«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар


Ішкі тауар айналымының көрсеткіштері



бет51/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   130
2. Ішкі тауар айналымының көрсеткіштері.
Оның құрамына келесі көрсеткіштер жатады:
- Тұтынуға жұмсалған жалпы шығындар ішіндегі халықтың азық түліктен тыс тауарларға жұмсаған шығындарының үлес салмағы;
- Бөлшек сауда айналымы. Бұл көрсеткіш, халықтың төлем қабілеттілігі бар сұранысының өзгерісін бағалауға мүмкіндік туғызатын маңызды жағдаяттық көрсеткіш;
- Жеке табыс және тұтыну шығындары. Халықтың ақшалай табыстары және шығындары туралы деректер статистикалық жинақтарда басылады;
- Тұрғын үй құрылысы;
- Тұтыну бағалары индексі; Бұл көрсеткіш Ласпейрес баға индексін пайдалану негізінде есептелінеді. Қазіргі кезеңде азық – түлік тауарлары баға индексі, азық – түліктен тыс тауарлар баға индексі, қызметтердің баға индексі есептеліп, статистика жинақтарында көрсетіледі.
- Жаңа тұрғын үйлерді сату;
- Тауар запастары және өнеркәсіптегі өткізу көлемі;
- Тұтыну несиелері;
- Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағалары.
3. Сыртқы сауда көрсеткіштері, оған экспорт пен импорттың көлемі және географиялық бөлінуі, экспорттық және импорттық тауарлар бағасының индексі, шетелдерге шығарылған өнім көлемі, шетелдерден сатып алынған өнім көлемі, халықаралық саудада тауарлар мен қызметтердің бағасы т.б. жатады.
4. Несие – ақша өрісін сипаттайтын көрсеткіштер.
Соның ішінде:
- Есеп пайызы немесе банк капиталының бағасы; Дүниежүзілік классикалық банктік тәжірибеде банктер табысының қомақты бөлігі несие берумен тікелей байланысты. Қазіргі кезеңде банктер әр түрлі пайыз мөлшерінде несие береді. Бәсекелестік нарықта пайыз мөлшері экономикалық жағынан негізделген болады. Банктер және басқалай қаржылық құрылымдар, тиімді ставкаға келесі шығындарды енгізеді: ресурстар құны, операциялық шығындар, несие тәуекелдері және маржа.
- Бағалы қағаздар эмиссиясы;
- Валюта құны; Оның көтерілуі және арзандауы еліміздің төлем және сыртқы сауда балансына, экспортқа шығарылатын тауарлардың бәсекеге қабілеттілігіне тікелей әсер етеді.
- Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы;
- Бағалар; Тауар топтары бойынша орташа бағалар, өндіріс бағасы индексі, тұтыну бағалары индексі, индекс-дефлятор. Жалпы экономика жағдайын толық сипаттау үшін тауар бағаларының қозғалысын талдау, сонымен бірге қандайда бір тауар нарығында жағдаят жағдайын зерттеу үшін қажет.
Экономикалық коньюнктураның жағдайын талдау және болжамдау үшін қолданылатын экономикалық көрсеткіштер жүйесі экономикалық барометр деп аталынады. Экономикалық барометрді құрастыру үшін экономиканың барлық саласындағы шаруашылықтық қызмет көрсеткіштерінің ішінен кезеңдік ауытқулары бары таңдап алынады.
Әрбір көрсеткіш ұзақ мерзімдік трендтен және маусымдық ауытқулардан «тазартылады». Кезеңдік мінез- құлқы ұқсас әр топтарға жататын көрсеткіштердің кезеңдік өзгерістері арасындағы лагтың маңызы зор болып саналады. Экономикалық барометрді құрастырудың негізгі мақсаты - экономиканың ауа-райын алдын-ала болжайтын құралды қалыптастыру. АҚШ-да (NBER) Экономикалық зерттеулердің ұлттық бюросының сипаттамасына сай, экономикалық параметрлердің үш түрін ажыратады - озық, кешеуілдеу және бір мезгілдік (сәйкес) көрсеткіштер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет