«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар


Мемлекеттің баға қалыптастыруға ықпал жасау әрекетіне және бәсекелестік



бет13/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   130
2. Мемлекеттің баға қалыптастыруға ықпал жасау әрекетіне және бәсекелестік деңгейіне байланысты бағалар реттелетін және еркін бағалар болып ажыратылады.
Еркін (нарықтық) бағалар нарықта сұраныс пен ұсыныс әсеріне байланысты қалыптасады. Бұл бағалардың қалыптасу тәртібіне мемлекет тікелей араласпайды. Дегенмен, мемлекет салық, кеден, несие саясатын жүргізе отырып, бұл бағалардың қалыптасуына жанама әсерін тигізеді.
Еркін бағаларға сұраныс бағасы, ұсыныс бағасы, өндіріс бағасы жатады. Сұраныс бағасы тұтынушы нарығында қалыптасатын бағалар. Ұсыныс бағасы – нарықтық баға, ол сатушының ресми ұсынысында шегерімсіз көрсетіледі. Өндіріс бағасы - өндірістік шығындарға, барлық авансыланған капиталға есептелінген орташа пайданы қосу арқылы анықталады.
Реттелетін бағалар – бұл тауар нарығында, қызмет нарығында мемлекеттің ықпал етуімен қалыптасатын бағалар. Олар өзара, бекітілген (тұрақты) және шектелген болып бөлінеді. Егер де, бекітілген тұрақты баға және тарифтерді оны қалыптастырған мемлекеттік органдар ғана өзгерте алатын болса, шектелген баға және тарифтерді сұраныс пен ұсынысқа сай кәсіпорындар өздері өзгеріске ұшырата алады, бірақ мұнда бағаның мемлекет бекіткен жоғарғы және төменгі шегі ескеріледі.
Шектелген бағалар мемлекеттік және еркін бағалардың аралығындағы бағалар болып есептелінеді.
3. Территорияға тәуелді ықпал етуіне байланысты бағалар бірыңғай, аймақтық, жергілікті болып классификацияланады.
Бірыңғай бағаларды мемлекет бекітеді және реттейді. (Олар кәдімгі табиғи монополия сферасында ықпал етеді.)
Аймақтық, жергілікті бағалар- бұл белгілі бір аймақ пен жергілікті жерде өнімдерді (жұмыс және қызмет) өндіру және өткізу шығындарын ескеретін бағалар. Ол коммуналдық және көптеген тұрмыстық қызмет түрлеріне белгіленеді.
4. Уақыт факторын есепке алуға байланысты бағалар тұрақты (ұзақ уақыттық), икемді, маусымдық, сатылы деп бөлінеді.
Тұрақты экономика жағдайында ұзақ уақыттық бағалар жаппай көпшілікке арналған тауарларға қалыптасады. Бұл әрекет ету мезгілі алдын-ала анықталынбаған баға.
Икемді бағалар сұраныс пен ұсынысқа тікелей тәуелді. Біршама қысқа уақыт аралығында сұраныс пен ұсыныстың айтарлықтай тұрақсыздығы байқалып, бағаны белгілеу құқығы нарықта шаруашылық субъектісіне тікелей берілген жағдайда бұл бағалар өзін-өзі ақтайды.
Маусымдық баға - бұл белгілі бір уақыт мезгілімен шектелген баға.
Сатылы баға - бұл алдын-ала белгіленген шкала бойынша келісілген уақытта өнім бағаларының біртіндеп арзандау реті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет