Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет44/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   230
Дағдыландыру. Төмендегі сөйлемдердің ішіндегі сөздерді 
айырту. Қайсысы зат есім, қайсысы етістік? 
Кісі сөйлейді. Бала ойнайды. Түйе боздайды, ит үреді, қой 
маңырайды,  қозы  жамырайды.  Мен  жүремін.  Сен  жүгіресің. 
Ол  жазып  отыр.  Бұл  оқып  отыр,  Бірман  күліп  тұр,  Нұрман 
жылап  тұр.  Жел  соғып  тұр.  Боран  бұрқырап  тұр.  Көкті  бұлт 
торлады.  Күн  шықты,  тұман  сейілді,  жұрт  оянды,  төсектен 
тұрды.  Мал  өрді,  өріске  кетті.  Нұрман  киінді,  жуынды,  шай 
ішті, кітаптарын алды, оқуға кетті. Жаз болды. Қар еріді. Сулар 
ақты. Өзендер тасыды. Ел қыстаудан шықты. Жер көгерді. Мал 
тойынды. Малшы мал бағады. Жыршы өлең ай тады. Домбыра-
шы күй тартады. Егінші егін егеді. Хатшы қағаз жазады. 
Сынау. Төмендегі сөздерді көшіріп, етістік сөздердің астын 
сызып көрсетіңдер.
Құс баласы қырымға қарайды, ит баласы жырымға қарайды. 
Күн жазға айналды, ет азға айналды. Сай сайға құяды, бай байға 
құяды. Оңқа ойын бұзар, тентек жиын бұзар. Көп азға қылған 
зорлығын айтады, аз көптен көрген қорлығын айтады. Жыртық 
тесікке күледі. Тез қасында қисық ағаш жатпайды. Шаруа жаз 
жазылады, қыс қысылады. Ұялмаған өлеңші болар. Ерінбеген 
етікші  болар.  Бақ-бақ  еткен  текені  қыс  түскенде  көреміз, 
батырсынған жігітті іс түскенде көреміз. Жер таусыз болмай-
ды, ел даусыз болмайды. Үйді қозғаған көшірер, отты қозғаған 
өшірер. Құр қасық ауыз жыртар. Сиыр судан жериді, су сиыр-
дан жериді. Есек түйе болмайды, сиыр бие болмайды. Жақсы 
айғырдың  үйірін  ат  жақтайды.  Аталы  сөзді  арсыз  қайырар. 
Мал көтерер өлімді, дос көтерер көңілді. Бірлік болмай, тірлік 
болмас. Жауға жаныңды бер, сырыңды берме. Қылыш жарасы 
бітер, тіл жарасы бітпес. Ел ұрысыз болмас, тау бөрісіз болмас. 
Ордалы  құлан  ақсағын  білдірмес.  Жалт-жүлт  етеді,  жалмай 
жұтады. Қара сиырым қарап тұр, қызыл сиырым жалап тұр.


55


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет