«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар



бет126/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   130
Байланысты:
Saginova-Baga-j-baga-bel (1)

Тауар бағасы нетто – салмағы бойынша анықталады, және де бұл бағада ыдыс пен орайтын материал құны ескеріледі.


Тауардың бір өлшемінің бағасы - сатып алушы ұқсас тауарлармен салыстыруы үшін, көлемнің бір өлшеміне әлде салмақтың бір өлшеміне қайта есептеуге болатын, тауардың орамасында көрсетілген баға.


Тауардың мақсатты бағасы – мақсатты пайданы қамтамасыз етуді есепке ала отырып есептелінетін баға.
Тепе - теңдік бағасы – ұсыныс көлемі сұраныс көлеміне тең жағдайдағы баға мәні. Тепе - теңдік бағасы тауарға (қызметке) сұраныс пен ұсынысты теңгере отырып, сұраныс пен ұсыныстың қандай да бір елеулі өзгерісіне өз деңгейін өзгерту арқылы жауап қайтарады. Т.т.б. тұтынушыға ақпарат бере отырып, оның өз табысын ақпаратпен салыстыру негізінде, аталған тауардың қандай мөлшерін тұтыну мүмкіншілігі бар екендігін айқындайды, сол арқылы тұтынушының сұранысын шектейді (нормалайды). Т.т.б. потенциалдық табыс мөлшерін анықтау үшін бағаны өзінің өндірістік шығындарына сәйкестей отырып, тауар өндіруші (сатушын) қанша тауар өндіріп, оны нарыққа шығаруы туралы мәлімет береді. Т.т.б. сөйтіп, салыстырмалы тапшылық әлде молшылық туындамайтын нарықтың жалпы баланстық жағдайын қолдай отырып, өндіруші мен сатып алушының мүддесін біріктіреді. Т.т.б. мәні ұсыныс және сұраныстың қисықтарының қиылысу нүктесінде анықталатындықтан, сұраныс пен ұсыныстың сандық шамасын анықтау төтенше маңызды мәселе болып саналады. Осы мақсатта сұраныс функциясын – яғни, сұраныс көлемінің оны анықтайтын келесі факторлармен байланыстылығын анықтайды: берілген тауар бағасы және басқа тауарлардың бағасы, сатып алушылардың табысы, олардың ұнату мен жоғары бағалау қабілеттері,жинақталған мүлік шамасы.
Сонымен бірге ұсыныс функциясы – келесі факторлармен ұсыныс байланыстылығы анықталады: берілген тауар бағасы және басқа тауарлардың бағасы, қолданылатын технология сипаты, салықтар және дотациялар, табиғи клиат факторлары және т.б.. Т.т.б. әкімшіліктер белгілей алмайды. Егер нарық жағдайлары тұрақты және орнықты болатын болса, Т.т.б. ұзақ мерзімде тұрақты болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет