Ббк 83. 3 (5 Қаз) с 26 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі



Pdf көрінісі
бет17/26
Дата17.01.2017
өлшемі0,95 Mb.
#2079
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26

ЖЫР ТАСҚЫНЫ
«Елу жылда ел жаңа» деген халық нақылы қандай əділ айтылған. 
Белгілі ақынымыз Тайыр Жароковтың сауаттысын саусақпен 
санарлықтай қараңғы ауылдан білім дүниесін аңсап алыс сапарға 
алғаш аттанғаны да кеше ғана тəрізді сезіледі.
«Басқанда алыс жолға алғашқы адым, 
Тұлымым желкілдеген жап-жас шағым, 
Есімде: жетім тайлақ өркешіне 
Жарбиып қаршадай боп жармасқаным.
Туған кез өмір бізге нұрын шашып. 
Оқуға кеттім елдің өрін асып, 
Жаутаңдап жетім тайлақ желе берді 
Құмға тек табанының мөрін басып».
Жетім тайлақтың өркешіне жарбия жабысып, туған ауылынан 
білімге сусап шыққан сол қаршадай бала қазір өресі мол өскен 
əдебиетіміздің көрнекті өкілдерінің, еңбегін ел таныған кексе 
ақындарымыздың бірі.
Ойын-тойға, думан-сауыққа, өлең-жырға жастайынан-ақ 
құмар Тайырдың ақын болсам деген талабы өте ерте оянады. 
Бұған оның 1923 жылы қазақтың халық ағарту институтына келіп 
түсіп, соның қабырғасында оқып жүріп Абай поэзиясымен, сон-
дай-ақ қазақ поэзиясының жақсы үлгілерімен, орыстың классик 
ақындарының творчествосымен танысуы едəуір себеп болады. Ол 
енді өзі де өлең жаза бастайды. Бірақ бұл алғашқы бір байқау сияқты 
тұңғыш өлеңдерінің ажарсыз, тартымсыз болғандығын, оларында 
шəкірттіктің ізі айқын көрініп тұрғандығын кейін ақынның өзі де 
атап көрсетті.
Тайырдың шын мəніндегі творчестволық жолы 1927–28 жыл-
дардан басталады. Сол жылдары баспасөз қызметкерінің алдына 
«Күлімдеді күміс күн де», «Аэроплан» атты тұңғыш өлеңдерін име-
не ұсынып, балғын жырының жарық көруін асыға күткен атжақты, 
қараторы жігіт – Тайыр Жароков бүгін елу жасты еңсеріп артқа 
тастап отыр.
Тайыр содан бергі көп жылдық творчестволық жолында жыр 
нөсерін төккен, дарынды да кесек тұлғалы ақын екендігін танытты, 
қазір профессионалдық, байсалды, салиқалы искусство дəрежесіне 
көтерілген қазақ-совет поэзиясына алуан-алуан поэмаларымен жəне 
маржандай төгілген лирикаларымен айтулы үлес қосты.
Ақынның бүкіл творчествосы еліміздегі социалистік құрылыстың 
өркендеуімен тығыз байланысты. Оның қаламы ел көшіне, заман 
ағымына ілесе, мүдірмей жүгірді. Тұңғыш өлеңдерінің өзімен-ақ 
совет адамдарының күнделікті өмірін, олардың еңбектегі ерлік іс-
терін, жігері мен қайратын, қоғам өміріндегі жаңалықтарды жырлау 
үстінде көрінді.
Азамат соғысы, халық шаруашылығын қалпына келтіру, индуст-
рия, ауыл шаруашылығын коллективтендіру, Советтік конституция, 
кешегі Ұлы Отан соғысы, бесжылдыктар кезеңі, бейбітшілік үшін 
күрес, табиғатты өзгерту сияқты ел өміріндегі елеулі оқиғалардың, 
саяси жəне шаруашылык науқандардың ішінде ақын қаламына ілін-
бегені жоқ десе де болады.
Тайыр Жароков əдебиетке халық шаруашылығын қалпына кел-
тіру кезеңін аяқтай, алғашқы бесжылдықтардың қарсаңында келіп 
қосылған ақын. Бұл дəуірде партиямыз ауыр индустрияны өркендету, 
социалистік жарысты ұйымдастыру, сөйтіп еңбекте жаңа қарқын 
тудыру мəселелерін көтерген болатын. Еңбекшілердің осы зор мін-
деттерді орындау үстінде туған, бұрын-соңды тарих біліп көрмеген 

258
259
ерліктері, жаңа қоғамдық кұрылыстың мұншама зор пафосы жаңаша 
жыр, жаңаша күй тіледі. Əдебиетімізге осы тұста асқақ, жігерлі 
екпінмен, тың үнмен келіп қосылған Тайыр Жароков өрге серпіген 
қанатты жырын тасқындата төкті. Ақынның өз сөзімен айтқанда, 
«мың тілді машинаның билегені ақынды да, қаламды да бірге ой-
натты». Творчестволық қызмет ең алдымен халық үшін қызмет ету 
екендігін айқын түсінген ақын жаны өмірдің өзі ұсынып отырған 
мынадай ұлы істерге селсоқ қарай алмады. Адамның өзі «көкте кұс, 
суда балық болып», экспреспен зыр жүгірген заманда:
«...Сол күшті, сол ұлы істі көре тұра, 
Қаламды жөн бе ойнатпай мүдірткенім», – деп түйді ақын өз 
ойын.
Көз алдыңда болып жатқан ұлы өзгерістердің куəсі болған 
ақынның алғашқы өлеңдерінің езегі өндіріс тақырыбы болуы 
əбден заңды да орынды еді. Қазақстанда алғашқы бесжылдықтың 
тұңғышы болған Түркістан – Сибирь төмір жолының салынып бітіп, 
іске қосылуына байланысты ақын «Түрксибтің дабылы», «Темір 
жол», «Бесжылдықтың балғасы» т. б. өлеңдерін жазды. Сол сияқты 
«Шахта», «Болат балға», «Еңбек дабылы» өлеңдерінде ақын са-
лынып жатқан алып заводтарды, жер астының кен байлығына жол 
ашқан шахталарды, ондағы бар еңбегін индустрияландыру ұранын 
іске асыру үшін жұмсап отырған жұмысшыларды шаттана жырлады. 
Тайырдың өндіріске арналған өлеңдері тақырыпты еркін меңгеріп, 
дұрыс көркемдік шешімін тапқан жəне ақын есімін ел ішіне, халыққа 
кеңінен жайған өлеңдер еді. Оның «Бесжылдықтың балғасы» атты 
өлеңі сол тұста жұрт аузында жатқа айтылған, үлкен үгіттік маңызы 
бар аса ұтымды, саяси өткір лирика болды. Ақынның «Герб» дейтін 
өлеңіндегі бір жұмысшының:
«Не көрмеген біздің мынау, біздін мынау қолымыз,
Біздің қолда құрыш балға, құрыш балға көріңіз!
Не көрмеген біздің мынау, біздің мынау балғамыз, 
Бұл балғаны талай-талай майданға да салғамыз. 
Теңдік бағын, теңдік бағын, жарқыраған нұр шамын, 
Осы балға күшіменен миллиондар боп алғамыз», – деуі де осын-
дай ұтымды ойдың жемісі. Ақын мұнда жаңа дүние, жаңа заман 
орнатқан, социалистік кұрылыстың іргесін қалап, нығайтып отырған 
жұмысшы табының күшін əсем бейнелейді.
Ақын жырлаған күрделі тақырьштың бірі – ауыл шаруашылығы. 
Ол өзінің алғашқы кезде жазған бірсыпыра өлеңдерінде ауыл 
кедейлерінің колхозға ұйымдасып, тұрмысты жаңаша құруға бой 
ұрғандығын осы зор қуанышты сезіммен атап өтсе, басқа бір топ 
өлеңдерінде сол шаруалардың еңбектегі табыстарын, санада болған 
өзгерістерді жырлайды. Ақынның «Қызыл қырман», «Қызыл керу-
ен», «Нұра бойында», «Көз толтыра қарадым», «Алтын дəн» сияқты 
өлеңдерінде республикадағы астық үшін күрес мəселесі көтерілсе, 
«Таудың қызы», «Қаскөлең түліктері» сияқты өлеңдерімен «Екін-
ші тың» деп бағаланып отырған мал шаруашылығын өркендету 
ұранына үн қосады.
Тайыр Жароковтың творчествосына тəн бір ерекшелік – қай 
тақырыпты жырласа да, атой сап көрініп тұратын лептілік, 
көтеріңкілік сарыны. Бұл қасиет ақынның Москваны, Отанды, 
туысқан Коммунистік партияны, еліміздің қол жеткен қыруар мол 
табыстарын жырлауда тіпті айқын көрінеді. Оның «Кремльде», 
«Қызыл алаң», «Партия туралы жыр», «Партия газеті» сияқты 
өлеңдерін оқушылар өз кезінде саяси тақырыпқа жазылған лирика-
лық өлеңдердің ең ұтымдыларының қатарында қабылдап баға бер-
ген болатын. Бұл өлеңдерінде ақынның заңды мақтаныш сезімі, шат-
шадыман өмірімізге қуанған көңіл күйі еседі.
Кешегі қаһарман Ұлы Отан соғысы жылдарында Тайыр Жа-
роков, үстіне əскери шинель кие жүріп, көптеген шағын өлеңдер 
жазды. Ақынның «Днепр», «Саған сəлем, туған ел», «Жеңіс туы», 
«Ленин қаласы», «Жұлдыздай жанған Москва» өлеңдерінде еліміз-
ді фашистік жендеттерден қорғап қалуға шақыру үні мен біздің 
халқымыздың жеңетіндігіне нық сенім айқын аңғарылады. Ал 
соғыстан кейін тарих алдында жер жүзінде баянды бейбітшілік ор-
нату үшін күрес ұраны қойылған кезде де Тайыр соғысқа қарсы, 
қатардағы совет азаматы ретінде, ақындық өктем даусын естіртті. 
Оның «Əлемге бейбітшілік қанат жайған», «Орыстың ұлы өзені», 
«Греция», «Достық туының астында», «Өлеңмен қойдым қолымды» 
сияқты өлеңдерінде соғысқұмар империалистік жыртқыштардың 
айуандық бейнесі əшкереленіп халықтардың соғысқа қарсы қаһарлы 
үн қатқаны жырланды.
Тайыр Жароков тек лирикалық ұсақ өлеңдердің гана шебері 
емес, ол сонымен бірге кесек дастандар жазуға да ерте кіріскен 
жəне бұл салада да мол еңбек сінірген ақын. Ол өзі қалам тар-
та бастағаннан бері 20-дан астам көлемді поэма жазды. Олардың 
басты-бастылары: «Нефтьстан», «Күн тіл қатты», «Мұз тұтқыны», 
«Шекарада», «Тасқын», «Нарын», «Жапанды орман жаңғыртты», 
«Астық», «Қырда туған құрыш», «Құмдағы дауыл» т. б. Ақын бұл 
поэмаларының кейбіреуінде социалистік жаңа құрылыс, советтік 

260
261
жаңа заман қалыптастырған жаңа адамды көрсету талабын жүзеге 
асырса, енді біреулерінде еліміздің басынан кешкен елеулі тарихи 
оқиғалардан елес береді. Бұл ретте ақынның «Күн тіл қатты» поэ-
масын ерекше атап көрсету қажет. Шығарма тарихи болған бір 
ғана нақтылы тақырыпқа арнала тұрса да, ақын тақырыптық тар 
шеңберден əлде қайда ұзап шығып, жалпы советтік социалистік 
құрылыстың артықшылығын сипаттайтын біртұтас романтикалық 
поэма жасаған.
«Қарыңды қағып су қылдым, 
Суыңды сілкіп бу қылдым, 
Түніңнен таң атқыздым. 
Жеріме жұлдыз жаққыздым...
Өзенді өрден өргіздім, 
Өрелеп қолдан жүргіздім. 
Кісендеп күшті дендерді, 
Құрсадым болат шеңберді...». – 
дейді поэманың лирикалық геройы. Бұл, əрине, совет адамының 
мақтанышы. Ақын совет адамдарының бұл ерліктерінің негізін со-
циалистік құрылыстың артықшылығынан іздеп, дұрыс түйін, нық 
байлам жасайды.
Тайырдың советтік жаңа заманды мақтаныш ету сезімі «Тасқын» 
поэмасында да айқын көрінеді. «Тасқында» алынған тақырыбы жəне 
жеке адамдардың тағдырын қоғамдық-əлеуметтік мəселелермен 
байланыстыра жырлау жағынан Пушкиннің «Мыс салт атты» 
поэмасының əсері бар. Бірақ Жароков поэмасының геройы Қайсар 
«Мыс салт аттының» бас кейіпкеріне мүлде ұқсамайды. Рас, мұның 
екеуінің де үйлерін тасқын басып кетеді. Бірақ олардың бұдан соңғы 
тағдырлары екі бөлек. Евгений өмір сергелдеңінің соққысына душар 
болып, ақыры өледі. Ал Қайсарды мұндай трагедиядан құтқарып 
қалған – Совет өкіметі деп қорытады ақын өзінің айтайын деген 
пікірін.
Поэмада Қайсар да, оның сүйген қызы Жамал да советтік 
тəрбиенің жемісі, жаңа заманның жастары болып көрінеді. Олардың 
бойында ата-анасындай тəрбиелеп өсірген Отанына деген шексіз ма-
хаббат бар. Олардың бұл сияқты жылы сезімдері іс-əрекет үстінде, 
шиеленіскен оқиғалар арқылы, талас-тартыс арқылы айқындалады.
Ақынның келемді шығарма жазуда көп өскендігін танытқан 
шығармасы – «Жапанды орман жаңғыртты» поэмасы. Мұнда ақын 
революциядан бұрынғы, сауырын күн күйдіріп, аспаннан тамшы 
сұрап, алаулаған аңызақ жел сөлін сорып алып, сұрғылт тартқан 
Сарыадырдың (туған жерінің) аянышты да ажарсыз өткендегісін 
советтік заманда өзгерген бүгінгісімен салыстырады. Туған жеріне 
сапар шеккен ақын Сарман шалдың жыртық үйінің орнында тұрған 
жаңа қаланы, еңбек өмірі қайнаған колхозды ауылдың орталығы 
болған Сарыадырды, көзіне ағып жатқан су мен гүл ғана елестеп, 
қара лашық ішінде мұңайып отырған кешегі кішкентай қара қыздың 
орнына бүгін жоғары дəрежелі білім алып, орман маманы болған 
комсомолка Майраны, бау-бақша мен тоғайға толған даланы таба-
ды.
Бұл параллель арқылы ақын оқушысына бір кезде тұрмыстың 
ащы, ауыр жағдайы еңсесін басып келген халықтың жарқын ойла-
ры мен арман-тілегінің тек социалистік қоғам жағдайында ғана іске 
асқандығын сездіреді. Бой көрсете алмай, жарып шығуға мүмкіндік 
таппай келген күштің тиегін социалистік қоғам құрылысы ағытты, 
сөйтіп халық совет заманында жасампаз зор күшке, шешуші факторға 
айналды дегенді аңғартады.
Ақынның бұл поэмасы қазақ-совет поэзиясында лайықты орны 
бар, кесек те құнды шығарма деп бағаланды.
Тайыр Жароковтың ақындық еңбегінің күрделі бір саласы 
көркем аудармалары. Ол орыстың ұлы ақындары Пушкиннің, 
Лермонтовтың, Некрасовтың көптеген өлеңдерін, украин халқының 
ұлы ақыны Т. Шевченконың «Кавказ», «Түс» деген шығармаларын, 
грузин ақыны Шота Руставелидің «Жолбарыс терісін жамылған ба-
тыр» дастанының үзіндісін, В. Маяковскийдің көптеген өлеңдерін, 
т. б. ұлт ақындарының өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Бұл арқылы 
Тайыр жоғарыда аталған поэзия алыптарының шығармаларын 
халқымыздың игілігіне айналдырып қана қоймай, сонымен бірге сол 
ақындардың шығармаларының мазмұн, мағына, түр жағындағы игі 
дəстүрлерінен өзі де үйренуге талаптанды.
Жароковтың өзіне əсіресе ұстаз тұтқан ақыны В. Маяковский 
болды. Оның шығармаларындағы əрбір сөзге ерекше бір кетеріңкі 
күшті мағына, екпінді леп бере сөйлеуге талаптану, өлеңнің жаңаша 
түр, формасын табуға талпыну осы Маяковский поэзиясының 
ықпалынан туған еді.
Қазір жас қаламгерлерге ақылын айтып, талмай ұстаздық етіп 
жүрген ақынның творчестволық қуаты əлі де мол. Елуден асып, егде 
тартса да, енжар тартқан жоқ. Ол əлі де əдебиетімізді талай тамаша 
шығармалармен молықтырады.
Заманымыз – жақсы жырдың заманы. Жырла, Тəке!
1958.

262
263
АҚЫНДА СЫР БОЛМАЙДЫ АЙТЫЛМАЙТЫН
Асылы, ақынның өмірбаянын білгің келсе, оның өнерін, 
табиғатын танимын деп талпынсаң, алдымен шығармаларын оқы. Ол 
əмəнда өзінің бар болмыс-бітімімен, аңсар арман, мінез-құлқымен, 
тұтас түлғасымен жыр жолдарынан, творчествосынан табылады, 
бұлтақсыз, бүкпесіз, қалтқысыз, қалтарыссыз танылады. Ақын-
дардың мұндай құпиясын «душа в заветной лире» деп ұлы Пушкин 
айтып кеткен еді. Данышпан Абай атамыз: «Өлең шіркін өсекші 
жұртқа жаяр, сырымды тоқтатайын айта бермей» дегенде немесе 
жыр нөсері Қасым Аманжолов: «Өртке тиген дауылдай өлеңімді
Қасымның өзі емес деп кім айтасың?» дегенде, сыңайы, осы жайды 
ескерген болулары керек...
Төміржол бойындағы станция. Тоғыз жолдың торабындағы көз 
тоқтатып, көңіл аударатын, əбігері көп базарының басында айран-
шалап, шекілдеуік секілді майда-шүйде сатып, ары-бері өткен жо-
лаушыдан шай сұрап жүрген төрт-бес кемпірден басқа көзге түсер 
қара-құрасы аз шағын ғана можантопай көп станциялардың бірі. 
Станция жұртының сағат тықылдағы сияқты бірқалыптан аумай-
тын күндегі тақ-тұқ тіршілігіне бір сəт тоқтап өтіп жататын жола-
ушылар пойызы ғана там-тұм өзгеріс енгізетін тəрізді. Əйтеуір, 
қалай болғанда да, осынау жабырқау-жадау мекеннің иелері үшін 
жолаушылар пойызының келіп, аз да болса аялдап аттануының өзі 
кішігірім мерекедей боп көрінетін.
Станция басында екі иінінен демін алып, екілене ентіккен 
пойызға таңырқай қарайтын бір топ жұрттың ішінде ата-анасынан 
жастай айрылған, көкірегі қаяулы, тұлымшағы желбіреген, он-он бір 
жастар шамасындағы сары бала да болушы еді. Өз болашағын əлі 
пайымдай қоймаған қаршадай ұлдың балаң қиялы сонау көз ұшында 
құстай ұшып жүйткіп бара жатқан жолаушылар пойызымен жарыса 
жөнелетінді...
Сол бала «Таңды оятып, күнді көзбен батырып», колхоз қосының 
басында жүрген жерінен оқу іздеп қалаға қашуға бел байлап, «өзін 
өзі ашуға», болашақ бақытымен кездесуге алғаш рет аттанғанда осы 
станция басынан, осындай пойыздың бірімен ілесіп кеткен екен.
Осыдан қырық бес жыл бұрын болған бұл оқиғаны бізге ақын 
Мұзафар Əлімбаевтың жыр жолдары сырғып шертіп отыр.
Отыз күз баяу жүріп сырғанады, 
Орады отыз көктем қырдаланы. 
Оралған ақын болып ауылыма, 
Ол бала менмін десем кім нанады?!
Бұл ақынның осыдан он бес жыл бұрын жазған өлеңі. Тағдыр 
бірдікі болғанмен, көпке түсінікті. Ендеше ақын қойып отырған 
сауалға қайтарар бір ғана жауап бар – ол тек біздің советтік зама-
нымыз ғана жүзеге асырып отырған үлкен де мол шындықтың көп 
мысалдарының бірі.
Өнердің бəрі де өнер жəне бəрі де жақсы. Дегенмен ақындық 
өнердің орны бəлек тəрізді. Бəлки, бұл халқымыздың ақын атын ер-
теден-ақ ардақтап, «ел еркесі» етіп койғандығынан ба, əлде əркімнің 
өзінде жоққа құмар келетіндігінен бе – əйтеуір өз басым ақындык 
өнерге қызыға да, қызғана да (ұнамды мағынасында) қараймын. 
Əрине, тек жыр атаулының бəрі қызықтыра да, қызғанта да бер-
мейтіні өзінен өзі түсінікті. Жан тебірентер жақсы жыр ғана, атап 
айтқанда, ақылға қосары бар ойлы, жүрек жылытар сезімі мол өлең 
ғана оқырман көңіліне ұялайды, қызықтырады, қызғантады. Демек, 
сонау бір станция басында көрінген қаршадай баланың творчество-
сы жұртшылық елейтіндей сөз болып жатса, бұл да халқымыздың сөз 
өнеріне, ақындық өнерге деген қадір-құрметі, тарту-таралғысы, сый-
сияпаты, партиямыз бен үкіметіміздің қалтқысыз зор қамқорлығы 
деп бағалаймыз.
Мұзафар қазір қазақтың кəдімгі жалпақ тілімен айтқанда елуді 
еңсеріп, алпыс деп аталатын асуға қарай қадам басты. Əрине, бұл 
жасқа екінің бірі, егіздің сыңары келе береді. Мəселе жəй келуде 
емес, келе білуде, немен, қалай келуде. Ел өзінің еңбегі сіңген пер-
зснті болса, ешқашанда елеусіз, ескерусіз қалдырған емес. Демек, 
əңгіме ең алдымен еңбекте жатыр. Мұзафар қызығы да, қиындығы 
да, бейнеті де, зейнеті де мол творчестволық жұмыстан бір күн 
мойнын босатпайтын, өз талантын тынымсыз, толассыз толғаныс, 
тебіреніс арқылы, іркілмей іздену арқылы шыңдап, біртіндеп есіп, 
өндіре жазып келе жатқан жемісті қаламгер. Белгілі ақынымыз Сыр-
бай Мəуленов өз əріптесінің осы бір ерінуді білмейтін еңбеккерлігі 
мен бейнетқорлығын ескере .келіп: «Оның күндері мен айлары бе-
кер əтпепті. Жыр кітаптың жолдары... ақынның көп ізденіп, мол тер 
төгіп, табандата еңбек етіп келе жатқанын аңғартқандай. Мұзафарға 
əрбір өлең өзінің алдындағы ағаларын, үлкен əріптестерін оқып 
үйрену арқылы аса қиынға түсіп отыратыны байқалады. Əрине, ауыр 
еңбекпен өсірілген жеміс тəтті болатыны сияқты тер төге жазылған 
жыр жолдарының да абыройы мен рақаты мол болмақ», – деуінде 

264
265
көп мəн бар. Расында да толғақпен туған жырдың жақсы болмағы 
табиғи нəрсе.
Ол жаңа жаза бастаған жас емес, қаламы төселіп, ойы толысқан, 
стилі қалыптанған, отыздан аса өлең кітабын, оның ішінде екі рет 
«Таңдамалыларын» шығарып үлгірген, тіпті, бірнеше кітабын 
орыс тілінде де жариялап, Одақ оқырмандарына танылған ақын. 
Сондықтан да ол əдеби сынымыздан өзі жайында, өзінің творчест-
восы жайында пікір күтуге праволы.
Мұзафар Əлімбаев қазақ ақындарының сапына Ұлы Отан соғы-
сының жорық жолдарын артқа тастап келіп қосылды. Рас, ол май-
дан окоптарында да оқта-текте тиіп-қашып, өлең жазып жүрді. Орта 
мектептің есігін жабар-жаппаста соғыс аталатын зұлматтың алапат 
от алынына еніп кеткен жап-жас жігіттің ол кезде жазар тəжірибесі 
де, тақырыбы да тапшы-тын. Ұрыстан қажыған майдангердің көңіл 
күйі, туған жерге, елге, ата-анаға, əлі бейнесі де белгісіз болашақ 
жарға деген жүрек сыздатар солдат сағынышы т. б. сол сияқты 
сезім күйлері əп-əсем əсерлі беріле тұрса да, ол тұстағы балауса 
жыр жолдарынан ақындық емес, өлеңге деген əуесқойлық көбірек 
аңғарылатын.
Мұзафар есімі ақын ретінде жыр сүйер оқырман қауымның ау-
зына ілігіп, есте қалғаны «Қарағанды жырларынан» (1952 жылы 
жеке кітап боп шыққан) басталады десек қате болмас. Таза өлеңдік 
жағынан келгенде кейбір қатқыл-қасаңдау жолдар ол циклда да кез-
десіп қалатын-ды. Солай дегенмен де, оқырман қауым пен əдебиет 
сыншылары бұл сапар оған нағыз ақынға қояр талап пен өлшем 
тұрғысынан келгені мəлім. Кейін, 1961 жылы жарыққа шыққан 
«Таңдамалы өлеңдер» жинағына қосқанда ақынның: «...кезең-ке-
зеңнің куəсі тұтар өлеңдерімнің мазмұны мен идеялық сипатын сол 
қалпында қалдырдым да, сөз орамдылығындағы олпы-солпысы секіл-
ді селкеуі бар тұстарға қолымды қаттырақ батырдым...», – деуі де со-
дан болса керек. Ақынның өз сезімен айтқанда, бұл кез оның «увер-
тюрасы біткенмен, операсы əлі алдағы» кезі болатын. Алайда кейін 
Мұзафар жырларының құнарлы қасиеті саналған философиялық 
парасатты, ұтымды ой түюге, ол ойын көркемдік нақышпен өзгеше 
зерлеуге талпыныс, ұтқыр алымдылық пен ықшамдылық нышан-
дары алғаш рет осы тұста бой көрсеткен еді. Халыққа, Отанға, Ком-
мунистік партияға қызмет етудің жолы деп ақындық өнерді қалап 
алған Мұзафар сол кездің өзінде-ақ:
«Еңбек етер туған елге 
Ерлік жырдың іздеп кенін 
Жас ақынмын.
Демек, мен де Партиялық кызметтемін... 
Өзің сына, өзің түзет 
Жырларымды, дастанымды. 
Уа, партиям, міне жүрек, 
Өзің бекіт жоспарымды!» – 
деп жазды. Содан бері ол алған бетінен бір сəт ауған жоқ, коммунизм 
құрып жатқан қаһарман халқымен бірге аяғын тең басып, «жігіт жы-
рын» жүгірісінен тандырмай, ерлік еңбектің алдыңғы сапында ке-
леді.
Шынайы талант, шын қаламгер қашанда өзін ел көшінен жырақ 
ұстап көрген емес. Мұзафар да өз халқының күнделікті өмірінде бо-
лып жатқан əр алуан жаңалықтарды, кезең-кезең тарихи маңызы бар 
оқиғаларды, социалистік Отанымыздың ұлы тынысын ез жырының 
арқауы етіп келеді. Мейлі ол тың игеріп жатқан ұландарды жырла-
сын, мейлі Байқоңырдан ұшқан сайып-қыран космонавтарды жырға 
қоссын, мейлі тіпті таза интимдік ішкі сырларын шертсін, соның 
бəрі-бəрінде ақынның азаматтық, патриоттық пафосы, өзін ұлы істі, 
ортақ істі жүзеге асырып жатқан көптің пайдалы бір мүшесімін деп 
санайтын мақтаныш сезімі айтпай танылып тұрады.
«Сыйы мол жылдар,
Ел асқан шыңдар,
Халықтың ерлік еңбегі.
Зерек ой сəби,
Көркейген əр үй,
Жарасқан достық елдегі
Жырлатпай мені қоймайды
Жырлауға жаным тоймайды.
Алтын дəн орсаң,
Сом болат жонсаң,
Сенімен мен де біргемін.
Каналдар қазсаң,
Кітаптар жазсаң,
Сенімен менің бір демім. 
Сендерге мснің өнерім, 
Сендерге менің өлеңім».
Міне, бұл жолдар – ақынның ағынан жарылып айтқан имандай 
шын сыры.
Əдетте, Мұзафар творчествосы жайында сөз болғанда ақын 
өлеңдерінің ойлылығы көбірек айтылады. Мұның өзі – қазіргі за-

266
267
ман поэзиясы үшін аса қажет қасиеттердің бірі. Өйткені біздің 
ғасырымыздың өзі ақыл-ойдың ғасыры. Бүгінде оқып шыққан 
соң түйер түйіні, тоқып қалар салиқалы ойы болмаса, баланы ал-
дап, айнадан түскен сағым ұстатқандай жалтылдақ өлеңмен ешбір 
оқушыны емексіте алмайсың. «Мұзафар ақындығында, соның 
ішінде оның лирикалық өлеңдерінде, – дейді ақын, сыншы Əбірəш 
Жəмішев,– өзгелерден ерекше, тек Мұзафарға ғана тəн қасиет 
көрініп тұрады. Ол ақынның өлеңді қысқа қайыруы, əрі ойға құруы. 
Ақын айналаға, өмір құбылыстарына, замандас сезіміне ой көзімен 
зер салып, айтылмаған, ашылмаған қырларын аңғарғыш-ақ. Көбіне-
көп ол осынысымен ұтады».
Міне осы ой марқалығы ақынның көптеген лирикалық өлең-
дерінен айқын аңғарылып отырады. Тіпті, мұның небір тамаша 
мысалын ақынның кезкелген өлеңдер жинағынан қиналмай тауып 
алуға болады:
«Планета тұтқасындай тұрақты, 
Адам, адам жақындатқан жырақты. 
Жердің шары кетпесін деп бытырап, 
Жолмен шандып буып қойған сияқты».
Осы бір шумақ ақынның «Жолдар-жырлар» аталатын жинағына 
эпиграф ретінде алыныпты. Орынды алынған осы шумақ жинақтың 
бүкіл маңызын айқындай түскен. «Шығарма жазу ат қоюдан бас-
талады» – деп қаламдасымыз Қалжан марқұм жиі айтушы еді. Сол 
айтқандай, ат қою сияқты, эпиграф алуда да белгілі мəн бар. Сəтімен 
алынған эпиграф жасқа толған жасамыс əйел киген бас киімдей 
жарастық тауып, кітаптың немесе шығарманың бүкіл мазмұнына 
белгілі бір үйлесім, гармония жасап тұруға тиіс. Адамзат қауымын 
қауыштырып, тіл тауып табыстырушы – қарым-қатынас, байланыс 
жасау болып табылады. Жоғарыдағы шумақта жер шарын шандып 
жатқан жол осы байланыс, қарым-қатынастың символы ретінде 
алынған.
Ақынның совет адамдарының көңіл-күйлерін, мақсат-мүдделерін 
бейнелейтін өлеңдерінде де, əр кезде əр алуан жолсапарларынан 
жазған «Түркмен топырағында», «Кавказ қойнында», «Литва жырла-
ры», «Кереку гүлдерінен», «Қырғыз жырларынан» атты циклдерінде 
де оның гүл шоқтарынан бал жиған арадай, ел ішінен тəжірибе жи-
нап, ой түйетіндігі байқалады. Ал мұның өзі өнер көзі, жыр арқауы 
халықта екендігінің айғағы.
«Сапар шектім мен талай, 
Өттім жолдар торабын: 
Жолдар кинолентадай, 
Жүрегіме орадым»,– деп Мұзафардың өзі айтқандай, жоғарыдағы 
циклдердің бəрі де ақын жүрегіне оралған шырайлы да шымыр жыр 
жолдарынан құралған. Мұзафар лирикасының жалпы мазмұны 
да, əлгі аталған циклдерде айтылатын тағы бір өзекті ой арқауы 
да бауырластық, туыстык, достық пен ынтымақ. Ақынның бұл 
тақырыпқа жазған лирикаларын оқып отырғанда «есің барда ел таны» 
дейтін халық нақылы, əсіресе, ақындар үшін арнайы айтылған-ау де-
ген тоқтамға келесің.
«Ұмыта жаздасаң сен борышыңды, 
Арала атамекен қонысыңды, 
Есіз жұрт, ескі мола еске салар 
Халқыңа адал болып болысуды.
Ұмыта жаздасаң сен борышыңды, 
Арала жаңғырған жер қонысыңды: 
Қок егін. көркем шаһар еске салар 
Халқыңа коммунисше болысуды».
Талант тоқырап қалмау үшін ақынның өзіне қояр талабы да, 
өзгеге айтар ақылы да осы. Мұзафардың көптеген өлеңдерінде 
ақындық өнер мен азаматтық парыздың диалектикалық бірлігі, өнер 
адамының өмірде алар орны мен атқарар миссиясы нақтылы бейне-
леніп, езінің көз тартар көркемдігі, күншуақ жылылығымен баурап 
отырады.
Қазақ халқы езінің табиғатында ақын халық, жыршы халық де-
ген сөз тегін айтылмаған. «Əрбір қазақ – жарты ақын», – деп Жұбан 
Молдағалиев айтқандай, «ауылдың алты ауызын қонақ кəдесіне» ай-
налдырып, дəстүріне енгізген халық сөз құдіреті – өлең екенін ерте 
топшылаған тəрізді. Егер Махамбет өзінің Баймағамбет сұлтанға 
айтқандарын батырлығының үстіне ақын болмай, жəй əшейін ел 
ішіндегі көп тентектің бірі болып айтса, сол сарайдан сау-сəлемет 
шығуы неғайбыл еді. Сүйімбай ақын айтпай, əншейін Бейсембай, 
Сəрсембайлардың біреуі айтқан болса, көзін бақырайтып қойып, «ке-
зептігін» бетіне шыжғырып басқан удай ащы мысқылды Тезек төре 
көтерер ме еді, көтермес пе еді? Ал айтқан кісі ат мініп, шапан киіп, 
сыбаға жеп қайтар ма еді, əлде ат-тонын тонатып, таяқ жеп қайтар 
ма еді?! «Таяқ еттен, сөз сүйектен» өтетінін хан, төре, сұлтандар да 
сезген. Өйткені, өз орнында, өз дəрежесінде болса, əр ақынның сыр-
тында оның шын қамқоршысы, қорғаушысы халық тұратынын олар 
жақсы білген. Ал білмегендері, сезбегендері отты да, уытты ақын 

268
269
Жаяу Мұсаның «Ақ сиса» əніне іліккен Шорманның Мұстафасы 
сияқты тек өз кезі үшін ғана емес, тіпті болашақ ұрпақ алдында 
зорлық-зомбылығы айдай əлемге паш етіліп, құтылмас сөзге қалып, 
қас масқара болған жəйі бар. «Ақын – елдің еркесі, батыр – елдің 
серкесі» деген нақылға халықтың ақынға деген қаншама махабба-
ты сыйып тұр. Сондықтан да сол бір қатыгез, қытымыр заманның 
өзінде өлеңнен семсер де сескеніп, қанжар да қаймыққан тəрізді. 
Ақын Олжас Сүлейменовтің Махамбет жайында:
«О, даланың жолбарысы, көкжалы! 
Көкжал бөрі қай кезде де олжалы. 
Өзіңнен бе? Сөзіңнен бе? Əйтеуір,
Сенен кепті дейді ханның ажалы», – деуінде көп мəн бар. 
Мұзафардың:
«Ақындар – ерке халык, кіді халық, 
Шамдантсаң бүркіт сөзбен бүруі анық. 
Абайлап сөйлескен жөн адуынмен, 
Аңқылдап, құлар жерін біліп алып», – деуі де осындай ойдан 
туғандығы даусыз.
Көне заманнан бері ақынның өмірдегі орны, қоғамда атқаратын 
миссиясы мен азаматтық ролі жөнінде саналуан ақыл иелерінің 
айтқандары аз емес. Демек, бұл жөнінде оқушы жұртшылықты тағы 
бір тосын, тың пікірмен таңғалдырып тастау да қиын. Солай бола 
тұрса да, осынау жұртқа мəлім жайдың өзін «Ақын» атты өлеңінде 
Мұзафар өз өрнегі, өз бояуымен жылы да жатық жырлап берген:
«Тумайды жұртын ақын жылатуға, 
Туады жүректерді нұрлантуға. 
Өлеңін орамал ғып өтеді олар 
Көз жасын адамдардың кұрғатуға...
Қызбайды күншілердің табасына, 
Қырқыста сан жыртылар жағасы да. 
Жүрегін көпір етіп төсейді ақын: 
«Жетсін деп жұртым бақыт жағасына».
М. Əлімбаев соңғы жылдары аяқталған, тиянақты бір ұтымды 
ойды білдіретін төрт жолдық шумақтарды да (рубаи) жиі жазып 
жүр. Бұл топтағы өлеңдері де ақынның бірқатар сырларымен, 
өмірден көрген, білген, түйген жай-жағдаяттарымен таныстырады. 
Жақсылыққа жанастырып, жамандықтан жерітеді:
«Сайқалша арбап, балаша алдап генийді, 
«Зорайтып» барып, тоғайып алып, жериді. 
Тарылтып жүрген, сарылтып жүрген сол қулар 
Дүние деген керемет үйді – кең үйді».
Бұл шумаққа түсінік беріп жатудың өзі артық болар еді. Қашқан-
ның да, қуғанның да ішінде бір мезгілде жүретін əлгі «қулар» 
əркімнің-ақ өмірде көріп-біліп, сирек болса да, кездестіріп жүрген 
жандары. Жəне олар мамандық таңдап жатпайды, өмірдің қай са-
ласында да шаруашылықта да, ғылымда да, əдебиет пен өнерде де 
– кездесіп қалуы ықтимал қулар. Бірақ мұны əркім айтып жатқан 
жоқ, төрт жолға ұтымды сыйғызып ақын ғана айтып отыр. Өмірді 
жазушылық. ақындық көзбен көре біліп, бағалаудың сыры да осын-
да болса керек.
Ретті жерінде, сез арасында айта кетелік – «адамның қай мінезі 
қасиетті болса, сол мінезінің міні де болмақ»,– деп Мұхаң марқұм 
айтқандай, Мұзафардың көптеген өлеңдерінің сапасы саналған 
ойлылық кей сəтте оның мініне айналатын да кездері жоқ емес.
Ақын өлеңдеріне тағар мін, қояр кінəмізді бір сөзге сыйғызып 
айтуға тырыссақ, ол кей сəтте кездесіп қалып отыратын орынсыз 
ақылгөйлік дер едік. Мысалы, төрт жолдық шумақтардың ішінде 
философиялық ой топшылаған небір əссм жолдармен қатар, мына-
дай да өлеңдер жүр:
«Халықтан мықты батыр жоқ, 
Халықтан білгір ғалым жоқ, 
Халықтан ділмар ақын жоқ, 
Халықтан асар дарын жоқ», – немесе:
«Күні жоқта гүл – жетім, 
Гүлі жоқта жер – жетім, 
Сөзі жоқта тіл – жетім, 
Елі жоқта ер – жетім».
Əрине, осы шумақтарда айтылғандардың қатесі жоқ, бəрі де рас, 
бəрі де дұрыс. Бірақ осыны жұрт Мұзафар өлеңінен ғана оқып біліп 
пе екен? Бұл халықтың өзі əлімсақтан бері айтып келе жатқан ақиқат 
емес пе? Абзалы, ақылдылық жақсы нəрсе, ал орынсыз ақылгөйлік 
əрдайым өзін ақтай бермейді. Сар желіспен ағызып келе жатқан 
небір əсем, сарабдал суреттердің арасына аракідік кібіртік жолдар, 
жорғасынан жаңылып кеткен жылқыдай желешоқырақ шумақтар 
кіріп кететінін де құптамаймыз. Мұндай жолдар мен шумақтар 
киіз жұтқандай тұтқырланып, ауыр оқылады. Əрине, бұл шумақтар 
оқырманды еріксіз қынжылтады. Халықтың өзі əлімсақтан бері ай-
тып келе жатқан ақиқатты ұйқасқа түсіріп, əншейін ғана айта салу-

270
271
дан ақын ұтпайтындығын ескерген абзал. Демекші, тағы да осыдан 
туады-ау! Мұзафардың осіресе ертерек жазған өлеңдерінде ұйқасты 
доғалдау қайыра салу, сол (ұйқас) үшін орынды-орынсыз кісі атта-
рын кіргізе беру де кездеседі.
«Мынау Василь, Мұрекең, 
Қыран емей, кім екен? 
Анау Сабыр, Кендекең 
Қыраныңнан кем бе екен? 
Сайып қыран осылар, 
Суретіңе басып ал».
Бұл жолдардың аяғына əзіл-шыны аралас:
«Сөз түсінген ақынға 
Осыдағы жыр ма екен?» – деп қосқың келеді.
Сол сияқты поэзиялық қасиеті шамалы кейбір жыр жолдарынан 
(мысалы: «Таққұмар да баққұмар», «Кəмпитсініп шатылған», «Ой-
дым орман үйректей» т. б.) немесе
«Деп құрылысшы кіл өрен 
Құйып нұрдан кірпішін.
Ансамблі – тың өлең, 
Жаңа нақыш, түр-пішін», – деген шумақтардан да эстетикалық 
лəззат алу қиын. Творчествоның бар құпиясы мен сырын тамыр-
шыдай сезіп білетін сөз зергері Ғабит Мүсірепов ағамыз айтқандай: 
«Көркем сөзі бар болғырдың өзін орақпен орып, күрекпен 
күреп ала алмайсың! Оны бір-бірлеп тересің, бір-бірлеп тізесің! 
Жылтырағанның бəрі алтын болмай, жарқырағанның бəрі жауһар 
болмай шығатыны тағы бар». Бəлки, мұның өзі Мұзафардың ты-
нымсыз көп жазатынынан да болар. Бірақ қайткенде де, айта кет-
кен жөн, көмескі жазу мін болғанмен, көп жазу мін саналмақ емес. 
«Өлеңге жоқ демалыс» деп Сырбай айтқандай, ақынға əлі де көп жа-
зуды, жақсы жазуды тілейтініміз ақиқат. Өлеңнің техникасын, жал-
пы көркемөнердің теориясын бір білсе, осы біледі деген ақын үшін 
едəуір мін болып саналатын əлгіндей шумақтар кездеспесе екен деп 
тілейтініміз де ақиқат.
Мұзафар тек лирикалық жырлар ғана емес, «Құрбымның 
күнделігі», «Алатаудың баурайында», «Құрыш қазақ», «Көк кілем», 
«Менің Қазақстаным», «Мен де Ильичтің баласы», «Естай-Хорлан», 
«Ту тіккен» сияқты т. б. көлемді дастан, поэмалардың да авторы. 
Поэзияның бұл күрделі саласында Мұзафар есімін жақсы жағынан 
танытқан «Менің Қазақстаным», «Мен де Ильичтің баласы» атты 
лирикалық поэмалар мен «Құрыш қазақ», «Естай-Хорлан» сынды 
лиро-эпикалық дастандар дер едік. Алғашқы екі поэма – ақынның 
өзгерген өңір, көркейген өмір, жаңғырған жер, Ұлы Отан, туған ел, 
марқайған жұрт, қайта туған Қазақстан жайында шын сыр, шынайы 
ойлары, толғаныс-тебіреністері, туысқан Коммунистік партияға, ұлы 
Ленинге деген шексіз сүйіспендік ниеті, азаматтық пафоспен астар-
лас күй болып тасқындата, тербеле төгілген жыр жолдары. Мұнда 
совет азаматының патриоттық мақтаныш сезімі біз мысалға келтіріп 
отырған төменгі екі шумақтан-ақ атой салып көрініп тұрғаны дау-
сыз:
«Кеш тудым, кенже қалдым...», дей алмаймын, 
Өзімді өткенді іздеп неге алдаймын?! 
Бағым бар, болашағым – толар шағым
Партиям, өз жолыңа сенем дəйім!..
...Қадірлі Қазақстан, Отан ана, 
Есімім сенен бөлек атала ма? 
Алдыңда парызымды өтеп кетем, 
Өлсем де қарыздар боп ата-анама»
(«Менің Қазақстаным»).
Ия, ақын өз парызын өтеп келеді, өтей береді де.
Мұзафардың сюжетті поэмаларының сүйіктісі де, сүйсінтері де 
«Естай-Хорлан». Бұл ел арасына кең тараған, тарихи болған оқиға 
негізінде жазылған келемді де, көркем дастан. Халқымызға мəлім 
ақын, əнші һəм композитор Естай өмірінің бір сəтін суреттейтін бұл 
дастан сол тұстағы əлеуметтік талас-тартыстар аясында болған ма-
хаббат трагедиясын қым-қуыт оқиғалар арқылы əсерлі де əсем бейне-
леп бере білген. Жəне Естай ақын тек өз махаббатын ғана қызғыштай 
қорыған ұсақ мүдденің сақшысы боп қалмай, сол оқиғаны өрісі кең 
əлеуметтік мəселе тұрғысында топшылап, жалпы əділетсіздікке 
қарсы күрескер дəрежесіне көтеріле білген кейіпкер ретінде көрінген. 
Үстем тап өкілдерінің, дала мен қала жыртқыштарының жауыздығы 
салдарынан сүйген қызы Хорланнан айрылған Естай зары – «Əн Хор-
лан» болып əлемге қанат қағып, қазақтың байтақ даласына тарап, 
өнер туындысы ретінде өшпеске, өлмеске, мəңгілікке бет алуының 
өзі осыны дəлелдейді.
Мұзафар Естай өмірінің бір ғана сəтінен, дəлірек айтқанда, «Хор-
лан» əнінің туу тарихынан, жұртшылық құмарта оқитындай айқын 
бояулы дастан жасап шыққан. Бəлки, бұған автордың Естайды 
көзбен көруі, сол ортада туып-өсіп, сол өлкенің ішкі-сыртқы сырына 

272
273
əбден қанықтығы да септігін тигізген болуы керек. Əйтеуір, қалай 
болғанда да, ер жігіт пен қыздың арасында болуы мүмкін сəтсіз 
аяқталатын махаббат сияқты сырт қарағанда кішкентай ғана болмашы 
дүниеден өнер туындысының өміршеңдігі жайында философиялық 
ой түйіндеген оқиғалы көркем дастан жазып, əрі оны жақсы жазып 
шығу да қалам ұстағанның екінің бірінің қолынан келе бермейтіні 
даусыз. Поэма, сөз жоқ, ақын творчествосындағы өркешті, сəтті де 
көркем туынды. Сөзіміз дəлелді болу үшін бір-екі мысал келтірейік. 
Əрине, əркімге өз туған жері, өскен топырағы көрікті де, қымбат та 
болмағы заңды нəрсе. Ақын өзінің туған жерінің көркін былайша 
суреттейді:
«Көк талы көк шапанды келіндердей, 
Жидегі ер сүймеген еріндердей, 
Толқиды қызыл шілік шымылдықтай, 
Ақ қайың жалтылдайды өңін бермей.
Қақтаған күміс түйме шалғайында – 
Қаптаған көкшіл көлдер өн бойында. 
Айдын ба, аққу-қаз ба, айырмассың, 
Өспесең Маралдының маңдайында.
Іргелес даласында Құлындының, 
Құнардан арылмайды құны мұның. 
Қыртысы майлы женттей туырылған 
Еңбегін еш етпеген тұлымдының».
Бұл тек кір жуып, кіндік кескен жерін қызықтаған субъективтік 
сезімнен ғана туған шумақтар емес, бір қараған адамның қандайын 
болса да ортақтастырар, көркіне көз тойғысыз əсем көрініс, бұлықсып 
тұрған сəнді сурет.
Немесе, революциядан бұрын театры, киносы, циркі мен стадио-
ны жоқ, көңіл көтерер басқадай қызығы жоқ кешпенді қазақ аулын-
да анда-санда болатын айт пен той, ас беру мен алтыбақан басы 
сияқты дырду жиындар еңсені басқан тұнжыр тірлікке аз да бол-
са, бір өзгеріс енгізгендей, ептеп серпілтіп, желпіндіріп тастайтын. 
Сондықтан да оған, əдетте, бай мен бағлан да, тоқтар мен жоқ-жітік 
те, кедей-кепшік те, жас та,жасамыс та ағылып бара беретін. Тегінде, 
«той дегенде қу бас домалайды» деген халық нақылы да сондайдан 
туған болуы керек. Мұзафар осы поэмасында той-думанның да та-
маша суретін жасапты:
«Дуылдап Маралдының атырабы, 
Бір қыздың тойы болып жатыр əлі.
Таянған таяғына сырт буын да, 
Ұйықтамай таңды кезбен атырады...
Мүшеден дəмесіз де дəмелі дə, 
Осында ой елі де, тау елі де: 
Сүйіндік, Апай-Бөрі, Қозған-Қақсал, 
Қыпшақ пен Бұқа-Күбір, Сəмегі де...
Осында обаған көз обыры да, 
Осында жегін өгіз момыны да, 
Осында бір тойынып кетейін деп, 
Келіпті кедей-кепшік шоғыры да...».
Бұл шумақтардан біз «Құлагер» дастанында Сағынайдың асын 
суреттеген Ілияс ағамыздың қалам сілтесін көргендей боламыз.
Мұзафар Əлімбаев сонымен бірге балалар əдебиетіне де ат са-
лысып, үзбей əрі өндіре жазып келе жатқан ақындарымыздың бірі. 
Тіпті оның балаларға арнаған өлеңдерінің өзі (тек таңдамалылары 
ғана) 1973 жылы «Балдəурен, шіркін, балалық» атты кітап боп жеке 
басылып шықты. Мұзафар балалар бақшасындағы бөбектерден бас-
тап, октябряттарға, пионерлерге, комсомол жастарға дейін өлең жа-
затын ақын жəне ол осылардың əрқайсысының жас мөлшеріне лайық 
тіл тауып сырласып отыруға өте шебер ақын. Ол əлде біреулердей 
бөбектерге жалаң дидактикалық уағыз айтудан бойын əрдайым 
аулақ ұстап, ең кішкентай оқырманына (оқырманына емес-ау, бəлки, 
тіпті тыңдаушысына) елеусіз, байқатпай отырып, өмір тəжірибесін 
үйретеді, ұтымды ойға баулиды, дүние танымын кеңейтуге тырыса-
ды. Мəселен, ақын «Он саусақ» атты өлеңінде:
«Жалғыз саусақ тіпті де, 
Ұстай алмас жіпті де. 
Екі саусақ бірікті, 
Ине қолға ілікті. 
Үш саусағым орамды, 
Жүгіртеді каламды... 
Өнерлі екен он саусақ, 
Қала салсақ, жол салсақ...», – дейді. 
Осының езінде ақын ұйымшылдықпен бірлесіп істеудің 
пайдалылығын, бір кезде өзі ұсынып, кейін газетке рубрика бо-
лып кеткен фраза – «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» болатындығын 
бөбектерге байқатпай отырып баяндайды. Мұндай мысалдарды 
көптеп келтіруге болады. Мəселе оның алғашқы ашылуынан бастап 
республикамыздың бөбектерге арналған «Балдырған» журналының 

274
275
бас редакторы боп қызмет атқарып келе жатқандығында ғана емес. 
Оның бөбектерге арнап жазған жырлары, жаңылтпаш, жұмбақтары 
өзінің қысқа тұжырымдылығымен, ойлылығы һəм көңіл ашар 
ойнақылығымен баурап, тартып отырады, жас жеткіншектер-
ді тіл ұстартуға тəрбиелейді. Тəрбие демекші, ақын əрі журна-
лист Мұзафардың коммунистік тəрбиенің келелі мəселелері тура-
лы өз ойларын ортаға салған, жас жеткіншектерді баулып өсіруде 
мектептің, ұстаздың, ата-ананың ролі қандай екендігін пайымдаған 
«Тəрбие туралы əңгімелер» деп аталатын кітабы да өз алуанымен 
өзгеше қызықты. Мұнда мораль, этика мəселелері де шағын мы-
салдармен тартымды сөз болады. Мұның өзі ақынды журналистік, 
публицистикалық қырынан көрсетсе, ал қазақтың мақал-мəтелдері 
жайлы кітабы – əдебиетті ғылыми зерттеу ісі де оның оң жамбасына 
келетінін танытқан құнды да елеулі еңбек. Мұзафар əн текстерін де 
көп жазып əрі жақсы жазып жүрген ақындарымыздың бірі. Оның 
өлеңдеріне жазылған көптеген əн қазір қазақ жастарының сүйіп 
айтатын əндері болғаны баршамызға мəлім. Бұған мысал ретін-
де ұлы жазушымыз Мұхтар Əуезовтің «Өскен өркен» романында 
«Ақмаңдайлым» əні жөнінде айтылған тамаша жылы лебіздерді еске 
алудың өзі жеткілікті.
Міне, осының бəрі де каламгер талантының көп қырлы, жан-
жақтылығын, диапазонының мол, құлашының кеңдігін сыйпаттай-
тын кұбылыстар деп білеміз. Сонымен қоса оның жаңа талап, жас 
қалам несінен ақыл-кеңесін, керек жерде жəрдемін аямайтын жан 
жомарттығы да жеткілікті. Тіпті қазірде танымал болған бірқатар 
жас ақындардың оны көзіне де, сыртынан да Мұзаға деулерінде 
осындай себеп бар секілді. Өз жырының лебіндей жайдары, жарқын 
қабақ, жайсаң мінез оны азаматтық, адамгершілік тұрғысынан тағы 
да əрлендіре, көріктендіре түседі. Екі жинағы жарыққа шықса, жал 
біткен жабы жылқыдай мінезіне қол апартпай құтырынып тұратын 
тарпаңдық Мұзафарға мүлде жат. Міне, дəл осындай қалпын бұзбай 
сақтап келе жатқан ақын қаламында əлі де енжарлыққа орын жоқ. 
Сондықтан да ақынға жаңа творчестволық табыс, ұзақ өмір тілей-
міз.
1978.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет