Баға –дәлелді экономикалық категория. Ол көптеген экономикалық, әлеуметтік, саяси мәселелерді шешуге қатынасады, сондықтан нарық субъектілері оны өз әрекеттерінде кеңінен қолданады.
Баға, бұл ұсыныс пен сұраныс аралығындағы арақатынасты теңестіретін экономикалық процесс.
Баға функциясы, бағаның экономикалық мәнін, ролін, басқалай экономикалық категориялармен өзара қатынасын бейнелейді.
Бағаның келесі функциялары бөлінеді:
Өлшем функциясы. Баға тауарларды өткізу айналымына қызмет көрсете отырып, тауар айналымының барлық дербес қатынасушыларының экономикалық мүддесіне қызмет етеді, олар өндіруші-делдал-тұтынушы. Өлшем функциясы арқылы баға тауар мен қызметтің бір өлшеміне төленетін және есептеп алынатын ақша мөлшері ретінде көрінеді. Әр түрлі тауарлар мен қызметтің бағасын және олардың сатылған және сатып алынған мөлшерін біле отырып тауарлар мен қызметтерге төленетін ақша төлемі көлемін анықтауға болады. Әр түрлі тауарлардың бағаларын салыстыра отырып, оларды қымбат және арзан деп дифференциялауға болады. Егер де, баға тауардың құндылығын есепке алатын болса, мұндай бағалардың арақатынасы арқылы, әр түрлі тауарлардың құндылығының арақатынасын талқылауға болады.
Есепке алу функциясы, немесе қоғамдық еңбек шығындарын өлшеу функциясы.
Бұл функция баға мәні құнның ақшалай көрінісі екендігін анықтайды. Баға әр түрлі шаруашылықтық процестерді есепке ала отырып оның нәтижесін анықтайтын негізгі құрал ретінде көрінеді. Бағаның көмегімен тауарлар табиғи –заттық формасынан ақшалай бағалауға аударылады.
Іс жүзінде бағаның көмегімен, оның есепті функциясы арқылы макро және микро деңгейдегі барлық құндық көрсеткіштер есептелінеді. Олар ішкі жалпы өнім, өндірілген және өткізілген өнім көлемі, еңбек өнімділігі, рентабельділік деңгейі, қор қайтарымы т.б.
Баға өлшем және есепке алу функциясы арқылы маңызды ақпарат жинақтаушысы бола отырып, нарық субъектілерінің мінез құлқынына, негізгі өндірістік бағытына, мамандану деңгейіне, бәсекелестік деңгейіне (сатып алушы мен сатушының) әсер етеді.
Баға ақпарат жинақтаушы болғандықтан , ол ақшалай көріністегі барлық көрсеткіштерді талдау, болжау, жоспарлау құралы бола отырып, кәсіпорынды, аймақты, жалпы ұлттық экономиканы шаруашылықтық басқару механизмі жүйесінде негізгі орын алады.