Бейорганикалық химияны оқыту әдістемесінің жазбаша емтихан сұрақтары


Оқушылардың жалпы химиялық және политехникалық ойларының дамуы, диалектика-материалистік көзқарастарын қалыптастырудың маңызын түсіндіріңіз



бет25/47
Дата07.02.2023
өлшемі170,06 Kb.
#65741
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47
Байланысты:
Бейорганикалы химияны о ыту дістемесіні жазбаша емтихан с ра

34.Оқушылардың жалпы химиялық және политехникалық ойларының дамуы, диалектика-материалистік көзқарастарын қалыптастырудың маңызын түсіндіріңіз.
Политехникалық білім деп өндірістің барлық негізгі үрдістерімен таныстыратын, сонымен бірге оқушыға немесе жеткіншекке барлық өндірістің ең қарапайым құралдары мен пайдалану дағдыларын беретін оқуды айтады. Политехникалық оқудың негізі — ғылыми білім, сондықтан оны жүзеге асыру — ең алдымен білімнің сапасы үшін күрес. Политехникалық оқу кәсіби оқудың ешбірінің орнын баса алмайды. Бірақ жалпы техникалық ой - өрісті дамыта отырып, өндірістің барлық жүйесінің жӛнін білдіреді де қандай мамандықты болса да меңгеруді жетілдіреді, мамандықты еркін тандап алуға мүмкіндік береді. Политехникалық оқу — сарамандық дағды және алған білімді іс жүзіңде қолданудағы іскерлікгің бір-бірімен байланыс жүйесі. Политехникалық білім көптеген пәндердің байланыс бірлігінде жүзеге асырады. Оқушыларға адамдардың қажырлы еңбегімен таныстыра отырып, еңбектің әр түрлеріне балаларды өздерінің тікелей қатынасуын ұйымдастыру арқылы политехникалық оқу еңбекке, қоғамдық меншікке қарым – қатынас жасау, ұжымдық, жолдастық, өзара көмектесушілік, тәртіптілік, көздеген мақсатқа жетуге ұмтылушылық, ерік күші, табандылық, еңбекке ептілік, техникалық тапқырлы сияқты аса маңызды тәрбиелік міндеттерді ойдағыдай шешу көмектеседі. Политехникалық оқу жалпы білім беру жөніндегі міндетті бәсеңдетпеуі тиіс, қайта керісінше, табиғат заңдарын өңдіріске қолданудың толып жатқан түрлерімен, техниканың табыстарымен оқушыларды таныстырып, сонымен бір оқушыларды теориялық білімді тәжірибеде қолдану жаттықтыра отырып, арттыра беруге жәрдемдесуі керек. Қазіргі кездегі жалпыға бірдей орта білімнің мазмұны мен құрылымын мынадай тӛрт жүйеге топтауға болады: 1. Химия негіздері мен химия технологиясының білім жҥйесі, олар: теориялық, әдіснамалық, қолданбалы болып бӛлінеді. Бұлар химияның жалпы және политехникалық білім жүйесінің негізін құрайды, табиғаттың танымдық бейнесі жӛнінде ұғымдар береді. 2. Химиядан білім берудегі іскерліктер мен дагдыларды қалыптастыру жҥйесі. Ол оқушылардың оқу-танымдық қызметін қамтамасыз етіп, алған білімдерін өмірде, күнделікті тұрмыста қолдана білуге үйретеді. 3. Іс жузінде жинақталған танымдық, қолданбалы тәжірибелер жүйесі. Ол шығармашылық қызметті, күрделенген оқу-танымдык, мақсаттарды шешеді. Сонымен қатар бұл — химиялық біліктер мен іскерліктерді меңгеруді, қолдана білуді, шығармашылық дербестікті қажет ететін оқушылар әрекеті. 4. Қоршаган орта мен арадағы қарым-қатынас жүйесі. Табиғат байлығын аялап, қорғау адамның басты міндеті, ол мектеп қабырғасында жүзеге асады. Мектептік химия курсының мазмұнына осындай негізгі мәселелердің енуі, оқытудың жалпы мақсаттарын анықтайды. Сонымен қатар оқытудың мазмұнын мектепте "неге үйрету керек" деген сұраққа жауап беру арқылы анықталады. Оқу пәнінің мазмұнына сабақта оқушылардың меңгеруіне қатысты білім мен дағдылардың көлемі кіреді, сондай-ақ білімді қабылдау, жүйелеп меңгеру аппараттары (бақылау сұрақтары, жаттығу мен есептер, әдістемелік нұсқаулар) енеді. Оқу пәнінің мазмұнына, білімнің жалпы пәнішілік және пәнаралық байланыстары кіреді. Оқу пәнінің құрылым химиялық білімнің бағыттары мен құрам бөліктеріне тәуелді. Оқу пәнінің негізгі мазмұны химияның оқу бағдарламасында көрсетілген. Білімнің мазмұнын анықтау - өскелең ұрпақты неге үйрету, сондай – ақ оқыту мақсатын анықтау мәселелерін шешу деген сөз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет