«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар


Экономикалық жағдаят көрсеткіштері



бет50/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   130
8.2. Экономикалық жағдаят көрсеткіштері.

Жағдаят кезеңінде көрсеткіштердің мәнінің өзгеруіне байланысты, олар:



  • нағыз кезеңдік - өрлеу фазасында мәні ұлғаятын, ал құлдырау фазасында мәні азаятын көрсеткіштер, мысалы, өнім өндірісі, бағаның жалпы деңгейі, ақшаның айналым жылдамдығы;

  • кезеңге қарсы- құлдырау кезеңінде мәні ұлғаятын, ал өрлеу уақытында мәні азаятын көрсеткіштер, мысалы, жұмыссыздық деңгейі, банкротқа ұшырағандар саны, дайын өнімнің өндірістік запастарының мөлшері;

  • кезеңнен тыс- серпіні экономикалық кезең фазаларымен байланыссыз көрсеткіштер мысалы, экспорт көлемі.

Экономикалық жағдаятты зерттеу, нарықта болған өзгерістерді сандық бағалауға мүмкіндік туғызатын және жағдаяттың дамуындағы беталысты анықтайтын, яғни болжам жасайтын, көрсеткіштер арқылы жүзеге асырылады.
Ол көрсеткіштер:
1. Өнеркәсіп өндірісі туралы мәліметтер. Бұл топ көрсеткіштеріне:
- Жалпы ішкі өнім;
- Өнеркәсіп өнімінің физикалық көлем индексі, бұл өнеркәсіп өнімдері өндірісінің серпінін сипаттайтын негізгі көрсеткіш. Ол өнеркәсіп өндірісінің даму қарқынын көрсетеді. Физикалық көлем индексі агрегаттық индекс формуласы бойынша, тізбекті әдіс бойынша есептелінеді.
- Өндірістік қуаттарды пайдалану көрсеткіші. Бұл, өндірістік құрал жабдықтарды және кәсіпорын кеңістігін толық пайдаланған жағдайда, уақыттың бір өлшемінде өндіруге мүмкін болатын барынша көп өнім шамасы. Нақты өндірілген өнім көлемінің, өндіруге мүмкін болатын барынша көп өнім шамасына қатысты есептелінген үлес салмағы, өндірістік қуаттарды пайдалану көрсеткіші болып табылады. Өндірістік қуаттарды пайдалану көрсеткіші экономикалық дағдарыс кезеңінде кемиді, ал керісінше экономикалық өсім кезеңінде артады. Сондықтан, бұл көрсеткіш өнеркәсіп өнімінің физикалық көлем индексі және жалпы ішкі өнім индекстері шамасымен тікелей байланысты.
- Тауар өндірушілер бағалары индексі. Ол, өндірістік мақсаттағы тауарлардың баға серпінін сипаттайды (оның құрамында салықтар, транспорттық шығындар, сауда үстемелері ескерілмейді).
- Күрделі құрылыс шығындары;
-Ұзақ уақыт бойы пайдаланылатын тауарларға және басқалай тауарларға тапсырыстар, өндірістік запастар. Ұзақ уақыт бойы пайдаланылатын тауарларға тапсырыс халықтың сатып алу мүмкіншілігін сипаттайды, және келешекте өндірістік қуаттардың жүктемесін бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіш.
- Жұмыссыздық деңгейі. Өнім өндірісі мен өндірістік қуаттардың ұлғаюы жаңа қызметкерлерді жұмысқа тартумен қоса жүреді. Керісінше, өндірістің қысқаруы қызметкерлер санын ықшамдауға әсер етеді. Сондықтан, жұмыс бастылық және еңбек ақы туралы мәліметтер, өнеркәсіп өнімі өндірісінің жанама көрсеткіштері болып табылады. Жалпы әдістемелік нұсқаулықтарға сүйенетін болсақ жұмыссыздық деңгейі (ЖД) жұмыссыздар санының (ЖС)экономикалық белсенді халыққа(ЭБХ) қатынасы арқылы анықталады:
ЖД = ЖС / ЭБХ.
- Күрделі қаржылар серпіні. Күрделі қаржылардың серпінін талдау өндірістің болашақта қалай дамитындығын қорытындылайды. Егер де қандай да бір салаға инвестициялар көлемі ұлғаятын болса, бұл сол саланың өнімдеріне сұраныс жоғарғы деңгейде екендігін көрсетеді, мұндай жағдайда келіп түсетін тапсырыстар өседі және ең дұрысы өндіріс ұлғаяды. Және керісінше, егер күрделі қаржылар қысқаратын болса – сұраныс азаяды, мұның өзі өндірістің ықшамдалуына әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет