қайтуға 7 сағат уақыт кетеді. Өзен ағысының жылдамдығы 3 км/сағ екендігі белгілі. Қайықтың тынық судағы жылдамдығын табыңыз.

Жауабы: 9 км/сағ

  1. Моторлы қайық ағыспен 12 км, ағысқа қарсы 12 км жүрді. Ағысқа қарсы жүрген жолына ағыспен жүрген жолынан 1 сағат артық уақыт жіберген. Қайықтың тынық судағы жылдамдығы 9 км/сағ болса, ағыс жылдамдығын табыңыз.

Жауабы: 3 км/сағ

  1. Өзен ағысымен катер 3 сағ, ағысқа қарсы 4,5 сағ жол жүрді.катер жылдамдығы 25 км/сағ болса, онда өзен ағысының жылдамдығы қандай?

Жауабы: 5 км/сағ

  1. Катер өзен ағысымен 75 км және ағысқа қарсы 75 км жүрді. Катер барлық жолға тынық суда 80 км жүретін уақыттан 2 есе артық жұмсады. Егер ағынның жылдамдығы 5 км/сағ болса, катердің жылдамдығы неге тең?

Жауабы: 20 км/сағ

  1. Катер өзен ағысымен 15 км және тынық суда 4 км жүзді. Барлық жолға 1 сағ уақыт кетті. Өзен ағсының жылдамдығы 4 км/сағ болса, онда катердің өзен ағысымен жүзгендегі жылдамдығын табыңыз.

Жауабы: 20 км/сағ

  1. Моторлы қайық өзен ағысымен 40 мин, ағынға қарсы 1 сағат жүзіп, осы уақытта барлығы 37 км жол жүрді. Егер өзен ағысының жылдамдығы 1,5 км/сағ болса, онда қайықтың тынық судағы жылдамдығы қандай?

Жауабы: 22,5 км/сағ

  1. Моторлы қайық өзен ағысы бойымен 14 км, ал сонан соң ағысқа қарсы 9 км қашықтықты жүзіп өту үшін барлығы 5 сағат уақыт жұмсады. Моторлы қайықтың тынық судағы жылдамдығын 5 км/сағ деп алып, өзен ағысының жылдамдығын табыңыз.

Жауабы: 2 км/сағ

  1. Мотрлы қайық А-дан В пунктіне дейін 2,4 сағ, ал қайтарда 4 сағат жолға жұмсады. Моторлы қайықтың меншікті жылдамдығы 16 км/сағ болса, өзен ағысының жылдамдығы қандай?

Жауабы: 4 км/сағ

  1. Пороход өзен ағысымен 3 сағатта жүріп өткен жолын қайтар жолында 5 сағатта жүріп өткен. Өзен ағысының жылдамдығы 5 км/сағ. Пороходтың тынық судағы жылдамдығын табыңыз.

Жауабы: 20 км/сағ

С

  1. Өзен жағасында орналасқан А және В пунктерінің ара қашықтығы 10 км. А пунктінен шыққан қайық өзен ағысының бойымен жүзіп В пунктіне келді де, кідірместен кері қайтты. Егер қайықтың тынық судағы жылдамдығы 3 км/сағ болса, онда А-дан В-ға жету үшін В-дан А-ға жетуге кеткен уақыттан 2 сағ 30 мин кем уақыт жұмсалар еді. А пунктінен В пунктіне 2 сағ жету үшін қайықтың тынық судағы жылдамдығының қандай болуы қажет?

Жауабы: 4 км/сағ

  1. А пунктінен өзен ағысымен сал жіберілгеннен кейін 5 сағ 20 минут өткен соң салдың соңынан моторлы қайық шығып, 20 км жүзгеннен кейін салды қуып жетті. Егер моторлы қайық салдан 12 км/сағ жылдам жүретін болса, салдың жылдамдығы неге тең?

Жауабы: 3 км/сағ

  1. Катер арасы 96 км А-дан Б-ға өзен ағысы бойынша және керісінше жүзуге 14 сағ уақыт жіберді. Бір мезгілде катермен бірге А-дан сал шықты. Катер қайтар жолда А-дан 24 км қашықтықта салды кезіктірді. Катердің тынық судағы жылдамдығын және су ағысының жылдамдығын табу керек.

Жауабы: 14 км/сағ, 2 км/сағ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет